Автор: qaztimes

– Димаштың тыңдармандары арнайы платформа жасау керектігін ұсынды. Себебі, олар сүйікті әншісінің не туралы айтып жатқанын түсінгісі келеді екен. Біз осы ұсынысты мамандармен ақылдасып, караоке стилінде жасап шықтық. Әнші фанаттарының басым бөлігі батыстан болғандықтан, әннің сөздерін латын қарпінде жаздық, — деді ол «Jibek Joly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында. Осы қосымша арқылы қазақ тілін үйренген азаматтар қазірдің өзінде әлеуметтік желідегі парақшаға пікірлерін жазып отырады екен. – Шетелдік азаматтар Димаш арқылы тек қазақтың тілін ғана емес, әдебиеті мен мәдениетін де меңгеріп жатыр. Тіпті біздің ұлттық тамақтарымыздан дәм татқылары келетіні туралы жазады. Сондықтан, қосымшаны одан әрі салт-дәстүрлерді қосып жетілдіреміз, — дейді Айнұр Төлеу. Айта…

Read More

Сот құжаттарына сәйкес, айыптаушы тарап рэперге кем дегенде 135 айға (11 жыл 3 ай) бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 500 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеу жазасын сұрап отыр. Іс бойынша соңғы шешімді жұма күні Манхэттенде АҚШ округінің судьясы Арун Субраманиан шығарады. Сот алқасы P. Diddy-ді рэкеттік және адам саудасы бойынша ең ауыр айыптаулардан ақтап шықты, ол айыптар бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Комбс барлық айыптар бойынша кінәсін мойындамады және үкімге шағымданатынын мәлімдеді. Өткен аптада адвокаттар сотты 14 ай мерзіммен шектелуге шақырды. Егер судья қорғаушы тарапты қолдайтын болса, P.Diddy 2024 жылдың 16 қыркүйегінде қамауға алынғаннан бергі түрмеде отырған уақыты ескеріліп,…

Read More

— KazAID агенттігі Түркиядағы 2023 жылғы зардабы қатты жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған мектеп құрылысы айтарлықтай ілгері жылжып жатқанын хабарлайды. Мектеп 960 орынға арналған. Оның ішінде бастауыш мектептің 32 сыныбы, 4 мектепке дейінгі сынып бар. Құрылыс жұмыстары ортасынан асты. Бетон қаңқасы бой көтеріп, ішкі-сыртқы қабырғалары қаланып болды. Қасбет жұмыстары мен инженерлік желі тарту жұмыстары жалғасып жатыр, — деп жазылған ресми ақпаратта. Еске салсақ, 2023 жылдың ақпан айында Түркияда орасан жер сілкінісі болып, мыңдаған адам қаза тапқан болатын.  

Read More

— Қылмыстық заңнаманың қатаңдығына қарамастан, браконьерлік әрекеттер әлі де бар. Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам ақбөкен мүйізі мен 500-ден астам киік тәркіленді, — деді Н. Шәрбиев.  Оның айтуынша, Қазақстанда киік саны 2003 жылғы 21 мыңнан 2025 жылы 5 млн-ға дейін жетті. Жалпы, бүгінде жер бетіндегі киік популяциясының 99 пайызы Қазақстанда аумағында жайылып жүр. Айта кетейік, елімізде киік мүйізін заңды түрде экспорттауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде қар барысының саны артып келеді. Сонымен қатар, Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар тізіміне тағы 11 түрі енгізілмек.

Read More

Бұл туралы шешім қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясы барысында қабылданды. — Нұрсұлтан Шоқанов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына және Алматы қаласв мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқановтың жеке өтініше сәйкес мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарылды, — деді мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев. Еске салайық, бұған дейін Amanat партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Рамазан Бекбол өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Одан бұрын Қазақстан халық партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Владимир Власов пен Назерке Мундаханова өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Read More

Сессия барысында Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Сұрақ-жауап кезінде депутаттар Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменовтан «Кемел» шағын ауданында ұзаққа созылған абаттандыру жұмыстары туралы сұрады. — «Кемел» шағын ауданында аумақты абаттандыру жобасы 2021 жылы басталған. Сол уақыттан бері бізде 2 мердігер болды және екеуімен де сот болды. Бұл істер Алматы әкімдігінің пайдасына шешілді. Сот үкімімен алдын ала берілген қаражат қайтарылады, — деді ол. Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңына дейін ескірген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың қазан айына дейін аяқталады. Еске салайық, бұған дейін Алматыда опырылған жол үшін мердігер жауапқа тартылды.  

