Автор: qaztimes

Алматы әкімдігің сайтында қала әкімі орынбасарларының қатарына Нұрлан Әбдірахымның есімі енгізілген. Ол әлеуметтік сала, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларына жауап беретін болады. Нұрлан Әбдірахым 1980 жылы туған. «Қайнар» университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. Заңгер, «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы «Астанаэнергосервис» ААҚ-ында абоненттік учаскенің бақылаушысы болып бастады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қызмет атқарып, жетекші маманнан департамент директоры және Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарды атқарды. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылы сәуірден осы уақытқа дейін…

Read More

— Ең алдымен, бұл жерде жасанды интеллектіні теріс пиғылда пайдалану секілді этикалық мәселелер сөз болып отыр. Нейрожелі берген жауапқа сеніп, оқушылар сыни пайымдау, іздену және сараптау қабілетінен айырылып қалуы мүмкін. ЖИ білім беру үдерісін жетілдіруге тиіс, бірақ оның іргелі негізін алмастырмауы керек. Сондықтан Үкімет академиялық адалдықты қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдауы қажет, — деді Президент жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында. Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект саласына маманданған жаңа зерттеу университетін құруды тапсырған еді. Сонымен бірге, мұғалімдер көп уақытын жұмсайтын күнделікті…

Read More

Ресми өкілдердің айтуынша қаза тапқандар саны артуы мүмкін, өйткені қайта-қайта жауған жауын, көпірлер мен жолдардың зақымдануы адам өмірін құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.  — Біз әлі де іздестіру-құтқару операциясының алтын сағатындамыз. Үйінділер астында қалған немесе зардап шеккен адамдар туралы әлі де көптеген хабарлама түсіп жатыр, — деп мәлімдеді Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Бернардо Рафаэлито Алехандро. Зардап шеккен қалалар мен елді мекендердегі мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды. Филиппиндік вулканология және сейсмология институтының директоры Тересито Баколколдың айтуынша, сейсенбі күні кешке жер сілкінісі болғаннан бері 600-ден астам дүмпу тіркелген. Ол қатты жер сілкінісінен кейін жаңбырлы тау беткейлері көшкін мен селге көбірек бейім…

Read More

Елордада жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында Президент еңбек нарығы күн өткен сайын өзгеріп жатқанын атап өтті. — Көптеген кәсіп иелерінің жұмысын енді автоматты жүйе атқаратын болады. Мұндай үрдіс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бұл бірқатар мамандықтың ескіруіне, яғни көптеген адамның жұмыссыз қалуына әкеп соқтырады. Бұл — аса өзекті мәселе. Осы жұмысты қазірден бастап қолға алмасақ, мұндай үрдістің әлеуметтік салдары ауыр болады. Жұмыссыздық белең алып, тұрмыс сапасы төмендеп, әлеуметтік теңсіздік күшеюі мүмкін, — деді ол. Бірақ бұл жерде де жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға болады. Мәселен, ақылды технологиялар қызметкерлердің мықты не әлсіз тұстарын айқындап, кәсіби шеберлігін дамыту үшін нақты ұсыныстар бере алады. — Мамандарды қайта даярлауға…

Read More

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде үйлердің толықтай өртке оранғаны анықталған. Қоңыраудың кеш түсуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Фото: Алматы облысы ТЖД — Өртті сөндіруді жоғары температура, қатты түтін мен ғимараттардың құрылыс ерекшеліктері қиындатты. Сондай-ақ тар өткелдер мен тығыз салынған құрылыс қосымша кедергі болды — ғимараттар арасындағы қашықтық небәрі 1,5–2 метр еді. Өрт орнынан екі адамның мәйіті табылды, тағы бір адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД. Фото: Алматы облысы ТЖД Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдарынан 18 адам және 6 техника тартылды. Еске салайық, бұған дейін Алматыда базардағы ірі өрт сөндірілді.

Read More

Көрермен тарапынан тарихи матчқа сұраныс жоғары болды. Билеттер бар болғаны төрт сағаттың ішінде сатылып кетті. Жанкүйерлердің көбі тапсырысты рәсімдейтін кезде жүйенің істен шыққанын айтып шағымданды. Алайда мәселе мұнымен шектелмеді. Кейінірек желіде билеттерді сату туралы хабарландырулар пайда бола бастады. Ұйымдастырушылар мен полицияның ескертуіне қарамастан, матч күні алыпсатарлық тыйылмалды. Алыпсатарлар билеттерді өз құнынан бірнеше есе қымбатқа ұсынған. Тағы бір наразылық туғызған жайт — тегін таратылған VIP-шақыру билеттерінің сатылымға шығуы. Әлеуметтік желілерде белгілі әртістердің балалары мұндай шақыртуларды 500-600 мың теңгеден жоғары бағаға сатқаны айтылды. Сонымен қатар жанкүйерлер қолында билеті бола тұра, стадионға кіре алмағанын жеткізді. Кіреберістерде ұзын-сонар кезек пен жанжал мен төбелес те…

Read More

Ашық дереккөздерге сәйкес, тінту барысында күдіктінің қалтасынан және автокөлігінен салмағы 1 килограммнан асатын ұнтақ зат табылған. Аталған жайтқа байланысты Kazinform агенттігі ресми сауал жолдап, мән-жайды нақтылауға тырысты. — Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген ҰҚК-нің ресми жауабында. Еске сала кетейік, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Сонымен қатар СҚО-да биыл есірткі саудасымен ұсталғандардың дені 25 жасқа дейінгі жастар екенін жазғанбыз.

Read More

— Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен, — делінген хабарламада. Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған. Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған. — Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған, — делінген ҚМА хабарламасында. Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетелік…

Read More

— Соңғы үш жылда Жамбыл облысы мен оған іргелес өңірлердің шаруалары бұрын-соңды болмаған ауыр сынаққа тап болып отырғандарын жеткізді. 2023 жылы қуаңшылық жарияланып, төтенше жағдай енгізілгенімен, өтемақы тек суармалы жерлері бар шаруашылықтарға ғана берілді. Ал суарылмайтын жермен айналысатын фермерлер ешқандай көмек ала алмады. 2024 жылы өнім мол жиналғанымен, Ресейден арзан астықтың ағылып келуі салдарынан баға күрт құлдырады. Отандық диқандар өз өнімін өткізе алмады. Шығын жабылмады, табыс түспеді. Бұған қоса, субсидия төлемдері кешіктіріліп, шаруалардың жағдайы одан әрі ауырлады. 2025 жылы қайтадан қуаңшылық қайталанды. Түркістан облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанымен, Жамбыл облысында мұндай қадам жасалмады. Соның салдарынан субсидия да, инвестициялық қолдау…

Read More

Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты.  — Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ, бұл жұмысқа әлемнің үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге не үшін қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат — экономиканың барлық саласына ЖИ технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті білім ғылым, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек, — деді Президент. Айта кетейік, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес Президент Жарлығымен құрылған және ол — елдегі ЖИ дамытудың стратегиясын қалыптастыратын, технологияларды экономиканың негізгі салалары мен мемлекеттік басқаруға енгізуді…

Read More