Автор: qaztimes

Айта кетейік, жақында сенатор Қайрат Тастекеев аталған аң түрлерінің санын реттеуге қатысты депутаттық сауал жолдаған еді.  — Жекелеген ауылды округтерде малды талаған жағдайлары болды. Шығыс Қазақстан облысында аңдардың санын қадағалайтын арнаулы ұйым бар. Соның арасында қабан санын да реттейді. Сонымен қатар, қасқырлар саны да реттеліп тұрады. Қажет болғанда, яғни қауіп төнсе, лицензиялар беріліп, аң аулауға рұқсат етіледі. Лимиттер жыл сайын санақтардың негізінде белгіленеді, — деді Н. Шәрбиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, аю популяциясының жылдық өсімі шамамен 50 пайызды құрайды. Шығыс Қазақстан облысында аюлар жойылып бара жатқан түрлердің тізімінде жоқ, олардың саны шамамен 4,5 мың шамасында. Бұдан бұрын…

Read More

Вице-министр Нұркен Шәрбиетің сөзінше, бір кездері керқұлан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан сияқты 9 өңірде тіршілік еткен. — Керқұлан жабайы табиғаттан 1960 жылдардың аяғына қарай жойылып кетті. Министрліктің халықаралық ұйымдармен байланысы арқасында 2024 жылдың маусым айында және 2025 жылы Прага зообағынан 14 бас құлан (12 бие, 2 айғыр) Қостанай облысының «Алтын дала» резерватына әкелінген болатын. 2029 жылға дейін 40 бас керқұлан әкелу көзделіп отыр, — деді ол Сенат комитетінің отырысында. Оның үстіне 2024 жылы «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерваттарына құлан жіберілген. — Бұл жануарларды резерватқа жіберу арқылы Қазақстан экожүйесіне жерсіндіруге болады. 1950-60 жылдары Түрікменстаннан 14…

Read More

Киік еті Атырауға қыркүйек айынан бастап жеткізілді. Екі тасымалдаушының бірі Батыс Қазақстаннан дайын күйінде әкелсе, енді бірі жұмысты «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның инспекторларымен бірге атқарып жатыр. Кәсіпкер мен инспекторлар бірігіп, тасымалдауды ұйымдастырды. — Ескі базарда киік еті сенбі-жексенбі күндері сатылады. Инспекция мамандары мониторинг жасауға барып, құжаттарын тексерді. Құжаттары түгел, ветеринар мамандардың қорытындысы, рұқсат қағазы бар. Сонымен бірге Атырауда «Батыс KZ 25» ЖШС-і де «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-мен келісімшартқа отырып, киік етін қабылдап жатыр. Инспекторлар тасымалдауды ұйымдастырады. Ет «Аламан» базарында сатылады, — деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Эльмира Құрманғалиева. Фото: «Батыс KZ 25» ЖШС-нің басшысы Серік…

Read More

Форумға 20-дан астам елден 250-ден аса қатысушы жиналды. Олардың қатарында мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, байланыс операторларының, деректер орталықтарының, провайдерлердің, зерттеу орталықтары мен технология әзірлеушілерінің өкілдері бар. Талқылаудың негізгі тақырыптары — IPv6 протоколына көшу, пирингтік желілер мен трафик алмасу нүктелерін дамыту, маршрутизация және желілердің қауіпсіздігі, сондай-ақ жаңа технологиялардың телекоммуникация, мемлекеттік сектор, көлік және өнеркәсіп салаларындағы практикалық қолданылуы болды. Ерекше назар IPv6-тың жасанды интеллект (ЖИ) және машинамен оқыту технологияларымен ықпалдасуына аударылды, себебі мұндай үйлесім трафикті интеллектуалды басқарудың, IoT пен бұлтты платформаларды дамытудың және болашақтың цифрлық экожүйелерін қалыптастырудың негізін қалайды. Фото: Huawei — Бүгін біз халықаралық деңгейдегі технологиялардың цифрлық трансформацияның негізгі қозғаушы күшіне айналғанын…

Read More

Құжатқа сәйкес, заңды тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруіне рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігіндегі тетрагидроканнабинолдың (ТГК) құрғақ массадағы жол берілетін құрамы 0,3 пайызға дейінгі мөлшерде айқындады. Себуге дайын сора (каннабис) тұқымдарын зерттеу егіс жұмыстары басталғанға дейін жүргізіледі. Сора (каннабис) өсімдігінде ТГК-ның болуына зерттеу жүргізу вегетациялық кезең ішінде міндетті саналады және мына мерзімдерде жүзеге асырылады: 1) белсенді өсу кезеңінде — сепкеннен кейін 40-45 күн ішінде;2) орып-жинау алдындағы кезеңде — сепкеннен кейін 90-120 күн ішінде/өнім жинауды бастар алдында. Сора (каннабис) тұқымдары мен өсімдіктерінде ТГК-ның болуын зерттеуді сот сараптамасы органы шарттық негізде сора (каннабис) өсірумен айналысатын лицензиясы…

