Автор: qaztimes

Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. Әп дегеннен «Қайрат» ойыншылары қонақтарға қауіп төндіріп, Куртуаның қақпасын торуылдаумен болды. Алайда Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшылар да қарап қалмады. Орайы келгенде шабуылға шығып, Шерхан Қалмырзаның да шеберлігін тексеріп көрді.  Кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. «Реалдың» үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58 минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті.  Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының…

Read More

Департамент кейбір тұтынушылардың әділдікке қол жеткізуіне көмектескен. Мәселен, «Павлодар-Водоканал» ЖШС жаңа тұтынушылардан техникалық қызмет көрсету және құбырларды жуу үшін заңсыз ақы талап еткен. Шын мәнінде, бұл жұмыстар бұған дейін орындалған екен. – Кәсіпорынға заңбұзушылықтарды жою, тұтынушыларға заңсыз өндірілген сомаларды қайтару және сумен жабдықтауға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы ұйғарым жіберілді. Ол толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Заңбұзушылық нәтижесінде алынған кірістің он пайызы мөлшерінде айыппұл салынды. Ол да толығымен төленді. Жалпы жыл басынан бері өңір монополистеріне салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асты, — дейді өңірлік табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов. Еске сала…

Read More

Бүгін Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен туризм саласының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған облыстық басқармалар, кәсіпкерлер палатасы, туристік компаниялар мен демалыс орындарының өкілдері қатысты. Фото: Абай облысының әкімдігі — Туризм — еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында осы салаға айрықша назар аударғаны белгілі. Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі биыл Алакөлге ерекше көңіл бөлді. Наурыз айынан бастап өзім бірнеше рет барып, көшпелі жиындар өткіздім. Жағалауға 2018 жылдан бері жөндеу жүргізілмегенін ескере отырып, облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлдік. Туризмді дамытуда кәсіпкерлердің рөлі айрықша. Бұл сала сіздердің қолдауларыңызсыз дамымайды. Сол себепті…

Read More

Бұл кездесуде алматылық футболшылар қарсыласына 1:4 есебімен жол берді. «Қайрат» U-19 — «Реал Мадрид» U-19 (Испания) — 1:4 Голдар: Исмаил Бекболат 58 — Хайме Портерос 8, Виктор Вальдепеньяс 18, Роберто Мартин 38, Якобо Ортега 77. Олар алғашқы турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) клубына 2:3 есебімен есе жіберген еді. Енді олар алдағы ойынын 21 қазанда Кипрдің «Пафос» U-19 командасына қарсы өткізеді.Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда…

Read More

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіттің синтетикалық есірткіні интернет арқылы таратуға қатысы бар. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Петропавлға келген күні аса ірі көлемдегі психотроптық заттармен ұстаған. Тексеру кезінде жігіттен 34 түйіншек мефедронның аналогы анықталды. Сонымен қатар жалдамалы пәтерінен тағы 60 түйіншек табылды. Барлығы 104 грамм «синтетика» тәркіленді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Фото: СҚО Полиция департаменті Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі саудасын ұйымдастырушылар жастарды «оңай табыспен» қызықтырып, азғырады. Алайда олардың әрекеті көбіне алғашқы күндерде-ақ әшкереленіп жатады. Жыл басынан бері СҚО-да есірткі сату күдігімен 40-тан астам адам ұсталды, олардың 36-сы – 25 жасқа дейінгі жастар. Мамандар аса ірі көлемде…

Read More

— 30 қыркүйек күні «Омбы-Майқапшағай» трассасының Чернорецк ауылынан 5 шақырым жерде «ГАЗ-53» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жол жиегінде тұрған «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Апаттан ГАЗ-53 жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды. Тағы бір жолаушы жарақат алды, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Тәртіп сақшылары қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Жарақат алған жолаушы №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген. Полиция департаменті мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру да маңызды. Еске сала кетейік, Павлодар-Астана…

Read More

Нұрлан Сауранбаев Алматыда өткен «Жаңа Жібек жолы» VIІ халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында сөйлеген сөзінде көлік инфрақұрылымы саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті. Министр соңғы кездері Түркия, Пәкістан, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан және Ресейге жасаған сапарларын, онда түрлі форумдарға қатысқанын тілге тиек етті. — Форум – бұл кездесу ғана емес, пікір, ой, тәжірибе алмасу. Сапар барысында біз елдер арасында байланыс пен ақпарат алмасудың аз екенін көріп отырмыз. Мәселен, Түрікменстан Қазақстанға заманауи бетон жол салып жатыр. Біздің жеке жобаларымыз бар, жолдарымыздың өткізу мүмкіндігі де әртүрлі. Қырғызстанда да, Ресейде де жағдай осыған ұқсас. Сондықтан форумдар біздің жоспарларымызды үндестіруге және ақпарат алмасуға бірегей…

Read More

Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.«Қайрат»: Шерхан Қалмырза​ (Қ) — Луиш Мата, ​Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Еркін Тапалов — Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Валерий Громыко — Жоржиньо, Дастан Сәтпаев; Қосалқы құрам: Диас Реймов (Қ), Бахтияр Алдашев (Қ) — Лев Кургин, Александр Широбоков — Әдәлет Садыбеков, Олжас Байбек, Юг Станоев, Гиорги Зария — Эдмилсон, Рикардиньо;«Реал Мадрид»: Тибо Куртуа (Қ) — Фран Гарсия, Дэвид Алаба, Дин Хейсен​, Рауль Асенсио — Орельен Чуамени, Дани Себальос, Арда Гюлер — Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Килиан Мбаппе; Қосалқы құрам: Андрей Лунин (В), Хавьер Наварро (В) — Альваро Каррерас,…

Read More

— Тараптар саяси реформаларды, әлеуметтік интеграцияны дамыту, Конституциялық Соттың рөлін күшейту және бір палаталы Парламент құру бастамасын талқылады. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев ЕКПА-ның Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитетінің Төрағасы Бертран Буикспен жүздесті, — делінген хабарламада. Фото: ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі Айта кетейік, Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады.  — Бүгін Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы демократиялық реформаларды қолдауды растайтын қарар қабылдаған кезде, біз 2004 жылы қол қойылған мекемелеріміз арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімде көзделгендей, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, институционалдық және саяси диалогты тереңдетуге және ортақ құндылықтар негізінде прогресті ілгерілетуге өз міндеттемелерімізді қайта жариялаймыз, — делінген мәлімдемеде.  

Read More