Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде Медеу, Көктөбе және тауға жақын аудандардан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Онда тау беткейлерін қар жапқанын көруге болады. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда ауа температурасы +6…+7 градусқа дейін төмендеген. Қала тұрғындарына 2 қазанда да нөсер жаңбыр жауатыны туралы хабарлама келді. Еске салайық, 2024 жылы Алматыда алғашқы қар 16 қазанда жауған еді.
Автор: qaztimes
Тереңкөл, Железин, Шарбақты және Ақтоғай аудандарында үй құстары өліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қауырсын қанаттылардың қырылуы қыркүйек айының басында тіркелген. Қаз, үйрек, тауықтар бастарын қанатының астына тығып алған күйі сұлап түседі. Фото: Kazinform Ветеринария басқармасы құстардың қырылуын растады. Бірақ әзірше індеттің нақты себебі белгісіз. Сондықтан мамандар дезинфекциялық шараларды әлі бастай алмай отыр. — Өткен жұмада ветеринария бойынша референдтік орталықтан мамандар келіп, жабайы құстардың да сынамаларын зерттеуге алды. Бірақ әлі күнге дейін нәтижесі келген жоқ. Облыс бойынша өлген құстың саны 1,5 мыңға дейін жетеді, — дейді өңірлік ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов. Бұған дейін СҚО-да үй құстары белгісіз аурудан қырылып жатқаны…
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу кешелі бері күллі футболсүйер қауымның ортақ тақырыбына айналды. Бүкіл әлем алматылық клубтың жас ойыншылары туралы әңгіме етіп жатыр. Ал Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» студиясына қонақ болған Рымбек Ізғали «Қайрат» ойыншыларының ең басты қателігін атады. Фото: instagram.com/rymbek86 — Біздің жігіттер бірінші таймда жақсы ойнады. Екінші тайм, өкінішке қарай, сәтсіз болды. Бұл «Қайраттың» заңдылығы. Бұған дейін де «Спортингпен» болған ойындарда көп гол жіберіп қойып жүрді ғой. Алдағы уақытта «Қайратта» әлі де ойындар көп. Олар — Қазақстандағы демалмайтын жалғыз команда. Мысалы, қараша айында барлық қазақстандық клубтар демалысқа кетсе, тек «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы ойынын қаңтар айына дейін жалғастыра…
— Тапсырманы қабылдап, барлық нұсқаны зерттеп жатырмыз. Университеттің қай жерде және қандай үлгіде ашылатынын қазір нақты айту қиын. Әлемдік тәжірибеде түрлі модель бар. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университеті ғылыми-зерттеуге бағытталған. Онда тек магистратура мен докторантура деңгейінде білім беріледі. Ал Үндістанда ашылған университет тек бакалавриатқа маманданған. Ол оқу орнына түсетін студенттер «мен болашақта миллиардер боламын» деген мақсатпен келеді. Біз осы тәжірибелердің барлығын сараптап, Қазақстанға ең тиімді үлгісін енгіземіз. Осы мақсатта АҚШ пен Үндістандағы жобаларды да зерделейміз, — деді министр. Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу орнының тұжырымдамасы дайындалған соң, оның құрылымы мен бағыттары анықталатын болады. Бұған дейін…
Трамп бұл мәлімдемені 18 қыркүйекте Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуінде айтты. 20 қыркүйекте әлеуметтік желі арқылы «Ауғанстан Баграмдағы әуе базасын оны салғандар Америка Құрама Штаттарына бермесе, жаман жағдай болатынын ескертті. Тәліптер бұл талаптан бас тартты. Олар Доха келісімі бойынша АҚШ Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауға міндеттеме алғанын еске салды. Ауғанстанның Қорғаныс министрі Мұхаммед Якуб Муджахид АҚШ базаны өз бақылауына күшпен алмақ болса, тағы 20 жыл соғыс жүргізуге дайын екендерін жеткізді. Бас штаб бастығы Кари Фасихуддин Фитрат ауған жерінің «бір дюймін» де ешкімге берілмейтінін қадап айтты. Фото: Rahmat Gul Трамп тәліптердің ұстанымын біле тұрып неге осындай даулы мәлімдеме жасады? 2021 жылдың тамызында…
