Биылғы қыркүйек айында облыс және Екібастұз қаласы аумағында азаматтардың қаржысын қашықтан жымқырудың екі дерегі тіркелген. – Алаяқтар WhatsApp қосымшасы арқылы тұрғындарға қоңырау шалып, өздерін түрлі мемлекеттік және қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Жеке деректерді қорғау мен киберқылмыстың алдын алу сылтауымен азаматтарды алдап, қолжетімділік кодтары мен банк деректерін иемденген. Келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асты, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. Бұл қылмыстық схемаға өз SIM-карталары мен WhatsApp аккаунттарын жалға беріп, қашықтан табыc табуды мақсат еткен колледж студенттері тартылған. Төлем криптовалютамен жүргізілген. – Жедел іс-шаралардың нәтижесінде өз нөмірлерін пайдалануға берген екі кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.…
Автор: qaztimes
Бұл ойында «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) командалары шеберлік байқасты. Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Өзге ойындар нәтижесі: «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайсар» (Қызылорда) 0:6 «Жетісу» (Талдықорған) — «Тобыл» (Қостанай) 1:1 «Қызылжар» (Петропавл) — «Ақтөбе» 0:3 «Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған) 0:5 «Қайрат» (Алматы) — «Астана» 2:0 Бұған дейін «Томирис-Тұран» (Түркістан) — БИІК (Шымкент) командасымен 1:1 есебімен тең түскенін жазған едік. Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді. Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол спорты мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан…
TOLO, Lemar, TOLOnews, Shamshad, Tamadon және басқа да бірқатар телеарна осыған дейін желіде көрсетілген бағдарламаларын эфирден алып тастады. Тек Талибанның бақылауындағы Radio Televison Afghanistan (RTA), Maarif және RTA Sport онлайн хабар таратады. Елдегі интернеттің жабылуы Moby Group-қа тиесілі TOLOnews, TOLO, Lemar, Arman және Arakoziya телеарналарының қызметіне қатты әсер етті. Интернет пен телекоммуникация қызметтерін тоқтату туралы шешімді Талибан бақылайтын Ауғанстанның телекоммуникацияларды реттеу агенттігі мен Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі қабылдады. Дереккөздердің хабарлауынша, Roshan, Etisalat, Afghan Wireless және Afghan Telecom сияқты ірі провайдерлерге барлық талшықты-оптикалық желілерді тоқтатуға бұйрық берілген. Техникалық сарапшылардың айтуынша, талшықты-оптикалық желінің тоқтауы бүкіл ел бойынша телекоммуникациялық мұнаралардың жұмысын тоқтатып,…
Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды. Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресей Елшісін қабылдағанын жазған едік.
Жүргізілген тергеу барысында ұсталған азаматтардың екі жыл бойы жергілікті тұрғыннан жүйелі түрде ақша бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушіні қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы түрлі қаржы ұйымдарынан микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Салдарынан жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 900 мың теңгені құрады. Күдіктілердің біріне тиесілі Mercedes автокөлігін тінту барысында полиция қызметкерлері үш оқжатарымен бірге пневматикалық автомат, ұялы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы, жиналмалы пышақ тәркіледі. Аталған заттар қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді. Аталған дерек бойынша бопсалау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полиция азаматтарды егер қандай да бір бопсалау, қорқыту немесе қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз немесе куә болсаңыз, құқық…
Қашқындар 2024 жылдың қазан айының соңында Тамбов облысында ұсталды. Сол кезде полиция қызметкері іздеуде жүргендердің сипаттамасына сәйкес келетін ер адамдарды байқаған. Айыпталушы тұтқындауға қарсылық көрсетіп, нәтижесінде оң қолы сынған. Бұл жарақат орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады. — Сот күдіктіні қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 10 жылға қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды», — делінген Тамбов облыстық прокуратурасының хабарламасында. Өзбекстан азаматы Ресей Қылмыстық кодексі 318-бабының 2-бөлігі (қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану) бойынша сотталды. Еске сала кетейік, Өзбекстан артисінің Ресейдегі концертінен кейін бірнеше адам тұтқындалды.
Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түліктің алуан түрін ұсынады. — Астанаға жалпы көлемі 500 тоннаға жуық өнім жеткізіледі. Оның ішінде 130 тонна ет және ет өнімдері, 90 тонна көкөніс пен жеміс, 90 тонна ұн және макарон, 50 тонна бал, 35 тонна сүт өнімдері, шамамен 100 тонна басқа да тауарлар бар. Жәрмеңкеге келгендер сапалы өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады, — деп атап өтті қалалық әкімдік. Сондай-ақ аймақтардан келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сауда алаңы сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді. Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шара кезінде жәрмеңке орнына № 18, № 37 және…
«Сумуд флотилиясы» деп аталған бастаманың ұйымдастырушыларының айтуынша, құрамында 40-тан астам кеме мен 500-ге жуық қатысушы бар топ 1 қазанға қараған түні Израильдің бұрын осы сияқты миссияларды тоқтатқан теңіз аймағына жақындаған. Белсенділердің мәліметінше, жарығы жоқ бірнеше белгісіз қайық флотилияға жақындап, кейін шегінген. Сонымен қатар, кемелердің үстінен ұшқышсыз ұшатын аппараттар (дрондар) үнемі бақылау жүргізіп жатқаны айтылды. Бразилиялық белсенді Тьяго Авила әскери кемелердің бірі флотилияның байланыс жүйелеріне зақым келтіріп, Alma және Sirius атты жетекші кемелердің маңында қауіпті маневрлер жасағанын мәлімдеді. Соған қарамастан, қатысушылардың айтуынша, гуманитарлық миссия өз бағытынан айнымаған. Флотилия құрамында әр елден келген парламент мүшелері, заңгерлер мен адам құқықтарын қорғаушылар бар. Олардың…
Жыл басынан бері өңір бойынша жасөспірімдер 64 қылмыс жасаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға өсіп отыр. — Жасөспірімдердің қылмыс жасауының негізгі себептерінің бірі — ата-аналардың өз балаларының мінез-құлқын, іс-әрекетін жөнді бақыламауы. Кәмелеттік жасқа толмағандар заңбұзушылықтарды сабақтан тыс уақытта жасаған. Күндізгі уақытта — 49, түнде — 15, — деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Жарлығақов. Жасөспірімдер арасындағы ең көп кездесетін құқық бұзушылық — төбелес кезінде түрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру. Заң бұзған балалардың ішінде 27-сі толық емес отбасында тәрбиеленген. Құқық бұзушылық жасағандар түгел дерлік ер балалар, арасында тек бір ғана қыз бар. Еске салсақ, осыған дейін…
Алдын ала бағалауларға сәйкес, сәрсенбі күні жарияланған есепте шамамен 170 мың үйдің су астында қалғаны немесе бүлінгені көрсетілген. Дүйсенбі күні «Буалой» тайфуны Вьетнамның орталық солтүстік бөлігіне соқты, ол алып теңіз толқындарын, қатты жел мен нөсер жауын алып келді. Кемінде 29 адам қаза тауып, тағы 22 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы табиғи апаттармен күрес агенттігінің есебінде хабарлаған, деп жазады Reuters агенттігі. Тайфун жолдар мен мектептерге, кеңселерге айтарлықтай зиян келтіріп, электр желілерінің үзілуіне себеп болды. Ондаған мың отбасы жарықсыз қалды. Сонымен қатар, 34 мың гектарға жуық күріш пен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған. Алайда есепте өнеркәсіптік нысандарға келтірілген ірі шығын туралы…