Британдық BP мұнай-газ компаниясы өзінің жылдық энергетикалық болжамында мұнай тұтыну 2050 жылға қарай тәулігіне 83 миллион баррельге жетеді деп есептеді. Бұл өткен жылғы әлемдік тұтынуды тәулігіне 77 миллион баррель деңгейінде болжаған болжамнан 7,2 пайызға жоғары. Энергия тұтынудың ағымдағы траекториясын ескере отырып, табиғи газға деген сұраныс 2050 жылға қарай жылына 4 806 миллиард текше метрге жетуі мүмкін, бұл бұрынғы бағалаудан 4 729 миллиард текше метрден 1,6 пайызға жоғары. Бұл 2050 жылға қарай әлемнің көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі екіталай дегенді білдіреді. Жаһандық климаттық мақсаттарға жету үшін мұнайға сұраныс әлдеқайда ертерек және одан да маңыздырақ – 2050 жылға қарай тәулігіне шамамен 34 миллион…
Автор: qaztimes
Ақтөбеге ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев келді. Тұрғындармен кездесуде ауа райының ластануы, түрлі қалдықтарды жою, кәріз-сорғы стансасының құрылысы жайлы сөз болды. Тұрғындар мен табиғат жанашырлары алдымен ластанған атмосфера туралы сұрады. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі — Елімізде ТОП-50 тізімі бар. Бұл тізімге экологияға залал келтіріп тұрған ең ірі өндіріс орындары енген. Қоршаған орта эмиссиясының 80 пайыздан астамы осы ТОП-50 компанияға тиесілі. Соның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, ERG компаниялар тобына кіретін зауыттар мен өзге мұнай компаниялары бар. Қазіргі кезде осының ішінен ERG компаниялар тобына кіретін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ең үздік қолжетімді техникаларды енгізіп жатыр. Алдағы 10 жылдың ішінде…
Халықаралық қаржы институты (IIF) хабарлағандай, жылдың бірінші жартысында жаһандық қарыз 21 триллион доллардан астамға өсіп, жалпы көлемі 337,7 триллион долларға жеткен. Қарыздың долларлық өсімі ең көп тіркелген елдер: Қытай, Франция, АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Жапония. Бұл өсімнің бір бөлігі — 2025 жылдың басынан бері АҚШ долларының негізгі сауда серіктестерінің валюталарына қатысты 9,75%-ға әлсіреуінің салдары. IIF өзінің Global Debt Monitor атты есебінде: — Бұл өсім 2020 жылдың екінші жартысындағы пандемиямен күреске бағытталған шаралар кезінде болған күрт өсіммен салыстыруға болады, — деп атап өтті. Қарыздың ЖІӨ-ге (жалпы ішкі өнімге) қатынасы — яғни қарызды өтеу қабілетінің негізгі көрсеткіші — бойынша ең үлкен өсім Канадада, Қытайда, Сауд Арабиясында және…
Қазақстандық футболшылар қазан айында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойын өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енгізілген. Қазақстан құрамасы: Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі – «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»). Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»),…
Жұқтырғандардың басым көпшілігі ерлер — олар ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетіндер. Өткен жылы науқастардың тек 7,6%-ын әйелдер құраған. Алайда RKI мәліметінше, 2023 жылмен салыстырғанда гетеросексуалдық қатынас арқылы жұққан жағдайлардың үлесі сәл артқан, ал ер адамдар арасындағы қатынас арқылы жұққан жағдайлардың үлесі керісінше, аздап төмендеген. Науқастардың орташа жасы — 41 жас. Жұқтыру қаупі ең жоғары ірі қалалар — Берлин, Гамбург, Кёльн, Франкфурт-на-Майне және Мюнхен. Мерез жұқтырғандардың шамамен жартысында ауру белгілері байқалады. Аурудың үш сатысы болады. Бірінші сатысында, жұққаннан кейін бірнеше күн немесе апта ішінде, ауыз қуысында немесе жыныс мүшелерінде шағын жаралар пайда болады. Екінші сатысында – алақан сияқты дененің әртүрлі жерлерінде…
Егер өтініш қабылданса, ЕО елдерінде тек түрік рецепті бойынша дайындалған тағам ғана «донер кебаб» атауын пайдалана алатын еді. Ал Еуропада кең тараған басқа рецепттер бұл атаудан айырылады. Аталған бастама, әсіресе Германияда алаңдаушылық тудырды. Себебі бұл елде донер кең тараған көше тағамдарының бірі саналады. Германия донер өндірушілер қауымдастығының өкілі Эрдоган Кочтың айтуынша, өтініш мақұлданса, жағдай ауыр болар еді. – Германияда сатылып жатқан донердің 95 пайызын сөрелерден алып тастауға тура келер еді, – деді ол. Түркия өтінішінде тыйымға іліккендердің қатарында сиыр етін пайдалану, маринад түрлерін қолдану, дәмдеуіштер мен етті дайындау тәсілдері де бар. Мұндай жағдайда еуропалық döner өзінің үйреншікті дәмі мен сыртқы…
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 3 жасар қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер тексере келе оның басынан, денесінен ауыр жарақаттар алғанын анықтаған. Оған жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеген, сөйтіп сәби алған жарақаттарынан көз жұмды. -Аталған қылмысты жасауы мүмкін күдікті ретінде оның әкесі ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен. Осыған дейін Павлодар облысында онкологиямен ауыратындар саны азайып келе жатқаны туралы жаздық.
Бұл шешімге үкіметтің ұсынысын Социал-демократиялық партия қолдағаннан кейін қол жеткізілді. Келісім Тарту қаласындағы түзеу мекемесінде 400 орынға дейін пайдалану мүмкіндігін қарастырады, бұл шамамен 600 тұтқынды орналастыруға мүмкіндік береді. Алғашқы сотталғандарды 2026 жылдың жазында көшіру жоспарланған. Бұл шешім Швециядағы түрмелерде орын тапшылығы туындауына байланысты қабылданды. Себеп – ауыр қылмыспен күрес аясында ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазаларының көбеюі. Швецияның түрме және пробация қызметі мен кәсіподақтар орын тапшылығы қызметкерлер мен сотталғандар үшін елеулі қауіп төндіретінін бірнеше рет ескерткен болатын. Социал-демократиялық партия өкілдері шетелден түрме орындарын пайдалану шешімін жалпы сәтсіз деп бағалап, жаңа түрмелердің құрылысына жедел кірісуге шақырады. Олардың пікірінше, үкімет Швеция аумағында…
Жаңа шешімге сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған Қостанай қаласының бюджеті қайта бекітілді. 2025 жылға арналған кірістер көлемі 119 млрд 846 млн 807 мың теңге болып айқындалды. Оның ішінде: – салықтық түсімдер – 85 млрд 802 млн 82 мың теңге;– салықтық емес түсімдер – 574 млн 937 мың теңге;– негізгі капиталды сатудан түсімдер – 11 млрд 774 млн 984 мың теңге;– трансферттер – 21 млрд 694 млн 804,2 мың теңге. Шығыс бөлігі 130 млрд 120 млн 10,1 мың теңгені құрады. Таза бюджеттік кредиттеу – 335 млн 706 мың теңге, ал қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 млрд 674 млн 439,3 мың…
Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.Форумның негізгі мақсаты — Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілетіп, мемлекеттік қызметшілер арасында Заң мен тәртіптің орнығуына айрықша ықпал ету. Мұнда әсіресе Әдеп жөніндегі уәкілдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Іс-шараның ашылуында Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан: «Заң және тәртіп» — мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл —…