Автор: qaztimes

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,3 млн тонна шөп (жоспардың 99,4%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,1%), 2 млн тонна құрамажем (37,3%), 1,6 млн тонна сабан (81,1%), 3 млн-нан астам тонна сүрлем (65,5%) дайындалды. Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында, сондай-ақ Жетісу облысында жоспар орындалғаны байқалады. Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Бұған дейін мал азығына ерте қамданған өңірлер туралы жазғанбыз. 

Read More

Сондай-ақ мәлімдемеде Газа секторындағы жағдайға байланысты аймақтардан балаларды эвакуациялаудың қашан жүзеге асырылатыны белгісіз екені, алайда қазір үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған. Пациенттердің тізімін жүргізетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен іріктеу жұмыстары тығыз ынтымақтастықта жүргізіліп жатыр. Үкімет таңдалған балалар мен олардың отбасы мүшелері қауіпсіздік тексеруінен өтетінін айтады. Келгеннен кейін олар баспана алу рәсімдеріне өтуі тиіс. — Үкімет жұмысты ұйымдастыру және тасымалдау шығындарын өтейді. Ал медициналық шығындарды балаларды қабылдайтын Швейцария кантондары немесе ауруханалар өз еріктерімен көтереді, — деп қосты департамент. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадан эвакуациялау үшін шамамен 19 000 пациентті тіркеді. Оның 4 мыңы бала. Олардың көбінде денсаулығына қауіп төндіретін жарақаты бар…

Read More

-Біз қарусыздану бойынша келісімдердің уақытының мерзімін ұзартуды қолдаймыз, -деді ол өзіне қойылған сауалға жауап бере отырып. 22 қыркүйек күні Путин Ресейдің Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту келісімі мерзімінің 2026 жылдың ақпанында аяқталғанынан кейін жыл бойына аталған құжаттың орталық шектеулерін ұстануға дайын екенін мәлім етті. Бұл ретте ол тура осындай талаптарды АҚШ-тың да орындауы қажеттігін ескертті. Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Путиннің ұсынысы жөнінде хабардар екенін, келісім мерзімі аяқталған соң, осы мәселеге қатысты пікір білдіретінін жеткізді. Осыған дейін БҰҰ жиынында не айтылғаны туралы жаздық.  

Read More

-2025 жылғы 27 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Алматы, Атырау, Өскемен қалаларында күтіледі,-делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.  

Read More

Ролик авторы өзенді жақын маңда орналасқан сауда ойын-сауық орталығы ластауы мүмкін деп күдік келтіріп отыр. Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі өзіне тағылған айыппен келіспейді. Олар өздерінен шығатын судың орталықтандырылған қалалық кәріз желісіне жіберілетінін айтады. -Біз халықтың алаңдаушылығын жақсы түсініп отырмыз. Алайда біз қолданатын су арнайы құрылғылардың көмегімен тазартылады. Сондай-ақ «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығынан шығатын шаруашылық, өндірістік мақсаттағы судың тек қалалық орталықтандырылған кәріз жүйесіне ғана жіберілетінін мәлімдейміз. Сол себепті біздің тараптан лас суды Қошқарат өзеніне жіберіп жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді,-деп мәлімдеді «Shymkent Plaza» орталығының өкілдері. Қалалық ортаны дамыту басқармасы мәселенің бақылауға алынып, тиісті шаралар қолданылатынын айтты. Ал экология…

Read More

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Концерттік бағдарламада әншінің репертуарындағы халық әндері мен төл туындылары шырқалды. Көрерменге оның ұлттық өнерге қосқан баға жетпес еңбегі мен өнегелі жолы насихатталды. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі -Әншінің шығармашылығы қазақ музыкасының тарихындағы тұтас дәуірді қамтиды. Ол ұмыт болған, сирек орындалатын халық әндерін қайта тірілтіп, тыңдарман жүрегіне жеткізе білді. Сонымен қатар қазақ өнерінің абыройын алыс-жақын шет елдерде де асқақтатты. Атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур сынды мемлекеттерде өткен концерттік сапарларында ұлттық ән өнерін таныстырып, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына…

Read More

Конференцияда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов киберқылмысқа, әсіресе интернет-алаяқтыққа қарсы күрес халықаралық деңгейдегі маңызды міндет екендігін атап өтті. — Киберқылмыс — қазіргі қоғамның негізгі қатерлерінің бірі. Ол шекара талғамайды, өзгерістерге тез бейімделеді және оған қарсы күресте бірлескен күш-жігерді талап етеді. Біз тек халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу арқылы ғана азаматтарымызды, әсіресе балаларды, цифрлық кеңістікте тиімді қорғай аламыз. Бұл Мемлекет басшысының жасанды интеллект пен елдің цифрлық трансформациясын дамыту жөніндегі тапсырмалары, сондай-ақ жаңа қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимылды күшейту бойынша Ішкі істер министрінің бастамалары аясында ерекше өзекті, — деп атап өтті Бауыржан Әленов. Фото: ҚР ІІМ Конференцияға 18-ден астам мемлекеттің өкілдері киберполиция қызметкерлері мен мемлекеттік…

Read More

— Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп есептейміз. Біз, «Athletes 4 Peace» бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді халықаралық құқыққа сай болғанша және бейбіт тұрғындарды өлтіруді және жаппай аштыққа ұшыратуды тоқтатқанша барлық жарыстардан дереу шеттетуге шақырамыз, — делінген «Спортшылар бейбітшілік үшін» ұранымен жарияланған мәлімдемеде. Мәлімдемеде өткен айда Израиль Газаның оңтүстігінде гуманитарлық көмек күтіп отырған бейбіт тұрғындарға шабуылы кезінде палестиналық Пеле деген атпен белгілі Сүлейман әл-Обейдтің өткен айда қаза болғаны айтылды. Бұл туралы Палестина футбол қауымдастығы мәлімдеген. Еске сала кетейік, Microsoft Израиль әскеріне қызмет көрсетуді тоқтатты. 

Read More

Оқушы жыбырлаған дернәсілдерді видеоға түсірген. Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен бейне жазба облыс тұрғындарының ашу-ызасын тудырды. Кадрларда мектеп нан өнімдерінің ішінде бір нәрсенің қозғалып жатқаны анық көрінеді. Instagram желісіндегі видеоға ашуланған халық тез арада тергеу жүргізуді талап етті. Мектеп оқушыларының ата-аналары жергілікті билікке хабарласып, түсініктеме беруді талап етті. Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Күзбаев жағдайға қатысты пікір білдірді. — Жарияланған бейнежазбадан хабардармыз. Мектептің ата-аналар комитетімен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатыр. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне ресми сауал жолданды. Санитарлық тексеріс қорытындысы бойынша мектеп асханасын жалға алушыға ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады, — деді бөлім басшысы. Тексеру нәтижесі әлі жарияланбады. Аудан тұрғындарының алаңдаушылығы артып…

Read More

Euronews хабарлауынша, Bosch 2030 жылға қарай автокөлік бөлшектері бизнесінде шамамен 13 000 жұмыс орнын қысқартады, бұл оның әлемдік жұмыс күшінің шамамен 3% құрайды. Компанияның, әсіресе Штутгарт аймағындағы бас кеңсесі қатты зардап шекті, ал Фейербах және Швибердинген сияқты аудандарда тағы мыңдаған жұмыс орындары қысқартылады. Инженерлік алпауыт еуропалық автомобиль өнеркәсібі құлдырауын жалғастырып жатқандықтан, өзінің 2,5 миллиард еуро шығынын «мүмкіндігінше тез» өтеуді мақсат етіп отыр. Компания зардап шеккен қызметкерлермен дереу келіссөздерді бастайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, Германия жасыл энергетикаға берілетін субсидияларды қысқартқысы келеді.

Read More