Автор: qaztimes

ҚР ҰОК мәліметінше, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті. Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі. Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан Қытайдағы Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады. Қытайдағы Гран-при турнирінде 8 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды.

Read More

— Бақдәулет Маратұлы, Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? — Биылғы ең басты жаңалық — елімізде ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына қосылып, жоғары деңгейге көтерілді. Бұған дейін олар бұқаралық спорт деңгейінен аспаған еді. Бұл — ел спорты үшін үлкен жетістік. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен кешенді жарыстар сәтті ұйымдастырылды. 2024 жылы Астананы дүбірге бөлеген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, күні кеше Алматы облысында өткен республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары, алдағы халық ойындары — мұның бәрі елімізде спортты кеңінен дамыту бағытындағы нақты қадамдар. Одан кейін аймақтардан шыққан азаматтар түрлі спорт федерацияларына жетекшілік етіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі спорт ұйымдарын да құрып, ұлттық спорт түрлерін…

Read More

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 56 мәрте кездескен. Оның 28-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Биыл «Барыс» жеті кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Ал «Сибирь» жеті кездесудің төртеуінде қарсыласын қапы қалдырды. Турнир кестесінде «Барыс» 7 ұпаймен 19 орында тұрса, «Сибирь» 8 ұпаймен 17 орынды місе тұтып тұр. Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 29 қыркүйекте Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасын қабылдаса, 1 қазанда «Локомотив» (Ярославль) командасымен кездеседі. Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс»…

Read More

Кеншілер қаласында жылыту маусымы басталып кетті. Жылдағы дәстүрге сай әуелі әлеуметтік нысандарға, одан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелерге жылу беріледі. — Ауа райының суытып кетуіне байланысты 24 қыркүйекте Риддер қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріле бастады. Ал 30 қыркүйектен Риддер көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу жоспарланып отыр, — деп хабарлады «Шығыс жылу» АҚ Риддер филиалынан. Еске салсақ, бұған дейін Риддердегі жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы қалай екендігі жайлы жазғанбыз.  Сондай-ақ Алматы облысының қай аудандарына бірінші жылу берілетіндігі хабарланған.

Read More

Ән байқауына Қазақстанмен қатар көршілес елдерден келген барлығы 26 үміткер қатысып, Ескендір Хасанғалиевтің туындыларын орындады. Фестиваль қорытындысында әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев бастаған қазылар алқасының шешімімен алматылық Медет Орынбаев бас жүлдені жеңіп алды. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі Ақтөбе облысының намысын қорғаған Мерей Самұрат бірінші, астаналық Парасат Отан мен атыраулық Айбар Ғаниұлы екінші орынға ие болды. Оралдық Аружан Бисембай, қырғызстандық Дариға Сатарова мен өзбекстандық Севара Тулановаға үшінші жүлде бұйырды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев фестиваль қонақтарына ізгі лебізін білдіріп, композитордың зайыбы Дарико Сопыжанқызына, қазылар алқасының мүшелеріне құрмет көрсетті. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі Гала-концертте фестиваль жүлдегерлерімен қатар Өзбекстан,…

Read More

Министрдің айтуынша, елде бірнеше жерде еңбек етуге рұқсат етілген, алайда белгілі бір шектеулер бар. – Тек екі жерде ғана емес, төрт жерде де жұмыс істеуге болады. Ең басты талап – тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс. Мысалы, негізгі жұмыс уақыты 6 сағат болатын медбикелер немесе дәрігерлер екі жерде жұмыс істей алады. Айталық, клинингтік компания қызметкерлерінің де бірнеше қызметті қатар алып жүруге мүмкіндігі бар. Мысалы, адам бір нысанды 4 сағатта тазалап үлгерсе, ол үш жерде еңбек ете алады. Бірақ Еңбек Кодексіне сәйкес, тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы керек, – деді министр. Еске сала кетейік, бұған дейін дәл…

Read More

Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі хабарлады. Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған. Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау. Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін: — тілді таңдау (қазақ немесе орыс); — атаудың өз нұсқасын ұсыну; — қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру; — конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет. Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы…

Read More

Марат Жекенов – қысы қытымыр, жазы аптап Астанада көшелердің тазалығын сақтап жүрген еңбек адамдарының бірі. Ол коммуналдық техниканы жүргізеді және жұмыс күні 10 сағаттық аусымнан тұрады. Жолдың әр шақырымы оның табанды еңбегімен тазарып отырады. Фото: видеодан алынған скрин/Jibek Joly Ал оның құрақ құрайтын ерекше хоббиі көпшілікті таңғалдырған. Бұл өнерге алғаш болып жұбайы әуестеген екен. Немерелеріне арнап жасау тігіп берсем деген тілекпен басталған қызығушылық бүгінде тұтас бір отбасылық кәсіпке айналды. Фото: видеодан алынған скрин/Jibek Joly – Күнде жұмыстан келгенде тігін машинасы зырылдап тұрады. Кемпіріме көмектесіп жүріп, мен де бос отырмайын деп іске кірісемін, содан үйреніп кеттім. Жұмыстағы көліктің шуынан осылай демаламын.…

Read More

Экологтың айтуынша, елімізде мемлекеттік стандарт бекітілмейінше, декоративтік өсімдіктерді өсіруде нәтижеге жету қиын.  Дархан Сүндетқалиұлының сөзіне қарағанда, стандарт талаптарын ескермей, мемлекет қаржысын көгалдандыруға жұмсау қып-қызыл шығын.  — Ең әуелі отырғызылатын ағаштың сапасын тексеріп алу керек. Бекітілген стандарттың жоқтығы декоративтік өсімдіктердің сапасына сараптама жасауға мүмкіндік бермейді. Мәселенің маңызды бір ұшы осында, — дейді Д. Сариев. Оның айтуынша, сапасыз ағаштардың егілетініне мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы, Петропавл қаласынан эколог Артур Рязапов жолдаған бейнежазбада көшеттің сапасыз екені көрініп тұр. Сол себепті ағаштар қисық болып өседі немесе қурап қалады. Қаражат та босқа шығындалады. Бұл Қазақстанның барлық қалаларына ортақ жайт деуге болады.  — Көгалдандыру бойынша мемлекеттік стандартты ресми түрде бекітіп, оны…

Read More

Қазақстанда ауыл мектептеріндегі балалардың ағылшын тілін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Балаларға арналған ағылшын тілі» білім беру жобасы іске қосылды. Furo.kz хабарлауынша, ел тарихында алғаш рет ауылға шетелдік маман келіп, балаларға сабақ беру арқылы тілдік орта қалыптастырып отыр. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылындағы С. Ластаев атындағы мектепте жұмыс істейді. Айта кетсек, бұл мектеп 2019 жылдан бері Білім беруді тұрақты дамыту қорының жобасына қатысып келеді. — Бүгінгі таңда ағылшын тілі – жаһандық білімнің кілті. Ғылыми еңбектердің, жаңа технологиялар мен білім беру бастамаларының басым бөлігі осы тілде басталады. Алайда Қазақстанның ауыл мектептері әлі де білікті маман тапшылығы мен ағылшын тілді ортаның жоқтығын…

Read More