5 күн бұрын елорданың «Көктал» саябағынан марафонды бастаған әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында мәреге жетті. Мұнда оны салтанатты жағдайда қарсы алды. Әскери оркестр өнер көрсетіп, марафоншымен және онымен күн сайын бірге еріп жүрген команданы бауырсақпен сыйлап, сап алаңында қуаныш пен мақтаныш сезімге толы ерекше атмосфера орнады. Фото: Қорғаныс министрлігі Жеңімпазды Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, қызметтестері мен туған-туыстары қарсы алды. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 3-сыныпты сержант Рауан Әбілхановтың бұл жетістігі әскери қызметшілердің рухын көтеріп, табандылығы мен патриотизмінің жарқын үлгісі болғанын атап өтті. Фото: Қорғаныс министрлігі – Спорт пен армия – егіз ұғым, – деді ол. –…
Автор: qaztimes
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 547,77 теңге, сату — 549,76 теңге;— еуро: сатып алу — 640,74 теңге, сату — 641,18 теңге;— рубль 6,48 — 6,61 теңге аралығында саудаланады.— юань 76,49 — 79,12 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 545,74 теңгеден сатып алынады, 550,70 теңгеден сатылады;— еуро: сатып алу — 639,43 теңге, сату — 647,37 теңге;— рубль: сатып алу — 6,55 теңге, сату — 6,70 теңге.— юань 76,48 теңгеден сатып алынады, 80,29 теңгеден сатылады; Еске салайық, 30 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,29 теңгеге қымбаттап, 549,06 теңге болды.
— Мен әскери міндетті дереу енгізуді қолдаймын, — деді министр. Ол осы мәселені бірнеше рет көтергенін еске салды. — Алайда біз бұл сұрақты коалиция ішінде талқылауға мәжбүрміз. Үкімет өз ұсыныстарын жариялады, енді парламенттегі фракциялар келіссөздер жүргізіп, заңның қандай болатыны жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Сонымен қатар барлық жағдайды ескеру қажет, — деп түсіндірді Вадефуль. Күтіліп отырғандай, Бундестаг алдағы аптада Германиядағы әскери қызметтің жаңа үлгісі жөніндегі заң жобасын алғаш рет талқылайды. Германия Қорғаныс министрлігі Бундесвердің санын 260 мың әскери қызметкерге, ал резервін 200 мың адамға дейін арттыруды көздеп отыр. 27 тамызда Германия үкіметі Қорғаныс министрі Борис Писториустың жаңа әскери қызмет үлгісін қарастыратын заң жобасын қабылдаған еді. Ол Швеция тәжірибесіне…
Бұған қатысты Алтай ауданының ТҮКШ, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының бұйрығы шықты. — 29 қыркүйектен бері ауданның әлеуметтік нысандарына жылу беріліп келеді. Ал 30 қыркүйектен Алтай қаласындағы көпқабатты және жер үйлерге жылу беріле бастады. Жылуға қосылу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, — деп хабарлады аудан әкімдігінен. Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 24 қыркүйектен бері жылу беріле бастаған. Ал Өскемен қаласында 1 қазаннан бастап үйлерге жылу берілетіндігі хабарланған.
Бүгін – халықаралық қарттар күні 07:34, 01 Қазан 2025
Қай өңірде қариялар көп 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда 2 млн 370 мың зейнеткер бар. Оның ішінде әйелдер саны екі есе басым: 883 106 ер және 1 626 433 әйел бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 65-тен асқан егде жастағы халық үлесі 9,2%-ке жеткен. Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында егде жастағы халықтың үлесі — 15,7%, Шығыс Қазақстан облысында — 16,3%, Қостанай облысында — 14,1% болып отыр. Солтүстік өңірлерде халықтың қартаюының негізгі факторы — жастардың көші-қоны. Ал 100 және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті. Жүз жасқа толғандардың ең көп саны еліміздің ең ірі қаласы…
ЕСІМДЕР 95 жыл бұрын (1930) қазақ антропология ғылымының негізін қалаушы, ғалым-антрополог Оразақ СМАҒҰЛ дүниеге келді. Фото: satbayev.university Қостанай облысында туған. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолы: 1959-1961 жылдары КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты, 1961 жылдан Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері болды. Олардың ұйымдастыруымен 36 экспедициялық және далалық зерттеулер жүзеге асырылды. Оның ішінде үнді-кеңес (1974-1975), қазақ-моңғол (1991-1992) және қазақ-италия (1993-1994, 2002-2004), т. б. антропологиялық экспедицияларында болды. Қазақстан мен Қырғызстанның биік таулы аймақтарына бейімделу мәселелерін аймақтың этноүрдістерімен байланыстыра зерттейтін халықаралық ғылыми жобаға жетекшілік етті. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 20-ға жуығы АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия,…
1 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында түнде -2…-3°С-қа дейін үсік жүреді. Жамбыл, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да қар аралас жауын-шашын күтіледі. Алматы, Түркістан, Қостанай, Павлодар және өзге де өңірлерде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 1 қазанда қатты жаңбыр жауады. Қонаевта жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда ауа температурасы +8…+10°С-қа дейін төмендейді. Шымкентте найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.
1 қазан. Жылнама 07:00, 01 Қазан 2025
Жер асты дүмпулерін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді. Зілзала Бого қаласында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасқан. Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде түсірілген кадрлар жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, Бантаян аралындағы католик шіркеуі құлаған. Себу аралының солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан 26 адам қаза тауып, тағы 147 адам жарақат алған. Себу – Висай аралдар тобының экономикалық және саяси орталығы. Мұнда халықаралық әуежай, теңіз порттары орналасқан және ол елдің негізгі аралдарымен байланысты қамтамасыз етеді. Жергілікті билік қираған ғимараттардың алғашқы суреттерін жариялады. Қаза тапқандардың көбі Бого қаласында тіркелген. Сонымен бірге Сан-Ремихио қаласында да адам шығыны бар. Айта кетейік, 13 қыркүйекте Камчаткада…