Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Шу облысы Аламудун ауданына қарасты Таш-Мойнок ауылдық округіне қарасты Прохладное таулы ауылы маңында қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бір АКС-74, бір ТТ жартылай автоматы және 5,425 калибр және 20 дана оқ тауып, тәркіледі. — Атыс қаруын бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері елдегі саяси өтпелі кезеңде қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін қолданған, — делінген хабарламада. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қарулардың бұрын жасалған қылмыстарға қолданылғаны туралы айғақтар анықталды. Kazinform бұған дейін Бішкекте құқық қорғау органдары қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасын тапқанын хабарлаған.
Автор: qaztimes
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылын Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасы тротуар мен веложолдары бар алты жолақты жолды қамтиды. Оның жалпы ұзындығы — 2,3 шақырым. Нысанның құрылысы үшін қажет 220 жер учаскесінің қазір 183-і сатып алынған. Сондай-ақ Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту үшін де жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы — 3,9 шақырым. Бүгінде 365 жер учаскесінің 120-сы сатып алынған. Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мегаполистің Абай, Саин, Рысқұлов, Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстарының нақты мерзімдерін атады: — Абай даңғылы (0,6км) мен Саин көшесін (3,2 км) ұзарту…
Бұл жағымды жаңалық Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) озон бюллетенінің жариялануымен қатар айтылды. Бюллетень 1985 жылы озон қабатының тозуын жаһандық қауіп ретінде алғаш мойындаған Веналық конвенцияның 40 жылдығына орай шығарылды. Соңғы зерттеулер Антарктида үстіндегі озон қабатының жай-күйі соңғы жылдары айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Бұл — оның ұзақмерзімді қалпына келу үрдісінің бір бөлігі. Мұндай жақсарудың бір бөлігі табиғи атмосфералық өзгерістерге байланысты болса да, ғалымдар негізгі себеп ретінде хлорфторкөміртектер (ХФК) деп аталатын зиянды химиялық заттарды біртіндеп пайдаланудан бас тартуды атап өтеді. Жер бетінің бірнеше шақырым биіктігінде орналасқан озон қабаты тіршілікті зиянды ультракүлгін (УК) сәулелерден қорғайды. Ол болмаса, тері обырының, катарактаның, иммундық жүйе бұзылыстары мен экожүйелердің…
— Шұға Сәдуақасованы ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1,4- тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік сектер субьектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Сонымен қатар сотталушының жазасын өтеу орнын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп білгілеуді сұраймын. Сотталушыға қолданылған ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертіп, сот залынан қамауға алуды сұраймын, — деді прокурор. Сонымен бірге сотталушыдан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге мәжбүрлеп өндіруді сұрады. Ал заттай…
Ол «Жасанды интеллект туралы» қабылданған заңды азаматтар мен мемлекетті қорғауға бағытталған алғашқы қадам деп атап өтті. Еуропада жасанды интеллект саласындағы заңнамалар авторларының бірі саналатын Хенрик фон Шейл соңғы жылдары Қазақстан экономика саласында айтарлықтай жетістікке жетіп, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстарды нығайтқанын атап өтті. – Бұл – мақтануға тұрарлық жағдай. Алдағы он жылда жасанды интеллект Қазақстанды түбегейлі өзгертеді. Сіздердің осы салаға қазірден бастап ерекше көңіл бөліп жатқандарыңыз өте құптарлық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ЖИ заңнамаларын зерттей келе, Қазақстан тәжірибесі мені таңғалдырғанын айта аламын. Себебі сіздер Еуропалық Одақтың ең озық тәжірибесін қолдана отырып, тәуекелдерді бағалай алдыңыздар. Нарықтың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жолдарын ойластырдыңыздар…
Дүбірлі додаға 23-25 қыркүйек аралығында 20 елден 113 спортшы қатысты. Олардың арасынан 19 жастағы отандасымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Еліміздің атынан әлем чемпионатына Ксениядан өзге Әмина Қайырбекова және Лия Құрманғалиева барған еді. Дүбірлі додада Ксения сенімді түрде көш бастады. Шешуші күні өзбекстандық Умида Омоновадан басым түсті. Одан кейінгі екі ойында тең түсіп, чемпион атағын жеңіп алды. Қорытынды нәтиже: 1. Ксения Балабаева (Қазақстан) – 7 ұпай 2.Афруза Хамдамова (Өзбекстан) – 6½ ұпай 3. Варвара Полякова (FIDE) – 6½ ұпай 7. Әмина Қайырбекова — 6 ұпай 12. Лия Құрманғалиева — 5 ұпай. Еске салсақ, бұдан бұрын шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9…
Тасымалдаушының ресми сайтында көрсетілгендей, әрбір жолаушыға тек бір сыртқы аккумуляторды, сыйымдылығы 100 ватт-сағатқа дейін, өзімен бірге алу рұқсат етілген. Құрылғы тек қол жүгінде болуы керек, багажға өткізуге болмайды. Сонымен қатар, ұшу кезінде құрылғыны қолдануға немесе зарядтауға болмайды. Оны тек орын астында немесе алдыңғы креслоның қалтасынан сақтау керек, багаж сөресінде емес. Зақымдалған немесе артық зарядталған аккумуляторлар қызуы мүмкін, бұл өрт, жарылыс немесе улы газдардың бөлінуіне әкелуі ықтимал, сондықтан жаңа шаралар жолаушыларды ықтимал оқиғалардан қорғау мақсатында енгізілген. Emirates бұрын хабарлағандай, жаңа ережелер бойынша ұшаққа ең көп дегенде 15 жеке электронды құрылғы — ноутбук, планшет, телефон және т.б. — жеке орамда алып кіруге…
Алматы қаласының мәдениет басқармасының мәліметінше, бұл — кейінгі жылдардағы алғашқы төл және Қызыл кітапқа енген сирек түрді сақтауға қосылған маңызды үлес. — Амур жолбарысы жойылып кету қаупі бар түрге жатады. Сондықтан мұндай жануарлардың зообақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтауда және популяцияны қорғауда аса маңызды рөл атқарады. Жолбарыстар жұбын қалыптастыру оңай емес: табиғатынан олар — жалғыз жүретін жыртқыштар. Зообақ мамандары жолбарыс серігін мұқият таңдап, вольерді дайындап, жануарлар өздерін қауіпсіз сезінетін жағдай жасады. Соның арқасында сау төл алуға мүмкіндік туды, — деп хабарлады басқармадан. Фото: Алматы әкімдігі Жолбарыс күшіктері 14 маусымда дүниеге келіп, алғашқы айларын арнайы тыныш аймақта өткізген. Бұл — шу мен сыртқы дыбыс пен…
Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Кеген ауданындағы нысандарға осы апта жылу берілген. Ал Райымбек ауданында келесі апта, 29 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады. — Облыстың өзге аудандарда жылуды 15 қазанда немесе ауа райы режиміне сәйкес беру жоспарланған, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу қандай нысандарға бірінші берілетінін жазғанбыз. Алдымен балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге, әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі. Одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер қосылады. Үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар қамтылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан:«Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс» — Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды.Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City…