Автор: qaztimes

– Кейінгі кезде жүрегі сыр берген, қан қысымы тұрақсыз адамдар саны өсіп келеді деп жиі естіміз. Мұны «басына қан құйылыпты, инсульт алыпты, инфаркт болыпты» деп айтады көбіне. Шын мәнінде солай ма? – Қазір Қазақстанда ғана емес, әлемде қан айналымы жүйесі ауруы көбейіп тұр. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша өзге ауруға қарағанда бірінші орынға шыққан. Бұрын жасы келген адамдар ауырса, кейінгі кезде жасарып барады. Бұл инфаркт, қан қысымының жоғары болуы, бас-ми қан айналымы, жүректің ишемиялық ауруының бірнеше түрі. Ата-әжелеріміз емес, 40-50 жастағы адамдар да ауырады. Демек жұмысқа қабілетті адамдар дәрігер көмегіне жиі жүгінеді деген сөз. Себебі олар дәрігерге қаралмайды, демек диагноз да кеш…

Read More

Бұл – өте күрделі процедура, өйткені СТЖБ – бет қаңқасының негізгі түйін нүктесі. Ол төменгі жақтың қозғалысын үйлестіріп, шайнау, сөйлеу мен мимика үшін жауап береді, тістер мен бұлшықеттер арасындағы жүктемені бөледі әрі амортизатордың қызметін атқарады. Буынды ауыстыру үшін дәрігерлерге жақ сүйегін 3D-модельдеу жұмыстарын жасап, анатомиялық тұрғыдан дәл келетін материал дайындауға тура келді. 17 жастағы жасөспірім 11 жыл бойы төменгі жақ сүйегінің деформациясынан зардап шегіп келген. Ұзақ уақыт ішінде оның тістемі (прикус) дұрыс емес дамыған. Ал тұрақты сыздаған ауырсыну аузын толық ашуға және тағамды қалыпты шайнауға мүмкіндік бермеген. Оң жақ бөлігі дұрыс дамып жатқанымен, сол жағында айқын ақау байқалған. Иек солға…

Read More

Мьянма өзіндік мәдениеті, бірегей дәстүрі бар және геостратегиялық тұрғыдан маңызды ел. Қос мемлекет жаһандық көлік бағыттарының тоғысқан тұсында орналасқан. Президент мейманға Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету аясындағы стратегиялық міндеттері туралы мәлімет берді. Тараптар екі ел экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы, ІТ және цифрландыру секілді маңызды салаларда өзара ықпалдастық перспективасына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуразияның басты транзит торабы ретінде «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Солтүстік – Оңтүстік және Орта дәліз көлік бағыттарын дамытуға белсенді түрде атсалысып жатыр.  Осыған орай кездесуде екі ел арасындағы көлік байланысын жолға қоюдың өзектілігіне назар аударылды. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды…

Read More

Бұл күнгі басты кездесуде «Семей» мен алматылық «Қайрат» командалары арасында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады. Қос команда кейінгі жылдары ел біріншілігінде бас жүлдеге таласып келеді. Сондай-ақ олар еурокубок ойындарында Қазақстан намысын қорғап жүр. Сондай-ақ аталған турда «Байтерек» (Орал) мен «Тұлпар» (Қарағанды), «Астана» мен «Ақтөбе», «Сарыарқа» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) пен «Аят» (Рудный) шеберлік байқасады. Командалар ертең, 28 қыркүйекте тағы бір ойын өткізеді. Бұл турда 25-26 қыркүйек күндері ақтаулық «Каспий» «Атырауды» 3:2 себімен жеңсе, тағы бір кездесуде 0:0 есебімен тең түсті. Қазір турнир кестесінде төрт ойыннан кейін 7 ұпай жинаған «Атырау» көш бастаса, олардан екі ойын кем…

Read More

Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті. Қазақстанда Еңбек күні он жылдан астам уақыттан бері аталып келеді. Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бұл мерекенің маңызы артып, қоғам дамуының негізі саналатын адал еңбекке құрметтің белгісіне айналды. Қазір елде шамамен 2,5 млн маман еңбек етеді. Олардың қатарында шахтерлер, металлургтер, педагогтар, энергетиктер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, агрономдар, технологтар және басқа да сала өкілдері бар. Фото: Үкімет Үкімет жұмысшы мамандықтары иелеріне әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Еңбек жағдайлары жақсартыла отырып, ондағы процестер автоматтандырылуда.…