Оқиға 1 қазан күні Шахтёрлер даңғылында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, опырылған топырақ астында мердігер компанияның қызметкерлері қалған. Өкінішке қарай, олардың екеуі де оқиға орнында жан тапсырған. — Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиға» бабымен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті. «Қарағанды Су» ЖШС-сі оқиғаның болғанын растады, мердігер компания қаза тапқандардың жерлеу рәсімін толықтай өз есебінен өткізетінін мәлімдеді. — Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Біз марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, — делінген кәсіпорынның ресми түсініктемесінде. Қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған…
— Алгоритмдер шәкірттерге жеке тапсырмалар мен дайындық тесттерін әзірлеп, жауаптарды тексеріп, олармен жылдам кері байланыс орната алады. Мұндай технологиялық шешім мұғалімдердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, ұстаздық қызметімен айналысуына мүмкіндік береді. Бірақ бір нәрсе әрдайым есте болуға тиіс: мұғалімнің жанашырлығын және ақыл-парасатын ешбір технология алмастыра алмайды, — деді Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында. Сондықтан мұғалім мен оқушы арасындағы адами қарым-қатынас білім беру үдерісінің өзегі болып қалуға тиіс. — Біздің мақсатымыз — педагогтерді басы артық жұмыстан босату, өз миссиясын алаңсыз атқаруына жағдай жасау. Үкімет жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізген кезде осы қағиданы ескеруі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, елордада…
Президент білім алу мүмкіндіктерін кеңейту маңызды міндет екеніне мән берді. — Жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану орталық пен аймақ, қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын қысқартуға қолайлы жағдай жасайды. Әсіресе, бұл шағын жинақты мектептерге қатысты мәселе. ЖИ технологияларын енгізу ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз — шын мәнінде инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. Бұл — Әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғышарттарының бірі, — деді Президент. Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллект білімді дамытуға және таратуға оң ықпал етеді. Жаңа технологияларды жетік меңгерсек те, өз болмысымызды, яғни төл мәдениетімізді, құндылықтарымызды сақтап қалуға тиіспіз. — Заманауи үрдістердің пайдасы мен зиянын ажырата білуіміз қажет. Ұлт…
— Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы тергеу тобын құрдық. Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті де осы іске жұмылдырылды, яғни қызметтік тексеруді де жүргізіп жатырмыз. Бүгін сот-медициналық сараптаманың өткізілуін күтіп отырмыз, сондықтан бұл іс бойынша барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіледі, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, аумақтық полиция департаментінің кез келген лауазымды тұлғаларының кінәсі дәлелденсе, оларға қатысты ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 қазан күні Қарағандыда полицияның бір тірек пунктінде әйел адамның мәйіті анықталды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.
Бұл туралы Nasdaq деректері куәландырып отыр. Nvidia акциялары бір жыл ішінде шамамен 39%-ға өсті және инвесторларды тартуды жалғастырып отыр, өйткені америкалық компания ЖИ серпілісі жағдайында өз позициясын нығайтып, мәміле жасау қарқынын күшейтіп келеді. Өткен аптада Nvidia OpenAI-ға 100 млрд долларға дейін инвестиция салуға ниетті екені белгілі болды. Компаниялар OpenAI бағдарламалық жасақтамасы мен инфрақұрылымды дамытудың жол карталарын, сондай-ақ NVIDIA аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін бірлесіп оңтайландырады. Бұл серіктестік OpenAI және NVIDIA компаниясының Microsoft, Oracle, SoftBank және Stargate сияқты кең ауқымды серіктестерімен әлемдегі ең озық ЖИ инфрақұрылымын құруға бағытталған кең ауқымды бірлескен жобаларын толықтырады. Бірлескен жобаның бірінші кезеңі 2026 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп…