Автор: qaztimes

Тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдасудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік дамуының оң серпінін атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға, атап айтқанда сауда-экономикалық, инвестициялық және транзит-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру…

Read More

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады. Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады. 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді. Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады. Еске сала кетйік, бұған дейін «Барыс» хоккей командасының елордада «Локомотивтен» жеңіліп…

Read More

– Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді, – делінген ҚР ҰОК хабарламасында. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті. Айта кетейік, бұған дейін Сингапурде өткен пара жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлде иеленген болатын.  

Read More

24 сағаттық ереуіл кезінде Грекияның астанасы Афинада бірде-бір пойыз немесе такси жұмыс істемеді. Автобустар, метро, трамвайлар мен троллейбустар да қысқартылған кестемен жүрді.Ереуіл сонымен қатар Грекия бойынша мектептерде, соттарда және мемлекеттік ауруханаларда қызмет көрсетуді тоқтатты. Грекияда заңды жұмыс күні сегіз сағатты құрайды. Мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор қызметкерлерінің атынан шыққан кәсіподақтар еңбек заңындағы жаңа өзгеріске наразылық білдірді, бұл жұмыс күнін 13 сағатқа дейін ұзартуды, соның ішінде үстеме жұмысты қарастырады. Жаңа ережеге сәйкес, жұмыс уақыты, оның ішінде үстеме жұмыс уақыты аптасына 48 сағат, жылына ең көбі 150 сағат болады. Кәсіподақтар жаңа ережелер жұмыс берушілердің жұмысшылардың еңбегін теріс пайдалануына әкелетінін айтады. «13 сағаттық…

Read More

— Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) және Бүкіләлемдік үстел теннисі ұйымының (WTT) Төрешілер комитеті халықаралық санаттағы төреші Гүлназ Жалалдинді 2025 жылғы WTT Youth Contender Cairo турнирінің төрешілер құрамына қосты, — делінген ҚР ҰОК хабарламасында. Жарыс биылғы жылдың 29 қазанынан 1 қарашасына дейін Мысырда өтеді. Гүлназ 2024 жылы Астанадағы Азия чемпионатында, сондай-ақ WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025, WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025 және Central Asian Regional Qualification Tournament for 2026 World Team Table Tennis Championships додаларында көрсеткен тәжірибесі мен жетістіктеріне қарай іріктелді. Бұған дейін қазақстандық жас теннисші Латвиядағы турнирде үздік шыққан еді. 

Read More

Оның айтуынша, жағдай толық бақылауда. РФ Энергетика министрлігі өңірлермен штаб жағдайында жұмыс істеуде, жалпы алғанда ел бойынша сұраныс пен ұсыныс балансы қамтамасыз етілген. Бірқатар өңірлердегі қамтудағы қиындықтар тікелей реттеліп, мұнай өнімдерінің жеткізілуі мен бар болуы қамтамасыз етілуде. Бензин мен дизель өндірісін арттыру үшін әртүрлі химиялық элементтер мен қоспаларды пайдалану мәселелері қарастырылып жатыр. Бұған дейін Ресейдің жанармай одағы Новакқа жанармай сатылымының табысы төмен деңгейде екенін жәнк кейбір тәуелсіз станциялардың жабылып жатқанын айтып хат жолдаған еді. Одақ дерегінше оған жанармайдың жеткізілуіне қатысты қиындықтар мен тауап тапшылығы себеп. РФ үкіметі ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін бензин экспортына уақытша тыйымды ұзартты және басқа да жанармай…

Read More

Ол X әлеуметтік желісі, SpaceX, xAI және Tesla компанияларының иесі. Forbes дерегінше, 1 қазандағы сауда қорытындысы бойынша Масктың капиталы 500 млрд долларға жеткен. Кейін көрсеткіш сәл төмендеп, 499,1–499,5 млрд доллар аралығында бағаланды. Тек Tesla акцияларының бір күнде 4 пайызға өсуі бизнесменнің байлығын 9,3 млрд долларға арттырған. Сарапшылар Масктың байлығының өсуін бірнеше факторлармен байланыстырады. SpaceX компаниясының құны соңғы айларда 50 млрд долларға өсіп, жалпы бағасы 168 млрд долларға жеткен. Сонымен бірге xAI компаниясы мен X әлеуметтік желісінің бірігуі нәтижесінде жаңа xAI Holdings құны 113 млрд долларға бағаланды. Масктың үлесі – 53 пайыз, шамамен 60 млрд доллар. Forbes-тың ең бай адамдар рейтингінде…

Read More

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда 2 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады…

Read More

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, жауын-шашын 2 қазан сағат 01:00-ге дейін жалғасып, жалпы көлемі 17 мм дейін жетуі мүмкін. Түнгі уақытта қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада су басудың алдын алу және оның салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтердің тәулік бойына кезекшілігі күшейтілген тәртіпте ұйымдастырылды. Жұмысқа 117 арнайы техника, 74 мотопомпа, 14 ассенизатор көлігі тартылған. 81 жедел бригада (421 жұмысшы) мотопомпа мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, 2 310 қапшық дайындалған. – Күндізгі уақытта 387 арнайы техника мен 1 808 жұмысшы еңбек етеді. Түнгі уақытта 153 арнайы техника мен 301 жұмысшы жұмылдырылған. Қаланың тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, түнгі және таңғы…

Read More