Автор: qaztimes

Отырыстың күн тәртібіне мынадай екі мәселе енгізілген: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Айта кетерлігі, бұл екі заңды осы жылдың қыркүйек айының басында Мәжіліс қабылдаған болатын. Сол кезде Ішкі істер министрі Ержан Саденов келісімге 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары барысында қол қойылғанын айтты. — Құжатта тараптар мемлекеттерінің келетін азаматтары, олардың құқықтық мәртебесі, азаматтыққа қабылданған адамдар, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатындар туралы статистикамен әрі мәліметтермен…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 543,90 теңге, сату — 550,09 теңге;— еуро: сатып алу — 641,02 теңге, сату — 645 теңге;— рубль 6,62 — 6,77 теңге аралығында саудаланады.— юань 76,50 — 79,16 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 545,76 теңгеден сатып алынады, 550,78 теңгеден сатылады;— еуро: сатып алу — 638,66 теңге, сату — 646,66 теңге;— рубль: сатып алу — 6,65 теңге, сату — 6,80 теңге.— юань 76,45 теңгеден сатып алынады, 80,26 теңгеден сатылады; Еске салайық, 1 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге қымбаттап, 549,15 теңге болды.

Read More

Ведомствоның дерегінше, 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды. Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. — Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі — МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр, — делінген хабарламада. Мүгедектік тобын…

Read More

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Фото: Үкімет Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді. Фото: Үкімет Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.  Мемлекет басшысының саясатының арқасында өңірлерде жаңа мектептер ашылып жатыр. — 2018 жылы 320 орындық мектеп ғимараты апатты деп танылды. Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру жолында еліміздің өңірінде көптеген білім ордасы қолданысқа берілді. Соның бірі — облыстық дарынды балаларға арналған № 8 мамандандырылған мектеп-лицейі. 2025 жылы заманауи талаптарға сай, көпқабатты 400…

Read More

Қосымша көру қабілеті бұзылған жандардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. MIT App Inventor платформасында жасалған жоба дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Қарапайым интерфейсі мен ыңғайлы басқару жүйесі пайдаланушыға қолайлы. Қосымшаны телефонға QR-код арқылы жүктеп көшіруге болады. «Бұл жоба тек технологиялық тәжірибе емес. Біз қосымшаның адамдарға пайдалы болу жағын ойладық. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді оқушылар.

Read More

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко және София Әбубәкірова 4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада үшінші орынға ие болды. Олар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Айта кетейік, қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Read More

– Полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі обрезді, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты. Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада. Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленді. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 обрез, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар. Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынды, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған. Облыстық полиция департаменті заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары «Заң мен тәртіп» қағидасы…

Read More