Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда және үш негізгі бағытты көздейді: ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК)ұйымдарымен қамтамасыз ету; ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету; ауылдық денсаулық сақтау нысандарының кадрлық әлеуетін нығайту. Жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны — медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген. Бүгінгі таңда 596 нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде: 387 ескірген ғимараттардың орнына салынған; 209 бұрын медициналық инфрақұрылымы болмаған елді мекендерде тұрғызылды. Қалған 59 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, жоба мыналарды қамтиды: 32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту; ауылдық өңірлер үшін 1100-ден астам медицина қызметкерлерін даярлау. — Ауылдық денсаулық…
Автор: qaztimes
Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты. Айта кетелік Президент БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездескен еді.
Шешімде «оқуға болатын медициналық рецепт — негізгі құқық» делінген, өйткені олар өмір мен өлім арасындағы шешуші рөл атқара алады. — Технологиялар мен компьютерлер оңай қолжетімді болған кезде мемлекеттік дәрігерлердің бірнеше фармацевттен басқа ешкім оқи алмайтын қолжазба рецепттерін жазуын жалғастыруы ұятқа қаллдырып отыр, — делінген құжатта. Судьялар үкіметтен медициналық мектептердің оқу бағдарламаларына қолжазба сабақтарын енгізуді және цифрлық рецепттерді енгізу үшін екі жылдық мерзім белгілеуді сұрады. Осы уақытқа дейін барлық дәрігерлер рецепттерді анық әрі бас әріппен жазуға міндетті.330 мыңнан астам дәрігерлерді біріктіретін Үндістан медициналық қауымдастығының президенті доктор Дилип Бханушалидің мәлімдеуінше, ірі елді мекендердегі дәрігерлер цифрлық рецепттерге көшкенімен, ауылдық жерлерде түсінікті рецепттер алу…
Іс-шараға Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің парламентшілері, денсаулық сақтау саласының басшылары және ДДСҰ, Stop TB Серіктестігі және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары жиналды. Қатысушылар БҰҰ-ның туберкулезге қарсы Саяси Декларациясын жүзеге асыру барысын, туберкулезбен күрестегі азаматтық қоғамның рөлін және инновацияларды талқылады. Форум нәтижесінде 2026-2028 жылдарға дейін туберкулезге қарсы күресті жеделдету жөніндегі аймақтық қарар қабылданды. — Бүгін қабылданған қарар денсаулықты қорғау, жүйелерді нығайту және адам өмірін сақтап қалатын инновацияларға инвестиция салу бойынша біздің ортақ жауапкершілігімізді көрсетеді. Біз күш біріктіре отырып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің туберкулезді жоюда көшбасшыға айналуын қамтамасыз ете аламыз, — деді форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрлігінің…
Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты. Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді. Осыған дейін Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдаған болатын.
Соттың баспасөз қызметі «Kazinform» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында апелляцияны екі тарап та түсіргенін растады. — Апелляциялық шағымдарды қарау 8 қазан күні сағат 12:00–де Шымкент қалалық сотының ғимаратында өтеді, — деп хабарлады сотта. Еске сала кетейік, даулы іс 20 тамызда аяқталған болатын. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ернар Жиембайды орта қауіпсіздік мекемесінде 9 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге 30 АЕК (2025 жылы — 117 960 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл істе Руслан Берденов жәбірленуші ретінде танылды. Оған 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанына екі ай толған кезде қастандық жасалған. Шенеунік жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота…
— Әрбір жаңа мемлекеттік қызмет көрсету ең әуелі цифрлық форматта жасақталуға тиіс. Бұрын ұсынылған мәліметтерді қайта сұратудың керегі жоқ. Бұдан бөлек, мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына байланысты барлық нормативтік актілер бекітілгенге дейін міндетті түрде цифрлық сараптамадан өткізілуі қажет. Соның нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер бюрократиядан құтылып, олардың мемлекеттік институттарға деген сенімі нығая түседі. Жалпы, айтылған барлық шара біздің аймақта жаңашылдық саналады. Бұл еліміздің цифрлық саясатының ұзақ мерзімді әрі жүйелі бағытын көрсетеді. Ақылды технологиялар үлкен деректерді өңдеуге, әлеуметтік саладан бастап негізгі экономикалық көрсеткіштерге дейінгі көптеген саланы талдауға қабілетті. Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін айтарлықтай жетілдіреді, — деді Президент. Сәйкесінше, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және экономикалық өсімді арттыруға ықпал…
— Жалпы, қос азаматтық бойынша 693 дерек анықталды. Бұл жағдайда анықталған осы адамдар Қазақстанның азаматтығынан айырылады, — деді Игорь Лепеха Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Атап айтқанда, еліміздің Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салыған. Жақында ҚР Ішкі істер министрлігі қос азаматтық үшін жазаны қатаңдатуға қатысты түсінік берген еді. Еске салсақ, 2022 жылы Қазақстанда қос азаматтықтың 841 дерегі тіркелген еді. Айта кетелік Сенат Қазақстан мен Арменияның қос азаматтықпен күрес жөніндегі құжатты мақұлдаған еді.
Мұны NetBlocks Халықаралық интернет-бақылау қызметінің деректері де растады. Ауғандықтар интернет пен телекоммуникация қызметтерінің қалпына келтірілгенін мерекелеу үшін көшеге шықты. Бұған дейін БҰҰ дүйсенбі күні интернет өшірілгеннен кейін Ауғанстанның сыртқы әлеммен байланысы толығымен дерлік үзілгенін мәлімдеген. Халықаралық ұйым электр қуатының үзілуі «ауған халқына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, оның ішінде экономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді және әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірін ушықтырады» деп алаңдаушылық білдірді. ВВС жазғандай, электр қуатының 48 сағаттық үзілуі кәсіпорындар мен әуе қатынасының жұмысын бұзды, төтенше жағдайлар қызметтеріне қолжетімділікті шектеді және әйелдер мен қыздардың одан әрі оқшаулануына қатысты алаңдаушылық тудырды. Валюта нарығында барлық халықаралық аударым тоқтатылды. Елге және одан тыс жерлерге…
Облыстық сот мәліметінше, 2025 жылдың 2 қыркүйегінде Алматы облысы Алатау қаласы сотының қаулысымен Жомарт Ертаевтың өтініші қанағаттандырылып, оған 11 ай 16 күн өтелмеген жаза мерзімі бойынша рақымшылық қолданылып, босатылған. Аталған рақымшылық тармағына сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, жағымсыз мінез-құлқы жоқ, өтеуге қалған жаза мерзімі 1 жылдан аспайтын сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылады. — Ертаев екі үкім бойынша сотталған: 2020 жылғы 16 қарашадағы және 2021 жылғы 3 наурыздағы үкім. 2021 жылғы 25 маусымдағы Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының қаулысымен бұл үкімдер жиынтығымен түпкілікті жаза мерзімі белгіленген. Алайда Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген. Алатау қаласы сотының қаулысымен…