Автор: qaztimes

– Қазақ тазы спорт федерациясы үшінші мәрте жарыс ұйымдастырып отыр. Алғашқы жарысқа 20 өңірден 150 тазы қатысты. Екінші бәсекеге 220 тазы жиналды. Бірақ бұл жолы санға мән берген жоқпыз. Іріктеуге 300-ден аса адам жазылды. Солардың арасынан ең мықты деген 70-ке жуық тазыны таңдадық. Бүгін 37 арлан мен 32 қаншық бөлек жарысады, – деді Қазақ тазы спорт федерациясының құрылтайшысы Нұрқожа Ерсайын. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге. – Бірінші орын алған 2 тазыға 750 мың теңгеден, екінші орын иегерлеріне 500 мыңнан, үшінші орынға 250 мың теңгеден беріледі, – деді ұйымдастырушы. Айта кетейік, қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде…

Read More

Мерейтой алдымен аудан орталығындағы Жұбан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Фото: Нұрбек Ихсан Салтанатты іс-шарада БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз қазақ халқы барда қылышынан қан тамған кеңес дәуірінің өзінде «Мен – қазақпын» деп жаһанға жар салған Жұбанның рухы мәңгі өшпейтінін атап өтті. Бұдан кейін Жұбан орталығында «Жұбан Молдағалиев. Естеліктер. Тарихи-ғұмырдеректік анықтамалық» кітабының таныстырылымы болды. Оны құрастырған жергілікті жидашы-қаламген Бақтығали Қоспаев. Фото: Нұрбек Ихсан Аталған еңбек бұдан бес жыл бұрын ақынның 100 жылдығына орай алғаш рет басылған. Бұл жолы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер, көзкөргендердің естеліктермен толықтырылды. Сонымен қатар ақынның туған жерінің тарихына қатысты географиялық атаулар…

Read More

Трамп мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамп жуырдағы брифингінде жүкті әйелдерге ацетаминофенді (АҚШ-та – Тайленол, басқа елдерде – парацетамол) қолдануды шектеу туралы ұсыныс жасады. Оның пікірінше, бұл дәрі балаларда аутизмнің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, Дональд Трамп аутизм көрсеткіштерінің өсуі туралы статистикалық деректер келтірді. Ол 20 жыл бұрын аутизм диагнозы тек 10 мыңнан бір балада тіркелсе, қазіргі таңда әрбір 12-ші балада байқалатынын айтты. Парацетамол — жүктілік кезінде ішуге болатын жалғыз дәрі Парацетамол немесе ацетаминофен — ауруды басатын және дене температурасын төмендететін дәрі. АҚШ-та ол «Тайленол» деген атаумен танымал. Фото: видеодан кадр Парацетамолдың жанама әсерлері көбіне ұзақ мерзімді немесе үлкен…

Read More

ЕСІМДЕР 62 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Бәкірұлы ТІНІКЕЕВ дүниеге келді. Фото: kasipodaq.kz Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының құрметті докторы. Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарі, 1981-1983 жылдары әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы, 1983-1990 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, 1990-1993 жылдары ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болды. 1994-1995 жылдары ХІІІ…

Read More

Ипотекалық бағдарламалардың тиімдісі қайсы? Үйлі болу үшін қаражатты қалай жинаған жөн? Сарапшы мамандар жауап береді. – Тамыз айындағы ипотекалық өсімнің басты себебі жан-жақтан жұмыс істеуге, оқуға көп адамдардың келуі. Тенденция бойынша жазда бәрі демалады да, тамыз-қыркүйек айларында осылай ипотека алу деңгейі көтеріледі. Бұл желтоқсан айына дейін тұрақты жалғасады, – дейді ипотека сарапшысы Перизат Бауыржан. Қазір мемлекеттік бағдарламалар уақытша тоқтап тұр. Сарапшы соған қарамастан банктер мен құрылыс компаниялары ұсынған ипотекаларды рәсімдеушілер көп екенін айтады. — Қазір ең тиімді бағдарлама – 7-20-25. Сонымен қатар «Жасыл ипотека» және құрылыс компанияларының 4-5 пайыздық жеңілдетілген ұсыныстары бар. Ал аймақтық «Алматы жастары», «Елорда жастары», «Әулиеата жастары»…

Read More

Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Ақтөбе облысының 1,5 мыңнан астам тұрғыны бар Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес салынған. Фото: Үкімет Медициналық нысан амбулаториялық қызмет көрсетеді, зертханалық диагностика мен скринингтер жүргізеді. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Амбулатория тәулігіне 45 келушіге есептелген. Сондай-ақ өңірде бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор қаражатына салынған Байғанин ауданының Ноғайты ауылында күніне 40 келушіге есептелген фельдшерлік-акушерлік пункт (құны – 190 млн теңге) және қуаты тәулігіне 25…

Read More

Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. ҚР ҰОК мәліметінше, сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады. Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді. Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты. Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды.  

Read More

Мьянма қайда орналасқан? Мьянма – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан тарихы және мәдениеті бай мемлекет. 1989 жылға дейін Бирма деп аталып келді. Тәуелсіздігін 1948 жылы жариялаған, оған дейін Ұлыбритания колониясы болды. Оның аумағы 676 мың шаршы шақырымнан асады, халқы 55 миллионнан жоғары. Инфографика: Kazinform Мьянма батысында Үндістан және Бангладешпен шектеседі. Сондай-ақ Қытай, Лаос, Тайландпен шекарасы бар. Географиялық тұрғыдан Үнді мұхитына шыға алатын маңызды мемлекет саналатын бұл ел стратегиялық тұрғыдан да, экономикалық әлеует тұрғысынан да ерекше маңызға ие. Фото: Google Maps   Елді кім басқарады? Мьянма — қазіргі таңда әскери басқару үстем болып отырған мемлекеттердің бірі. 2021 жылы елде әскери төңкеріс жасалып, билік…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде: — доллар: сатып алу — 544,35 теңге, сату — 546,47 теңге; — еуро: сатып алу — 635,04 теңге, сату — 639,11 теңге; — рубль 6,42 — 6,54 теңге аралығында саудаланады. — юань 76,18 — 78,77 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пункттерінде: — доллар 542,58 теңгеден сатып алынады, 547,53 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 633,57 теңге, сату — 641,50 теңге; — рубль: сатып алу — 6,44 теңге, сату — 6,58 теңге. — юань 76,48 теңгеден сатып алынады, 80,38 теңгеден сатылады; Еске салайық, 26 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың…

Read More