— Қазақстанда алаяқтық тәсілмен азаматтардың атына жүйелі түрде кредит ресімдейтін ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істеп келеді. Бұл мәселенің ауқымы орасан. Оған маған және партиямызға түсіп жатқан өтініштер дәлел бола алады. Шығыс Қазақстан облысында осы схеманың әрекетінен зардап шеккен азаматтар маған жүгінді. Белгісіз нөмірлерден қоңырау шалған адамдар азаматтарды жекелеген банк филиалдарына жіберіп отырған. Азаматтар мен олардың туыстарына жалған несиелер осы филиалдар арқылы беріліп келген. Партиямызда біз құқық қорғау органдарына ұсынатын осындай қызметкерлердің тізімі бар, — дейді ол. Депутат осы күмәнді адамдарды Ішкі істер министрлігі тексеру керек деп есептейді. — Ішкі істер министрлігі екінші деңгейдегі банк менеджерлерінің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізіп, жалған сенімхат арқылы…
Автор: qaztimes
Елшіліктің Instagram парақшасында мынадай ақпарат жарияланды. — Қаржыландырудың уақытша тоқтауына байланысты бұл аккаунтта толық жұмыс қайта басталғанға дейін жаңартулар жүйелі түрде жарияланбайды. Тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты ақпарат қана жарияланады. Қазір АҚШ-та және шетелдегі АҚШ елшіліктері мен Консулдықтарда төлқұжат беру және транзит виза бойынша жоспарланған қызметтер жағдай мүмкіндік бергенге дейін жалғасады. Қаржыландыру толық қалпына келгенге дейін бұл аккаунт жаңартылмайды, тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты ақпарат қана жарияланады. Қызметтеріміз бен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты trevel.state.govсайтынан таба аласыздар, — делінген хабарламада. Айта кетелік АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтатады.
— Бұл кеңес жасанды интеллект саласында мойындалған әлемдік көшбасшылар болып саналатын 16 халықаралық мүшені біріктіріп, өзінің ерекше сараптамалық деңгейімен ерекшеленеді. Бұл — әлемде теңдесі жоқ бірегей сарапшылар тобы. Жасанды интеллект Қазақстан үшін басым бағыт және біз үш негізгі салаға шоғырланамыз: институционалдық құрылымды қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды жетілдіру, — деді сала министрі. Институционалдық құрылымымыздың негізі ретінде елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылған. Жасанды интеллект туралы заң жобасы әзірленіп, Парламентте қарауына жіберілді және ЖИ қолданудың құқықтық әрі этикалық негіздері айқындалды. — Қазақстан озық технологиялық инфрақұрылымды дамытып келеді. Шілде айында біз Орталық Азиядағы ең ірі кластер «ALEM Cloud» ұлттық…
— Мысалы, Қарағандыда 66 жастағы зейнеткер Г. И. Тутучкина 2001 жылдан бері психоневрологиялық есепте тұрғанына қарамастан, оның атында Halyk Bank пен Home bank-те жалпы сомасы 5 081 543 теңге болатын қарыз бар. Бүкіл мемлекеттік платформаларда оның денсаулық жағдайы туралы растайтын құжаттар бар, — дейді депутат. Оның сөзінше мұндай мысалды жүздеп келтіруге болады. — Миына зақым келгені туралы диагноз қойылған ІІ топтағы мүгедек А. В. Григоращенконың ЭЦҚ кілті мен ұялы телефоны жоқ екеніне қарамастан атына Halyk Bank-тен 832 990 теңге кредит рәсімделген. Мүгедектің 86 жастағы анасы құқық қорғау органдары мен банктердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Мұндай мысалдар жүздеп кездеседі. Зардап шегушілер сотқа…
«ҚазАвтоЖолдың» деректеріне сәйкес, 1 қазанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай мен Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжануда. — Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада. Айта кетелік Қостанайда қар жаууына байланысты полиция қызметі күшейтілген еді.
