— Бүгінде акцияларымыздың құны көтеріліп келеді мұны қоғамға жария ететін есеп-қисаптарымыздан да көре аласыздар. Дегенмен, біз үшін бірнеше бағыт аса маңызды. Біріншісі — бұл геологиялық барлау. Қазіргі таңда геологиялық барлау бағытында 13 жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл саладағы белсенді жұмыс жалғасады. Екінші басымдық — мұнай өңдеу. Ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты бағдарламаларымыз бар. Үшінші — мұнай-химия өндірісі. Біз стратегиялық маңызы бар ірі жобаларды жүзеге асырудамыз. Үкіметтің қолдауымен Қазақстан ұзақ мерзімде мұнай өндіру көлемін жылына 100 млн тоннадан жоғары деңгейде ұстап, жаңа геологиялық перспективаларды игеруді жалғастырады, — деді ол. Компания басшысы елімізде полипроплиен өндірісі қолға алынып, жыл сайын өнім көлемі…
Автор: qaztimes
— Мұнай мен газ қажеттілігі бірнеше ондаған жыл бойы сақталады. Тек газға келер болсақ, ол кемінде 2070 жылға дейін және одан кейін қолданылады. Сондықтан да газ саласындағы жобаларға инвестиция құйып жатырмыз. Осыдан 3 жыл бұрын Еуропадағы серіктестеріміз газ жеткізу көлемін арттыру өтінді. Біз еуропалық серіктестеріміз тарапынан құбыр инфрақұрылымын кеңейтуге қаржылай қолдау болған жағдайда 2 есе ұлғайтуға келістік. Өйткені, қазіргі газ дәлізінің инфрақұрылымын Әзербайжан серіктестерімен бірге қаржыландырып, аталған жобаға қатысты тәуекелдерді өз мойнына алды, — деді ол. Оның айтуынша, 2022 жылға дейін Әзербайжан тарапы қолданыстағы газ құбырларының инфрақұрылымын кеңейтуі жоспарлаған емес. — Дегенмен, газ құбырының тұрақтылығын сақтау, мол көлемді газ жөнелту…
Ауқымды арнайы операция нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, облыстық прокуратураның үйлестіруімен, елорда аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген. Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары айғақ заттар – құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі. Қазіргі уақытта…
Америкалық Delta Air Lines әуе компаниясы өз мәлімдемесінде Солтүстік Каролинадан келген Endeavour Air 5047 ұшағы мен Вирджинияға ұшуы тиіс болған Endeavour 5155 ұшағы соқтығысып қалған. Әуе компаниясының мәліметінше, 5155 рейсінің қанаты 5047 рейсінің фюзеляжына соғылғанын көрсетіп отыр. Оқиға салдарынан бортсерік жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екі ұшақтың бортында 93 адам болған. Барлық жолаушы қонақүй бөлмелерімен қамтамасыз етіліп, бейсенбідегі жаңа рейстерге тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта соқтығысу себебі белгісіз. BREAKING: Two Delta planes have collided while taxiing at LaGuardia Airport in New York City, with a wing of one of the planes detached, reports said.»They were taxing to the gate at LGA after…
Сұлтанғали Кенжеқұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласының маманы.Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.2006–2016 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің атташесі, ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.2016–2017 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрінің инвестиция жөніндегі арнаулы кеңесшісі.2017–2019 жылдары — «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытай Халық Республикасындағы өкілі.2019–2023 жылдары — ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша…
Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, өңір халқы күніне дүкендерден 74, 3 мың бөлке нан сатып алады. — Облысымыз бойынша нанға орташа айлық қажеттілік — 1 млн 852 мың бөлке. Оның ішінде 1,2 мың тоннасы формаланған нан. Кейде айына 2 млн 230 мың бөлке нан пісіріледі. Аймақта 69 наубайхана мен 31 кондитерлік цех бар, олардың барлығы күнделікті нан пісірумен айналысады. 2025 жылғы қаңтар-тамыз аралығында жаңа піскен нан өндірісі 11 274 тонна. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға көп. Осыған қарағанда тұрғындар тарапынан нан өнімдерін тұтыну өскен, — деп хабарлады басқармадан. Формаланған нанның тәуліктік қажеттілігін өндіру үшін 29,7 тонна бидай ұны…
Алыстағы жақын: бауырластықтың жаңа кезеңі Тәуелсіздік алғалы еліміздің көпвекторлы дипломатиялық қарым-қатынасы жаңа кезеңге өтті. Әсіресе, шығыс пен батысты теңдей ұстау міндеті Еуропадағы барыс-келісті арттыруға түрткі болғаны белгілі. Осындай маңызды кезеңде Мажарстан құшақ жая қарсы алып, қос тарап бауырмалдықтың үлгісін көрсеткені бар: 1993 жылы Қазақстаннның Орталық Еуропадағы тұңғыш елшілігі Венгрияда ашылды, еліміздің бірнеше қаласында бауырлас ұлттың консулдығының іргетасы қаланған. Отыз жылда саяси диалог артпаса, кеміген жоқ. Экономикалық жобалар, мәдени-гуманитарлық бастамалар ойдағыдай дамып келеді. Өткен жылы екі мемлекеттің стратегиялық әріптестік орнатқанына 10 жыл толды. Мажар елі Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптеске айналды. Халықаралық ұйымдарда да өзара ықпалдастық жоғары. Қазір қазақ-мажар Біріккен Ұлттар…
77 жыл бұрын (1948) актер, режиссер, профессор, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы ЖАМАНҚҰЛОВ (әл-Тарази) дүниеге келді. Фото: ratel.kz Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. Алматы өнер институтының (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген. Еңбек жолы: Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады. 1993-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңесінің төрағасы болды. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ. Мұқашев «Дала дастаны»), Арыстан (Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»), Бақтығұл (Қ. Ысқақов «Таңғы жаңғырық»), Мырзахмет (Т. Ахтанов «Жоғалған дос»), Демесін (Д. Исабеков «Кішкентай ауыл»), Көтібар, Сырым (М. Әуезов «Айман-Шолпан», «Қарагөз»), Жалмұхан (Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты»), Абылай хан…
Ведомствоның дерегінше, Қазақстанда 2024 жылдан бері су үнемдеу технологияларын және суару жүйесін енгізуге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шаруалардың инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ тариф құнына байланысты суармалы суға субсидияның сараланған мөлшері енгізілді. — Қабылданған шаралардың нәтижесінде су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 86%-ға ұлғайды. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылғы 312,2 мың гектардан биыл шамамен 581 мың гектарға жетті. Мемлекеттік қолдау су үнемдеу технологияларын шығару нарығының дамуына да ықпал етті. 2024 жылы Түркістан облысында, Алматы және Астана қалаларында жаңбырлатып және тамшылатып суару жабдықтарын жасап шығаратын төрт отандық зауыт ашылды. Биыл…
СҚО прокуратурасының мәліметінше, бүгінде бұл жүйе 37 білім беру мекемесіне орнатылған. Бұл прокуратура мен әкімдіктің оқушылардың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған «Балалық шақтың цифрлық күзетшісі» жобасы аясында қолға алынды. — Бұл жүйенің бейнебақылаудан ерекшелігі, ол агрессивті мінез-құлықты тіркейді және ол туралы мектеп әкімшілігі мен прокуратураға хабарлайды. Жасанды интеллект жүйесі арқылы жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында бес құқық бұзушылыққа жол берілмеді. Қазір студенттердің эмоционалды жағдайын бет әлпеті бойынша анықтайтын технология енгізілмек, бұл стрессті уақытында анықтауға және балаларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, — дейді прокуратура өкілдері. Сондай-ақ мобильді операторлармен бірлесіп тыйым салынған интернет-ресурстарды шектейтін жүйе енгізіліп жатыр, ол бірінші тоқсанның соңында іске қосылады. Кәмелетке толмағандардың қауіпті контентке…