Автор: qaztimes

Уразбахтин екі команданың деңгейі екі бөлек екенін айтты. Ол өз кезегінде «Реал Мадрид» Еуропаның ең үздік клубы деп танылса, «Қайрат» 100-дікке кірмейтінін атап өтті.  — Біздің құрамның құны — 12 миллион еуро, «Реал Мадрид» командасының құны — 1,4 миллиард еуро. Олардың бір ойыншысы бүкіл лигамыздың құнымен бірдей. Біз қай жерде тұрғанымызды түсінеміз. Иә, жеңілу көңіл көншітпейді, бірақ біз Мбаппеге қалай төтеп бере аламыз?! Дегенмен, «Реал» сияқты клубтармен бәсекелестік арқылы біз тек ойынымызды жақсарта аламыз. Біздің футболшалар үздік қарсыластармен ойнағанның пайдасын көреді. Біз осындай жеңілістер арқылы күшейеміз. Ендігі мақсатымыз — еуропалық додалардың негізгі кезеңдеріне мүмкіндігінше жиірек жолдама алу, осылайша мұндай суперклубтар…

Read More

– Халықаралық қарттар күні қарсаңында аға буын өкілдерімен кездестім. Зейнет жасындағы адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру және оларды қоғамға белсенді жұмылдыру мақсатында тұрақты әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Олардың бірі – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын» ашу. Қазіргі уақытта қалада оның 6 филиалы бар. Олар елорданың барлық ауданында орналасқан. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 20-ға жуық түрлі бағыт бойынша үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Мұнда жаттығу залдары, компьютерлік сыныптар, вокал және шығармашылықпен айналысуға арналған бөлмелер бар. Сол сияқты қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары, мәдени шаралар және т.б. пайдалы іс-шаралар өткізіледі, — деді қала әкімі.  Фото: Астана әкімдігі Сондай-ақ ол «Белсенді…

Read More

Вице-министр Ермек Кенжеханұлының айтуынша, осы жылдың 8 айында 807 млрд теңге инвестиция игерілді. Оның ішінде ауыл және балық шаруашылығына — 591 млрд теңге, азық-түлік өнімдері өндірісіне — 134 млрд теңге, сусындар өндірісіне — 82,1 млрд теңге бағытталған. Бірқатар өңірлер жоспарды артығымен орындады: Атап айтқанда, Шымкент қаласы — 146%, Солтүстік Қазақстан облысы — 133%, Ақмола облысы — 111%, Алматы қаласы — 106%, Алматы облысы — 105%, Павлодар облысы — 102% қамтыды. Ал, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарында белсенділіктің төмендігі байқалады. Биылғы жылға арналған Жол картасы нақтыланғаннан кейін инвестициялық жобалардың саны 274-ке дейін…

Read More

Министрліктің мәліметінше хатшыдан бастап оператор, тіпті бухгалтерге дейін — күнделікті құжат пен мәлімет өңдеумен айналысатын қызметтер үлкен қауіп аймағында екен. — Еңбек министрлігі ЖИ саласындағы жұмысшы мамандарға қатысты талдау жүргізді. Есеп-қисапқа жауап беретін мамандықтар тізімде көш бастап тұр, — дейді Нысанбай Сисен. Десе де, мамандық жабылады екен деп қол қусырып отыруға болмайды, — дейді мамандар. Керісінше жаңа пайда болатын қызметтерді меңгерген дұрыс. Жаңа мамандықтар мен осы бағытта біліктілікті арттыру курстары туралы толық ақпаратты Skills Enbek платформасы арқылы білуге болады. Фото: Jibek Joly — Skills Enbek платформасы іске қосылды. Аталған платформада болашақта пайда болатын немесе жойылатын мамандықтар бойынша тиісті деректерді табуға болады. Кез-келген ҚР азаматы қосымшаға…

Read More

Ә.Бақаев биылғы жылы стратегиялық серіктестікке дейін көтерілген Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастардың қарқынын жоғары бағалап, Астананың өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық спектрін жан-жақты дамытуды жалғастыруға ұмтылысын жеткізді. Министрдің орынбасары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ерекше серпін беретін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам арасындағы жоғары деңгейде қалыптасқан диалогтың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде елші өзінің қызметі кезінде көрсетілген қолдау үшін шын жүректен ризашылығын білдірді және Ханойдың Астанамен өзара құрмет, сенім және бір-бірінің мүдделерін ескеру негізінде сындарлы ынтымақтастықты құруға дайын екеніне сендірді. Фото: ҚР СІМ Тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер, сондай-ақ қолданыстағы…