Read More

Құны 12 млрд теңгеден асатын жоба (2024–2026 жж.) бір мезетте 100 мың тонна астық сақтайтын элеваторды жаңғыртуды, тәулігіне 400 тонна шикізат өңдейтін майсығу зауытын, тәулігіне 2 500 тонна астық өңдейтін құрамажем зауытын және тәулігіне 300 тонна өнім шығаратын ұн комбинатын қамтиды. Фото: ҚР АШМ Қазіргі уақытта элеваторды жаңғырту және 1000 контейнерге арналған терминал құрылысы аяқталуға жақын, сондай-ақ құрамажем зауытының бірінші кезеңі іске қосылуда. 6,5 мың шаршы метр қоймалар салынды, ұзындығы 5,9 шақырым болатын теміржол жолдары жаңартылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, қазір ұн тарту және май өңдеу цехтарының жабдықтары орнатылып жатыр. Кешен толық жобалық қуатын игергеннен кейін жылына 840 мың тонна…

Read More

930-дан астам балада ауру белгілері байқалмай, үйлеріне шығарылды. 941 баланың жағдайы жеңіл деп бағаланса, 22 баланың жағдайы орташа ауыр. Піскент, Бөке, Бекабад, Аққорған, төменгі Шыршық аудандарынан кейбір науқастар жергілікті ауруханаларда төсек-орын тапшылығына байланысты Алмалық және Нұрафшон қалаларына ауыстырылғаны айтылды. Бұл аудандарға үш аутсорсер қызмет көрсететіні, үшеуі де айранды Аққорғандағы Shark Milk Product компаниясынан сатып алғаны анықталды. Бұл кәсіпорын Үштепа ауданында тіркелгенімен, өндіріс Аққорған ауданында жүргізілген. Өнімнің үлгілері, оның ішінде 540 сынама зертханалық талдау үшін алынды. Жаппай улану туралы алғашқы ақпарат қыркүйектің 25-і күні таңертең Піскент және Бөке аудандарындағы балабақшалардың ондаған бүлдіршіні ауруханаға жеткізілген кезде пайда болды. Бір күннің ішінде ауруханаға…

Read More

Қадағалау органының мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі нақты бір әлеуметтік топқа жататын адамдармен байланысты. Зерттеу қорытындысы бойынша, жанжалқойлардың негізгі бөлігі — 30-50 жас аралығындағы ерлер. Олар әдетте жұмыссыз немесе уақытша ғана табысы бар. Прокуратура өкілдері жанжалқойлардың мінез-құлқында авторитарлық басым, өз ойын күшпен дәлелдеуге бейім, өзін-өзі бақылау деңгейі төмен екенін айтады. Мұндай адамдар көбіне отбасы мүшелеріне – жұбайына және балаларына қарсы агрессия танытады, бірақ қоғамдық ортада сабырлы көрінуі мүмкін. Сондай-ақ, прокуратура ішкі істер органдарымен бірге жүргізген сараптама нәтижесінде тұрмыстық қылмыстардың 70% астамы алкогольдік мас күйде жасалатыны анықталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ішкілікке салынғандардың көпшілігі бірнеше рет профилактикалық есепке алынып, арнайы емдеу мекемелеріне…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», — деп атап көрсетті. Өткен жылы Президент тапсырмасы бойынша шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма берген еді. Оған қатысты арнайы заң талқыланып, бүгінде қолданысқа енгізілді. Қазірге дейін еліміздің көптеген клубы қазына қаржысына арқа сүйеп келді. Десе де, футболдың…

Read More

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, салтанатты іс-шараға New York Film Academy президенті әрі CEO-сы Майкл Янг, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашылу рәсімі кинематографиялық сипатта өтіп, көпшілік қонақтарды ерекше «съемка дублі» қойылымымен қарсы алды. Іс-шара барысында студенттер мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин сөз сөйлеп, жаңа оқу орнының аймақ үшін мәдени және шығармашылық маңызын атап өтті. Қонақтар кампусты аралап, кітапхана, дәрісханалар, дыбыс жазу және монтаж студияларын, сондай-ақ Dala Edge шығармашылық кеңістігінің мүмкіндіктерін көрді. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Күннің екінші жартысында…

Read More