Read More

Астана қалалық мәслихатының депутаты Владислав Сергеев «Арғымақ» ат спорты кешенін сенімгерлік басқаруға беру көзделіп отырғанын айтып, иппотерапия (тірек-қозғалысында ақау бар адамдарды атқа мінгізіп оңалту — ред.) қызметіне мұқтаж балалардың болашағына алаңдайтынын білдірді. — Өкінішке қарай, бюджеттің, халықтың ақшасына салынған нысандарымызды жеке компанияларға берудің осындай механизмі бар. Сонда олар біздің ақшамызға сатып алынған немесе салынған ғимаратты басқарудан ақша табады. Меніңше, бұл бюджеттік шаруашылықты басқарудың, бюджетті жұмсаудың соншалық тиімді тәсілі емес. Сондықтан осы жағдайды тағы бір талдап шықса деген өтінішім бар. Өйткені о баста аталған нысан ерекше балаларға иппотерапия қызметін көрсету үшін сатып алынып жатқаны, балалардың бәрі ақысыз кіре алатыны айтылған. Бірақ…

Read More

Депутат биыл үкімет балалар құқығын қорғау туралы заңға жалған және зиянды ақпаратқа қатысты бірқатар түзету енгізгенін айтты. Алайда ол балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануын бақылау үшін басқа да түзетулер енгізу қажет деп санайды. Ахмадзоданың ұсынысы бойынша, 14 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерге кіруіне толық тыйым салынуы керек, ал 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер оны тек ата-анасының жазбаша келісімімен ғана пайдалана алады. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салу мәселені шешпейді. Олардың пікірінше, пайдалануды реттеу мен бақылау толық тыйым салудан тиімдірек болар еді. Еске сала кетейік, Аустралия жасөспірімдерге әлеуметтік желіні шектеді: БҰҰ қолдау білдірді.  Түркияда 16…

Read More

Әлтайырдың арманы — тәуір болу Екі жыл бұрын Петропавлдың кішкентай тұрғыны Әлтайыр Еркебұланға «лейкоз» диагнозы қойылды. Баланың анасы Меруерттің айтуынша, бәрі ангинадан басталған. Тамағын емдегеннен кейін де қызуы түспей, кейін денесі көгеріп, қызыл дақтар пайда бола бастаған. Дәрігерлер балаға қан қатерлі ісігі диагнозын қойды. — Біз 2023 жылдың соңында дерт туралы білдік. Бірден «Ана мен бала» орталығына жатқызылып, ем қабылдадық. Бір жыл үш ай толық курстан өтіп, 2025 жылы 2 ақпанда ауруды жеңіп шықтық. Үйге оралып, екі айдан кейін рецидив болды. Аталық безі бұралып, сол рецидивке себеп болған. Екінші аталық безінен биопсия алды, Астана дәрігерлері ол жерде клетка бар деп шешіп, оны да алып тастаймыз деді. Біз оған…

Read More

2024 жылдың басында бұл көрсеткіш 5,7%-ды (407,9 мың адамды) құраған еді. Ұлттық статистика комитеті өкілдері өсімнің себебі — 1950–1960 жылдары туған көп адам зейнет жасына жетіп, еңбекке жарамсыз жастағы азаматтардың саны жыл сайын артып жатқаны екенін айтты. БҰҰ классификациясына сәйкес, егер 65 жастан асқан адамдар үлесі 4%-дан төмен болса, халық «жас» деп саналады. Ал 4%-дан 7%-ға дейін болса, ел «қартайу шегінде» деп есептеледі. БҰҰ болжамдарына қарағанда, 2030 жылға қарай Қырғызстандағы егде жастағылардың үлесі 7%-ға жуықтайды. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің жалпы саны 813 538 адамға жетіп, олардың 642 959-ы жасына байланысты зейнетақы алады. Еңбек, әлеуметтік қорғау және…

Read More

Шығыс Қазақстан тұрғындары көктемде елдімекен маңайын аю кезіп жүргенін айтып талай мәрте шағымданған еді. Әсіресе Риддер, Серебрянск қалалары, Поперечное, Михайловка және Глубокое ауылдарының халқы түз тағысын көргендіктерін айтып, құзырлы органдарға жиі хабарласқан. Соның салдарынан олар әлі күнге дейін түнде далаға шығуға қорқып отыр. — Тұрғындардан әр апта сайын шағым түседі. Жануарлар мемлекет қарауында болғандықтан оларды түгел атып тастай алмаймыз. Біздің инспекторлар шағым түскен жерге барып, қатты дыбыс пен жарықты қолдану арқылы аюды үркітіп, ауыл маңынан алшақтатуға тырысады, — деді Орман және аңшылық жедел әрекет ету жасағының инспекторы Вадим Литвиненко. Фото: Видеодан скрин Сондай-ақ инспектор жидек пен жаңғақтардың жетіспеушілігінен қорек іздеген…

Read More