Read More

Алғашқы минутта алматылық клуб алға қарай ұмтылды. Осындай сәттің бірінде шабуылшы Дастан Сәтпаевтың баспен ұрған добы мадридтік клуб қақпашысы Тибо Куртуаның қолынан табылды. Алматылық клуб одан кейін де «Реал Мадрид» қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Испаниялық клуб ойын барысында тізгінді қолға алуға тырысты. Осындай сәттердің бірінде «Қайрат» ойыншылары өз айып алаңында тәртіп бұзды. Ойынның 26-минутында Килиан Мбаппе алматылық клуб қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ.  Осылайша бірінші кезең 1:0 есебімен «Реал Мадридтің» басымдығымен аяқталды.Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді. Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания),…

Read More

Ол 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерге толық тыйым салуды, ал 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге – тек ата-анасының жазбаша келісімімен пайдалануға рұқсат беруді ұсынды. Депутаттың пікірінше, интернет пен әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдалану балалардың психикалық және рухани дамуына кері әсер етуі мүмкін. Ол биыл ел үкіметі «Бала құқығын қорғау туралы» заңға жалған және зиянды ақпаратқа қатысты бірқатар өзгерістер енгізгенін атап өтті. Дегенмен, заңға балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануын бақылауға алуға мүмкіндік беретін қосымша түзетулер қажет екенін айтты. Сарапшылар әлеуметтік желілерге толық тыйым салу мәселені шешпейтінін, бұл мәселеде сақтық пен жан-жақты тәсілдің қажет екенін алға тартады. Олардың…

Read More

Атап айтқанда, айыппұлдар едәуір өсіп, елге қайта кіруге тыйым салу мерзімдері ұлғайтылған: Елде болу мерзімін 3 айға дейін асырып жібергені үшін – 1 000 лари (шамамен 360 доллар) айыппұл салынады және елге алты ай бойы қайта кіруге тыйым салынады; 3 айдан 1 жылға дейін — 2 000 лари айыппұл және 2 жылдық тыйым; 1 жылдан асқан жағдайда — 3 000 лари және 3 жыл бойы елге кіре алмайды. Бұрын бұл санкциялар әлдеқайда жұмсақ болған. Транзит ережелерін бұзғаны үшін — 500 лари айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, шетелдіктерді шақыру кезінде белгіленген рәсімдерді бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты жауапкершілік те күшейтілді —…

Read More

Облыс орталығындағы автобустардың бірінде жүргізуші рульде келе жатып, ұялы телефон арқылы бейнеконференция өткізген. Телефонға жиі қарағыштап жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. — Күн сайын автобустардың, маршруткалардың және трамвайлардың жүргізушілері телефонға алаңдап, жолаушылардың өмірін қатерге тігетінін көреміз. Жақында қала тұрғындарының бірі автобуста келе жатып жүргізушінің рульде отырып бейнеконференция өткізгенін көрген. Ол дауыс көтере сөйлесіп, қатты күлген. Жолаушылар өз өмірлері үшін алаңдағандарын айтады, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланғаны үшін 2360 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Еске сала кетейік, Павлодарда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан 7 адам…

Read More

Түркия, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Индонезия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Катар және Мысырдың Сыртқы істер министрлері АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған кешенді жоспары жарияланғаннан кейін бірлескен жазбаша мәлімдеме жасады. Жоспар 20 тармақтан тұрады. Сегіз мемлекет АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған көшбасшылығы мен шынайы күш-жігерін жоғары бағалап, оның өңірде бейбітшілік орнатуға деген табандылығына сенім білдірді. Мәлімдемеде аталған мақсаттарға қол жеткізу жолында АҚШ-пен ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Министрлер бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ететін келісімді жасау мен іске асыру үшін АҚШ және басқа да мүдделі тараптармен белсенді әрі сындарлы жұмыс істеуге дайын екендерін…

Read More