Компания мәліметінше, қардан қорғайтын қоршаулар республикалық маңызы бар «Үшарал — Достық» автожолының 111–114 шақырымында орнатылған. Құрылыс жұмыстарын «Каздорпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес мердігер ұйым «АБК-Автодор НС» ЖШС атқарды. Орнатылған қоршаудың жалпы ұзындығы — 3300 метр, екі қатар, нормативтік талаптарға сай. Аталған нысан 2023 жылғы 2 қазанда пайдалануға берілді. — Алайда сол жылдың 15 қарашасында жылдамдығы секундына 34 метрге жеткен дауылды жел салдарынан қоршаудың бір бөлігі бүлініп қалды. Бұл жағдай тиісті тексеру актілерімен, «Қазгидромет» РМК ресми қорытындысымен және Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының зертханалық сараптамасымен расталды. Аталған автожол учаскесі мердігер ұйымның кепілдік қызмет мерзіміне кіреді. «АБК-Автодор НС» ЖШС-не ресми талаптар жолданып, бүгінгі күні кепілдік міндеттемелер аясында…
Автор: qaztimes
Беларусь еліндегі халықаралық көрмеде Қазақстанның IT стартаптары таныстырылды 20:23, 01 Қазан 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады. — Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады. Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады, — делінген ведомство хабарламасында. Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады: Жылдың үздік сұхбаты Жылдың үздік репортажы Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал Жылдың үздік журналистік зерттеуі Жылдың үздік аналитикалық материалы Радиостанциядағы үздік жоба Жылдың үздік фотосуреті Жылдың үздік жаңалықтар порталы Жылдың үздік өңірлік БАҚ…
— Сіз 2017 жылы-ақ ең алғаш жасанды интеллект министрі болдыңыз. Қазақстан осындай министрлікті енді құрып жатыр. Тәжірибеңізге сүйеніп қандай қателіктерден сақ болуға кеңес бере аласыз? — Мұндай ведомствоны жоқ жерден құрып жатқан болсаңыздар, ұзақ мерзімді бағыттарға назар аудару қажет. Мысал келтірейін. Бұрын жасанды интеллектімен байланысты технологиялар адам басқаруынсыз жүретін көлік түрлеріне, қуатты есеп машиналарына керек деген түсінік болды. Үлкен тілдік модельдер туралы көп айтылмайтын. Біздің ел бұл саланы дамытуда нақты бір бағдарламалармен әуестеніп кетпей, жалпы адами капиталды дамытуға күш салды. Осының арқасында біраз нәтижеге жеттік те. Мен Президенттен және осы салаға жауапты министрден Қазақстан да осындай бағытқа бет алғанын естідім.…
Солардың бірі — 55 жасында блогерлікке қадам басқан Зәмзәгүл Нұртаева. — Шынымды айтсам, блогер болу ойымда жоқ еді. Бірақ қызым үнемі «Анашым, сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Неге парақшаңызды жүргізбейсіз?» дейтін. Ал мен қысылып, ұялып жүрдім. Сол қызымның қолдауымен блогерлікке жол бастадым. Құдайға шүкір, оқырмандарым көп. 2 айдың ішінде 20 мыңға жуық адам жазылды. Көшеде кездескенде де мені қолдап, қолпаштап отырады. Рақметтерін айтады. Соның өзі мен үшін қуаныш сыйлайды, — дейді блогер Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген онлайн сұхбатында. Зәмзәгүл Нұртаева өзінің ас үйде жүріп жинаған тәжірибесін оқырмандарымен бөліседі. — Қазір үйде отырғаннан кейін блогымды мал шаруашылығы мен аспаздық бағытында жүргіземін. Қолымнан келетін нәрсенің бәрін…
Бурак Озчивит «Осман империясы», «Қара Севда», «Керемет Ғасыр» телехикаяларымен танымал. ▶» allow=»accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture» allowfullscreen=»allowfullscreen»> — Бұл менің Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырту алып, бірден барамын деп шештім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Сый-құрметке рахмет. Маңғыстау халқының ыстық ықыласына бөленіп жатырмын, — дейді Бурак Озчивит. ▶» allow=»accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture» allowfullscreen=»allowfullscreen»> Кинофестивальге түркі мемлекеттерінің өзге де танымал актерлері мен атақты режиссерлері қатысып жатыр. Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform Еліміз бойынша Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мен Мажарстаннан делегаттар келген. Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform Бұған дейін, Ақтауда алғаш рет TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтетінін жазған болатынбыз.
— Жасанды интеллект үлкен көлемді деректерді талдау сияқты аналитикалық міндеттерді орындай алады. Бірақ бұл жаңа технологиялар жұмыс орындарын қысқартпайды, керісінше қосымша қажеттілік туындатады. Мәселен, салалық агентті үйрету үшін онымен жұмыс істейтін бірнеше маман керек болады. Демек, адамдардың еңбегі бәрібір сұраныста қалады, — деді депутат. Оның айтуынша, жасанды интеллект тек функцияларды қайта бөледі. Фото: Тастан Тоянов/Kazinform — Күнделікті тапсырмаларды автоматтандырылған көмекшілер атқарып, адамдардың уақыты шығармашылық пен біліктілікті қажет ететін жұмыстарға көбірек жұмсалады, — деп түсіндірді Смышляева. Депутаттың пікірінше, білім беру жүйесінде де азаматтардың рөлі өзгереді — олар менторлық бағытқа қарай ығысады. Ал қарапайым істерді автоматтандырылған жүйелер атқарады. — Еңбек нарығы функционалды түрде қайта құрылады. Ал «қазір…
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде таратқан хабарламаға сәйкес, рейд барысында полицейлер мас жүргізушілерді тексеріп жатқанда, такси бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен. Бұл үшін айыппұл салу керек, бірақ заңнамада «роботтарға» немесе жүргізушісіз таксилерге айыппұл салу тәртібі жоқ болғандықтан, хаттама толтырылмады. Полиция Waymo-ға ереже бұзу туралы ресми түрде хабарлады және болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін көліктер қайта бағдарламаланады деп үміттенетінін айтты. Компания оқиғаға жауап ретінде оның автономды жүргізу жүйесі жол қозғалысы ережелерін ескере отырып жасалғанын, қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлінетінін және бұл жағдайдың терең зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Сарапшылар бұл оқиға жүргізушісіз технологияларды дамытумен қатар құқықтық салада жаңа ережелер мен нормаларды әзірлеу қажеттігін тағы…
Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Осыған дейін Қазақстан Президенті мұғалімдерді алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады.
17:07, 01 Қазан 2025 | GMT +5 АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.