Автор: qaztimes

Бүгінде Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз кіре алады, ал 30 мемлекетпен тікелей әуе рейстері ашылған. Келер жылдары Токио, Сингапур, Нью-Йорк қалаларына ұшақ қатынай бастайды. ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр елімізге 15 миллионнан астам турист келген. Ал биыл жыл басынан бері 7,5 миллион шетелдік туристік мақсатта келген. Фото: Kazinform – Туризм саласына қызығушылық артқанын кәсіпкерлердің инвестиция салғанынан байқап отырмыз. Осы жартжылдықта жеке кәсіпкерлер 600 млрд теңгеге дейін қаражат салған болатын. Аталған көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 27 пайызға артып отыр. Демек, бұл жерлерде жаңа жұмыс орындары пайда болады, ол арқылы жергілікті жерге салық өсімі болады. Сондықтан туризмнің экономикаға тікелей пайдасы бар.…

Read More

Қазақстан мен Түркия автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды келісімге келді. Атап айтқанда: 1. Тараптар транзиттік тасымалдарға арналған рұқсат жүйесін жою және еркін транзитке көшу туралы келісімге келді. Халықаралық келісімге өзгерістер енгізілгенге дейін транзиттік бланкілер шектеусіз беріле береді. 2. Түркия қазақстандық тасымалдаушыларға өз теңіз порттарында жүктерді тиеу мен түсіру мүмкіндігін береді. Бұған дейін бұл тек түрік компанияларына ғана тиесілі ереже болатын. 3. Рұқсат беру бланкілерімен алмасу енді цифрлық форматқа ауыстырылады. Бұл жұмыс биылғы жылдың соңына дейін атқарылады. Еске салсақ, бұған дейін Қытай және Өзбекстан елдерімен шетелдік рұқсат беру бланкілерімен алмасу электрондық форматқа ауыстырылған еді.…

Read More

Алдын ала мәлімет бойынша, Белуджистанның оңтүстік-батысындағы Ханозай ауданынан Дера Исмаил Хан ауданына бет алған көліктің тежегіші істен шығып, жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай, жүк көлігі жолдан шығып, сайға құлаған. Оқиға орнына полиция мен құтқару жасағы жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында 5 әйел мен кем дегенде үш бала бар. Жол апатынан зардап шеккендер жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Бұған дейін Семейде автобус пен манипулятор соқтығысқаны туралы жаздық. 

Read More

Бейнежазбада тау бұлағына жақындап келе жатқан түрлі жануарлар көрінеді. Бұл жолы камера нысанына Сібір тауешкісі, қызыл бұғы, қызыл кітапқа енген кесіртке және сирек кездесетін түнгі жыртқыш тас қоңыз бар.  — Мұндай бейнежазбалар бізге жануарлардың мінез-құлқын, олардың санын және жүріп өтетін жолдарын зерттеуге көмектеседі, — делінген ақпаратта. «Алтын-Емел» ұлттық паркі сирек ландшафттар мен алуан түрлі флора мен фаунаға бай. Ондағы көп жан-жануарлар Қызыл кітапқа енген. Саябақ — Қазақстанның бірегей табиғи орындарының бірі. Еске салайық, бұған дейін ұлттық парк аумағындағы фототұзаққа қар барысы мен қарақұйрық (джейран) түсіп қалды. 

Read More

Министрлік былтырғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарды міндетті түрде жасасуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс бастады.  Үш ірі оператордан және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобынан бөлек, жылына 100 млн теңгеден астам сомаға тауар сатып алатын 60 жер қойнауын пайдаланушы іріктелді. Аталған жер қойнауын пайдаланушылардың тауар сатып алуларына талдау жүргізілді. Қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру және ұзақ мерзімді шарттар жасасу әлеуетін түсіндіру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіндегі қазақстандық өндірушілерге басымдық беру талаптарын жеткізу бойынша олардың барлығымен кездесулер өткізілді. — Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ұзақ мерзімді шарттарға…

Read More

Кездесудің тақырыбы «Әділеттілік пен интеграция: ИЕА-ға қарсы күресте көшбасшылық пен іс-қимыл арқылы өмір мен тіршілікті өзгерту және психикалық денсаулық пен әл-ауқатты нығайту» болды. Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Бүгінгі таңда инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының артуы үлкен алаңдаушылық туғызады және бүкіл әлемде өлімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Қазақстан осындай аурулардың профилактикасы, ерте диагностикалау және емдеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстан жұмысының негізгі бағыттары: пациенттің денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланыс нүктесі ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту; жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да әлеуметтік мәні бар ауруларды анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізу; емдеу міндеттемесін және дәрігер мен…

Read More

Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Абай-Шәкәрім көшелерінің қиылысында манипулятор бағдаршамның жасыл белгісіне өтіп бара жатып, бортынан шығып кеткен кранмен жолаушылар автобусына соққан. Автобустың ішінде 20 шақты адам болған. Фото: ДП области Абай Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен екі жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылды. Фото: ДП области Абай — Жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оның көлігі арнайы тұраққа жеткізілді, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Фото: ДП области Абай Полицейлердің айтуынша, оқиға орнындағы жұмыс барысында патрульдік…

Read More

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Динси қаласынан оңтүстікке қарай 71 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Табиғи апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Екі күн бұрын Венесуэлада 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Read More

Синоптиктердің мәліметінше, антициклон сілемі еліміздің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Барлық өңірде жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктің кейбір бөліктерінде бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстанның солтүстігінде, Павлодардың шығысында, Атыраудың солтүстік-шығысында, Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ Жамбыл облысының орталығында, Батыс Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында да төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласының орталығында, Алматының солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанған.

Read More