Автор: qaztimes

Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру. Эстафета аясында тек қоқыс жинау ғана емес, депутаттардың халықпен кездесулері, жастарға арналған open-air іс-шаралары, қоғамдық қабылдаулар және таза ауада «Чемпиондық рух» жаттығулары өтеді. Сонымен қатар «Вандализмге жол жоқ!» жобасы шеңберінде «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені, «Ақыртас» сарай кешені, «Бірлік» монументі және ежелгі Сауран қалашығы сияқты тарихи нысандар тазартылып, абаттандырылады. Осылайша road-эстафета табиғатты қорғау, мәдени мұраны сақтау және экологиялық…

Read More

6 миллиард еуро айналымы бар екі компания франциялық LVMH және Kering люкс алыптарымен осылайша бәсекеге түспек. Екі брендтің бірігуі еуропалық нарықтағы бәсекелестікті бұзбайды деп бағаланып отыр. Prada компаниясы Versace брендін америкалық Capri Holdings тобынан алады. Аталған топ келіссөз барысында сәнді тауарлар нарығындағы дағдарыс пен кейінгі айларда АҚШ-тың импорттық баж салығын арттыруға байланысты айтарлықтай төмендетілген бағамен сатуға келісім беруге мәжбүр болды. Франциялық LVMH және Kering компанияларымен бәсекеге түседі – Екі компанияның бірігуі жыл сайынғы айналымы 6 миллиард еуродан асатын италиялық сәнді тауарлар конгломератын құруға мүмкіндік береді. Осылайша олар Франция алпауыттары LVMH және Kering-пен бәсекеге түседі, — деп хабарлайды AFP.  Агенттік Франция…

Read More

Алайда Жезқазғанда, Ақтөбеде және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – зиянды (ластаушы) заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ орын алған кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы. Бұған дейін 30 қыркүйекте Астана мен Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ауа райы күтілетіні хабарланған еді.

Read More

«БҰҰ Палестина, Израиль және бүкіл аймақ халықтары үшін бейбітшілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа ықпал ететін кез келген күш-жігерді қолдауда берік ұстанымда», – деп жазды Бас хатшы әлеуметтік желі X парақшасында. Гутерриш сондай-ақ араб және мұсылман мемлекеттерінің бейбітшілікке қол жеткізу мен атысты тоқтатудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. «Барлық тараптар келісім бойынша міндеттемелерді алып, оны орындауы аса маңызды», – деді ол. Еске салсақ, Ақ үй 29 қыркүйекте ұсынған құжат 20 тармақтан тұрады. Онда Израиль әскерлерін Газадан шығару және әскери қимылдарды тоқтату есесіне кепілге алынған адамдарды босату көзделген. Келісім бекітілген соң шарттарды орындауға 72 сағат беріледі. Египет, Иордания, Индонезия, Катар, Біріккен Араб…

Read More

Әлемдік додада 18 балуан ел намысын қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына төмендегідей дзюдошылар енген. Беделді бәсекеде еліміздің атынан ұлдарда Талғат Орынбасар мен Телжан Сұлтанбай (60 келі), Ақылжан Жұбатқанов пен Қайырхан Абдрахман (66 келі), Омар Нұрбергенов (73 келі), Даниил Крылов пен Арман Билалханов (90 келі),Асқар Бержанов (100 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) татамиге шығады.  Ал қыздарда Тасним Әбдуәлі мен Сабина Юлдашбекова (48 келі), Нұрайлым Сәрсенбек пен Аяулым Қайрат, Дана Әбдірова (57 келі), Дильназ Досберген (63 келі), Көркем Орымбек (70 келі), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметова (78 келі) секілді балуандарға сенім артамыз. Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан…

Read More

Тергеу кезінде Алматы қаласынан Жетісу облысына есірткі жеткізіп, сақтаумен айналысқан азаматтың әрекеті әшкереленді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы облысының Шамалған ауылында 51 жастағы ер адам ұсталды. Кейіннен күдіктінің тұрғылықты жерінде және Жамбыл облысы Меркі ауданындағы мал шаруашылығы қоймасында тінту жүргізіліп, ерекше иісі бар, қарасораға ұқсас өсімдік тектес зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 10 келіден асты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұншама көлемдегі есірткі 10 мыңнан астам адамды тыйым салынған заттарды тұтынуға итермелеуі мүмкін еді. Алайда полицияның жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында қауіпті өнімнің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп…

Read More

Алонсо алматылық клуб Чемпиондар лигасында лайықты ойнайтынын айтты.  — Біз Чемпиондар лигасының ойыны алматылықтар үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. «Қайрат» кездесудің басында өте жақсы ойнады. Ал, біз керісінше бұл алаңда өзімізді жайсыз сезіндік және алғашқы минуттарда командалық ойын көрсете алмадық. Бірақ пенальтиден кейін менің командам жақсы ойнай бастады. Жалпы мен «Қайрат» футболшыларының жанкештілігіне риза болдым, — деді Хаби Алонсо.  Бас бапкер командасымен бірге Алматыны аралап үлгермегенін, алайда Алматы тауларына барғысы келетінін жасырмады.  — Бұл жерде атмосфера керемет болды деп айта аламын. «Қайрат» командасына, Алматыға және Қазақстан мемлекетіне бар жақсылықты тілеймін. Бүгін басты мақсатымызды орындап, жеңіске қол жеткіздік. Неғұрлым көп гол…

Read More

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов бастаған белгілі ақын-жазушылар мен мәдениет майталмандары қатысты. Байқау алғаш рет 2019 жылы форум ретінде бастау алып, уақыт өте халықаралық деңгейдегі беделді әдеби жобаға айналды. Жыл сайынғы дәстүрлі дода аясында қазақ әдебиетінің поэзия, проза, драматургия, сатира, балалар әдебиеті және аударма жанрларындағы үздік туындылар анықталады. Әдеби байқаудың негізгі мақсаты – қаламгерлердің есімдерін ұлықтау және олардың жолын жалғап келе жатқан бүгінгі буынның шығармашылығын қолдау. Биылғы байқау қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қуандық Шаңғытбаевтың 100 және сатирик-жазушы, ұстаз Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналды. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден барлығы 140-тан астам шығарма қабылданды.…

Read More