Тұрғындардың айтуынша, мәселе 7 тамыз күні басталған. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен келген мамандар ескірген жергілікті су беру жүйесін жаңасына ауыстыру жұмыстарына кіріскен. Алайда, таза су келеді деген халықтың қуанышы ұзаққа бармады. Жұмысшылар жаңа вагонды және жаңа жабдықтарды орнатқанымен, белгісіз себеппен суды тазарту сүзгілерін қоймаған. — Суын ішіп болмайды, ащы. Көлігі барлар қазір көрші ауылдан, 3-4 км жерден тасып ішеді. Бірақ бәрінің бірдей көлігі жоқ қой, әсіресе зейнеткерлерге қиын. Суды осылайша тасып ішу мәселені шешпейді, қыс та жақындап қалды. Ескі қондырғының сүзгісін қойды, бірақ су әлі де ащы, — дейді елді мекен тұрғындары. Волошинка ауылдық округі әкімі мәселеге қанық. Тамыз…
Автор: qaztimes
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. — Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырды. Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды.
Чемпиондар лигасы аясында жасыл алаңға алматылық «Қайрат» пен әлем футболының аңызына айналған «Реал Мадрид» шығады. Көрерменге лық толатын стадионға қазақстандық жанкүйерлермен қатар шетелден де қонақтар келеді. Арена ішінде де, сыртында да тыныштық пен қауіпсіздікті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің мыңнан астам әскери қызметшісі қамтамасыз етеді. Фото: Ұлттық ұлан Солардың қатарында — қатардағы жауынгерлер Ержан Жарков пен Руслан Тілеуқабыл бар. Ұлттық ұлан қатарына Ақтаудан шақырылған Ержан Жарков қазақ, орыс, ағылшын, испан және француз тілдерін еркін меңгерген. Ол күн сайын Алматы көшелерінде патрульде жүріп, тұрғындарға да, туристерге де көмек көрсетеді. Қонаев қаласының тумасы Руслан Тілеуқабыл да қазақ, орыс, ағылшын, неміс және жапон тілдерінде еркін…
«ИННОПРОМ.Беларусь» көрмесінде «жасыл» энергетика саласындағы жоғары әлеуетімен халықаралық деңгейде танылған қазақстандық «Electrologic» контроллері ұсынылды. Әзірлеме жаһандық экологиялық қордың қысқа тізіміне еніп, 600 әлемдік өтінімнің ішінен іріктелген алты жобаның біріне айналды және Қазақстанға енгізуге 5,8 млн еуро көлемінде грант тарта алады. Жоба жетекші әлемдік өндірушілердің жылдамдығынан асып түсетін, толығымен отандық әзірлемеге негізделген. Технология бастапқыда металлургияда электр доғалы пештерді басқару үшін қолданылған. Оның Сербия мен Қытайдағы зауыттарда енгізілуі балқыту уақытын екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді, бұл электр энергиясын, шығын материалдарын айтарлықтай үнемдеуге және өнімділіктің екі есе өсуіне әкелді. Кейінірек әзірлеушілер технологияны электр желілеріндегі шығындардың себебі болып саналатын «теріс» реактивті энергияны басқару мәселесін шешуге…
Баяндамашы өткен жылыту маусымынан бері тоғыз ЖЭО-ның қызыл аймақтан сары аймаққа өткізілгенін атап өтті. Тағы 10-ы тәуекел аймағында қалып отыр. Бұл ретте ЖЭО-лардағы жабдықтардың тозуы 61%-ға дейін төмендетілді. — Бізде жалпы 37 ЖЭО бар. Біз оларды критерийлер бойынша бөлдік. Оның 19-ы қызыл аймақта, 11-і сары аймақта, жетеуі жасыл аймақта болды. Қызыл, былайша айтқанда проблемалық аймақтағы осы 19 ЖЭО-ға баса назар аударылды. …Мәселен, тозу деңгейі, яғни біздің жабдықтар, өздеріңіз білетіндей, өткен ғасырдың 1960 жылдары шығарылған. Тиісінше, олар жыл сайын тозып келеді. Бірақ жөндеу компаниясының арқасында біз жалпы тозуды 61 пайызға дейін төмендеттік. Ол 64 пайыз болған. Осы 19 ЖЭО-ның тоғызын өткен…
— Бүгін Мемлекет басшысы «Достық — Мойынты» теміржол магистралінің екіншісі желісін іске қосты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде аталған бағыт бойынша көлік қатынасының басталуын тарихи оқиға деп бағалады. Шын мәнінде, стратегиялық жобаның сәтті жүзеге асуы ел экономикасына зор серпін береді. Қазақстан Еуразиядағы маңызды көлік-транзит хабы ретіндегі позициясын нығайта түседі, — деді ол. Жаңа жол Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасында теміржолмен жүк тасымалдаудағы жетекші рөлін күшейтеді. — Экспорттық тауар жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. «Достық — Алашаңқай» шекара өткелі арқылы жүк тасымалының көлемі бес есе өседі. Аталған бағыт бір тәулікте өткізе алатын пойыздар саны 12-ден 60 жұпқа дейін ұлғаяды. Контейнермен жүк тасымалының жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін…
Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеороликтің таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз. — Аталған бейнематериал — «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, — делінген министрлік хабарламасында. Айта кетелік әскери қызметшілерге қолдау көрсететін AI-sulu Telegram-боты іске қосылған еді.
Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца. Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді. Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды. Еліміздің атынан турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.…
Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына мамандар барып, қоршаған орта жағдайын бағалау және мүмкін залалды анықтау үшін, сынамалар алған. Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті — 29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады, — делінген хабарламада. Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған. Зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін, «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан: Ақмола облысында жол…
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 2022 жылдан бастап нысаналы мақсатта пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықпен берілген 13,7 млн гектар (га) ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. — Оның ішінде 6,2 млн га жаңадан тиімді жер пайдаланушыларға бөлініп беріліп, олар жер телімдерін игеріп, ауыл шаруашылығы айналымына қоса бастады. Қалған 7,5 млн га жерді бөлу жұмыстары дайындық кезеңінде. Бұл ретте жергілікті қауымдастықтардың, шаруалардың және инвесторлардың қажеттіліктеріне баса көңіл бөлінген, — делінген министрлік хабарламасында. Ағымдағы жыл басталғаннан бері Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 2,1 млн га аумақта жоспардан тыс 1 497 тексеру жүргізді.Нәтижесінде 1,6 млн га жер бойынша 1 112 нұсқама берілді, 357,9 мың га жер игерілуде, ал 44,9 мың…