Read More

Бұл оқиға шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әріптестік байланысты кеңейту, Қазақстан мен Германияның бизнес-қауымдастығы арасында тәжірибе алмасуда екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі. «Partnering in Business with Germany» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі арасындағы бірлескен мәлімдеме негізінде он бес жылдан бері іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 800-ден астам қазақстандық кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтіп, бизнес жүргізудің заманауи әдістерін игерді. Өндірісті жаңғыртып, келісімшарттар жасасты. Лицензиялар мен франчайзингтер сатып алды. Биыл да қазақстандық қатысушылар бағдарламаның мүмкіндігін белсенді пайдалануды жалғастыруда. Оқу GISMA бизнес дамыту орталықтарында (Берлин, Потсдам) Ганновер көрмесіне, COGNOS (Гамбург) аймақтық көрмелерге, EABW (Тюбинген) денсаулық…

Read More

Ханчжоудағы компания Hugging Face әзірлеушілер форумындағы жазбасында DeepSeek-V3.2-Exp моделін «келесі ұрпақ архитектурасына қадам» деп сипаттады. Негізгі жаңалықтардың бірі — DeepSeek компаниясының Sparse Attention технологиясы, ол есептеу шығындарын азайтады және бірқатар тапсырманың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде DeepSeek сыртқы қызметтерге қосылуға арналған бағдарламалау интерфейсі API бағасының 50% -дан астам төмендегенін жариялады. Бұл жаңа технологиялық серпіліс бұрын Силикон алқабының және жаһандық инвесторлардың назарын аударған V3 және R1 үлгілері шығарылғаннан бері DeepSeek-тің ең маңызды өнімі болмақ. Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында DeepSeek-R1 үлгісі жетекші технологиялық компаниялар акцияларының күрт және қысқа мерзімге құлауына және ЖИ саласына қаржы салу туралы пікірдің асыра сілтеу…

Read More

Экономика және қаржы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бауыржан Құдайбергенов нақтыланған қала бюджеті 3,6 млрд теңгеге азайтылып, 2025 жыл үшін бюджет 2 трлн 508,4 млрд теңге болатынын айтты. — Қаржыландыру көлемін қысқарту туралы шешім нысандарды іске асырудың сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған. Ең алдымен, мердігер ұйымдарға жүргізілетін тексерулер барысында анықталған барлық ескертулерді нысандарды толық пайдалануға бермей тұрып жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа бастамаларды іске асыруға 16,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, — деді ол. Ведомство басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға қосымша 66,1 млрд теңге бағытталды. Білім беру саласына 41,2 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде: 6 мектептің құрылысын бастау және жаңғырту жұмыстары,…

Read More

ҰҚК облыстық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасовқа аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады, пара беруге және алуға итермеледі, заңсыз табысты заңдастырды деген айып тағылып отыр.  Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 2020 жылы пандемия кезінде медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдарын сатып алу схемасына араласқан. Мемлекет бөлген қаржының бір бөлігі жылжымайтын мүлікке жұмсалған деген күдік бар. Сот отырыстары барысында айыпталушы мен оның жақындарының мүліктік операцияларын талдауға ерекше көңіл бөлінді. Сотқа 2020 жылы Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінен 34 миллион теңгеге екі деңгейлі пәтер сатып алынғаны жөнінде дәлелдер ұсынылды. Тергеу дерегінше, бұл жылжымайтын мүлік Сарбасовтың жұбайының әпкесі — Ботагөз Мырзабаеваның атына рәсімделген. Араға екі…

Read More