Автор: qaztimes

Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. — 2025 жылдың 9 айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар. Нәтижесінде 18  заң бұзуды жою туралы нұсқама берілді, 110 млн теңге сомасында 80 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді, — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қосымша 4 млн теңгеге…

Read More

Олар ер адамды ұстап, оқиға орнына полиция шақырған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам қашып үлгергенімен, көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. — Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады Kazinform агенттігіне Атырау облысы полиция департаменті. Бұған дейін Алматыда жасөспірім 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жібергенін жазғанбыз.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлайды Steppenews.kz сайты Todayinfo.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. – Бәріміз «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. «Достық – Мойынты» жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз. Ал тарихымызға үңілсек, осыдан отыз бес жыл бұрын «Достық – Алашаңқай» жобасы іске қосылды. Қазақстан мен Қытайдың теміржолы тоғысты. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға болды. Сол жолды салған ардагерлеріміз қазір осы жиынға қатысып отыр. Баршаңызға зор алғысымды…

Read More

Алматы әкімдігінің мәліметінше, әрқайсысы 300 автобус сыйымдылығы бар екі автобус паркін салу үшін жер телімдері мен жеке инвесторлар анықталды. Олардың бірі Құлжа трактісінің аумағында, екіншісі Мөңке би көшесінің солтүстігінде орналасады. Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қазір қалада автобустарға жанармай құю және қызмет көрсету инфрақұрылымы жылжымалы құрамның санына сәйкес келмейтінін, сондықтан автобус парктері мен станцияларын салу мәселесі бақылауда болатынын айтты. Еске салайық, бұған дейін Алматыда электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылды.

Read More

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған тас жолда Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 көліктері соқтығысқан.  – Жол апатынан Hyundai Santa Fe көлігіндегі 16 жастағы жолаушы көз жұмды. 65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомстводан.  Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.  Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері алты айда елімізде 15 698 жол-көлік апаты болғанын жазған едік. 

Read More

Облыс әкімі Асайын Байханов өңір дамуының басым бағыттары Мемлекет басшысының 2022 жылғы жұмыс сапарында айқындалғанын айтады. Фото: видеодан алынған скрин — Біріншісі – өңір экономикасын әртараптандыру және дамыту. Екіншісі – адами капиталды дамыту. Үшіншісі – экологиялық ахуалды жақсарту. Төртіншісі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Ал бесінші бағыт – тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру, — дейді ол. «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жөндеу-механикалық цехінің басшысы Жасұлан Айдарғалин 2011–2017 жылдардағы ауқымды жаңғырту кәсіпорынның жұмысына жаңа серпін бергенін айтады. Фото: видеодан алынған скрин — Екі технологиялық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олар – нафта сплиттерінен изомерлеу қондырғысы және күкірт өндіру кешені. Нафта сплиттерінен изомерлеу…

Read More

Дипломат РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ермек Көшербаевты ҚР СІМ басшысы болып тағайындалуымен құттықтауын жеткізді.  Тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.  Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандырудағы жоғары маңызы расталды.  Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сұхбаттастар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және халықаралық аренада іс-қимылдарды тығыз үйлестіруге дайындығын растады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы…

Read More

Бұған дейін иммиграция және есірткі саудасы бойынша Трамп әкімшілігімен қақтығысқан Петро БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінің алдында Палестинаны қолдайтын топпен сөйлесті.  – Әлемдік держава Америка Құрама Штаттарының күшінен асып түсуі керек. Сондықтан осы жерден Нью-Йоркте АҚШ армиясының барлық сарбазынан мылтықтарын адамзатқа бағыттамауын сұраймын. Трамптың бұйрығына бағынбаңдар. Адамзаттың бұйрығына бағыныңдар, — деп мәлімдеді Колумбия басшысы.  Петро сонымен бірге БҰҰ Бас ассамблеясында Трампты тікелей сынға алып, оның Газа секторындағы «геноцидке қатысы бар» екенін айтты.  Petro en NY fue a la calle en una escena, la más ridícula posible, a decirle a la Fuerza Armada de Estados Unidos que no deben obedecer a Trump… Deberían…

Read More

Бұл турдың шымылдығын «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Атырау» командалары ашты. Биылғы біріншілікті сәтсіз бастаған атыраулық клуб аталған ойында жеңіске жетуге бар күшін салды. Мұнайлы қаланың командасы бұған дейін алты тур бойы екі мәрте жеңіске жетіп, қалғанында тең ойнаған. Осылайша турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алған болатын. Бұл жолы да Жуковский жаттықтыратын команда футболшылары аянып қалмады.  Алайда алаң иелері кездесудің 15-минутында өз қақпаларына гол өткізіп алды.  Жезқазғандық клуб сапынан Демият Сламбеков көзге түсті. Бірінші таймда «Атырау» клубының аяқдопшылары есепті теңестіре алмады. Есесіне екінші таймда 5 гол соғып, сенімді түрде жеңіске жетті. Алаң қожайындарынан Константин Дорофеев 63, 80, Ян Труфанов 67, Руслан Юденков…

Read More