— Болжамға сәйкес, өңірлердің кірісі 2026 жылы 10,7 трлн теңгеге, 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін артады немесе өсім 24 пайыз. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығыстарының болжамды көлемі инфляцияға индекстеу және өңірлердегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар санының болжамын ескере отырып есептелінді. Бюджет кодексінің жаңа талаптарына сәйкес, шығыстарға шолу жасалды, — деді ол. Оның атап өтуінше, параметрлер болжамын есептеу барысында жергілікті атқарушы органдардың қарыздарға қызмет көрсету және өтеу шығыстары, бюджет кредиттері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша мемлекеттік міндеттемелер, имидждік шығыстар, гранттар, зерттеулер, консатингтік қызметтер, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар ескерілген жоқ. — Бұған қоса, жергілікті бюджеттер базасына мақсатты ағымдағы трансферттерді қостық. 2026 жылы ол 676 млрд…
«Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Есте болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру және қолдау шараларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар аясында биыл «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 1 қазаннан басталады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, басты мақсат – ауыл шаруашылығы өкілдерін алдын ала қаржыландыру. Бұл жаңа ауыл шаруашылығы маусымына тиянақты дайындалуға, жанар-жағармайды қолайлы бағамен сатып алуға, тыңайтқыш алуға, техниканы жөндеуден өткізуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жол ашады. Дәл осы кезеңдегі қаржылай қолдау егіс науқанын табысты өткізу үшін шешуші…
Бұл күні Германияның «Бавария» клубы сырт алаңда Кипрдің «Пафосын» 5:1 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Гарри Кейн 15-минутта есеп ашса, одан кейін Рафаэл Геррейру 20, Николас Джексон 31-минутта мергендік танытты. Ал Гарри Кейн 34-минутта тағы бір мәрте гол соқса, кипрлік клубтан Мислав Оршич есеп айырмасын қысқартты. Ойынның 68-минутында германиялық клубтан Майкд Олисе қорытынды есепті белгіледі. Сондай-ақ Англияның «Челсиі» Португалияның «Бенфикасын» 1:0, Испанияның «Атлетико Мадлриді» Германияның «Айнтрахтын» 5:1, Италияның «Интері» Чехияның «Слованын» 3:0 есебімен жеңді. Ал «Бодо-Глимт» (Норвегия) мен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) 2:2 есебімен тең түссе, франциялық «Марсель» нидерландтық «Аяксты» 4:0, түркиялық «Галатасарай» Англияның «Ливерпулін» 1:0, италиялық «Аталанта» Бельгияның «Брюггесін» 2:1 есебімен…
Айта кетейік, 26 қыркүйекте палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланған еді. Соған орай депутаттардың талқылауына бірқатар халықаралық құжатты ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады. 2020 жылғы 6 қарашада қол қойылған ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімде экспорт, транзит және межелі елдерде міндетті рұқсат алумен қатар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар және тасымалдаушылар үшін бірыңғай ережелер мен қауіпсіздік талаптары нақтыланады. Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге 2024 жылы 10 қазанда Ашхабадта қол қойылды. Құжат қылмыстың 14 түрі, оның ішінде, ұйымдасқан қылмыс, терроризм, экономикалық және есірткіге байланысты қылмыстар…
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба аясында қызметтік ғимарат жөнделіп, ескі темірбетон плиталары алынып тасталып, бөгет нығайтылады. Сондай-ақ ойықтар мен қуыстар толтырылып, шайылған жерлерді бекіту және бетон тіректерін нығайту көзделген. Жұмыстар аяқталған соң 4,3 мың гектар егістік алқапқа сапалы су жеткізу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ жалпы саны 10 900 адам тұратын төрт елді мекенді ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады. — 2023 жылы еліміздегі барлық гидротехникалық нысанға түгендеу жүргізілгеннен кейін су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жасалды. Онда 160-тан астам іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу…