Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. — Жаңа ғана жоғары мәртебелі Тамаш Шуйок мырзамен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Ықпалдастығымызды күшейтудің жаңа бағыттары туралы әңгімелестік. Сауда-экономика саласындағы байланысымызды дамыта түсу қажеттігіне баса назар аудардық. Былтыр екі елдің алыс-беріс 200 млн доллар шамасында болды. Келешекте оны 1 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Мажарстан соңғы 20 жылда еліміздің экономикасына 385 млн доллардан астам инвестиция салды. Mol компаниясы Қазақстанның газ саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Күн тәртібінде тағы басқа ауқымды жобалар бар, — деді Президент. Мемлекет басшысы елімізде табысты жұмыс істеп…
Автор: qaztimes
— Нью-Йорктегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шамамен 18 миллиард доллар тұратын жобалар конституцияға қайшы келетін DEI қағидаттарына негізделген қаржыландыруға жол бермеу мақсатында уақытша тоқтатылды, — деп жазды Рассел Воут әлеуметтік желіде. DEI (diversity, equity, inclusion) әртүрлілік, теңдік және қосуды білдіреді. Ол нәсіліне, ұлттың тегіне, дініне, мәдениетіне, жасына, дүниетанымына, гендерлік сәйкестігіне және жыныстық бағдарына қарай қолайсыз топтарға арнайы жеңілдіктер беруді қамтиды. Қаржы Гудзон өзенінің астындағы Нью-Джерси мен Нью-Йорк қалаларын байланыстыратын Хадсон теміржол туннелі мен Нью-Йорк қаласындағы екінші авеню метросының құрылыс жұмыстарына жоспарланған. Бұған дейін Трамп шетелдік фильмдерге 100 пайыз салық салу мәселесін түсіндірді.
— Биыл Будапешттен Шымкентке тікелей әуе қатынасы ашылды. Енді екі ел астаналары арасындағы әуе қатынасын қайта орнату мүмкіндігін қарастырамыз деп келістік. Келіссөз аясында жасанды интеллектіні және цифрлық технологияны экономикаға жаппай енгізудің маңыздылығына баса мән бердік. Осыған орай бірлесе жұмыс істеуге дайын екенімізді жеткіздік. Оған қоса, қаржы саласына қатысты тың жобаларды жүзеге асыруға уағдаластық. Жалпы, Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті мажар компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенімізді жеткіздім. Екі елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы және іскерлік кеңесі осы мәселеге баса мән беруі керек деп санаймын, — деді Мемлекет басшысы. Президент мәдени-гуманитарлық байланыстар қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы саналатындығын баса айтты. -…
— Аймақтық және жаһандық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығуы, түрлі қақтығыстардың көбеюі екі елді де алаңдатады. Біз барлық түйткілді БҰҰ Жарғысына сәйкес бейбіт және саяси дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Осы ретте халықаралық деңгейде бір-бірімізге қолдау білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге келістік, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер жемісті болғанын баса айтты. — Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатыр. Өзара тиімді ықпалдастығымыз жаңа әрі сапалы деңгейге көтеріледі деп сенеміз. Қол жеткізілген барлық келісімдер ойдағыдай орындалатынына күмәнім жоқ. Бауырлас халықтарымыздың ынтымағы берік болсын, елдеріміз өсіп-өркендей берсін, — деді Президент. Айта кетейік, Қасым-Жомарт…
— Алдағы уақытта ақылы бөлімдердегі оқу орындарының саны қысқаруы мүмкін. Себебі медициналық жоғары оқу орындары студенттерді белгілі бір талаптар мен тәртіпке сай қабылдауы тиіс. Дәрігерлерді сапалы даярлау үшін қажетті инфрақұрылым, оқыту базасы, жеткілікті саны бар білікті оқытушылар құрамы, оқу құралдары мен бағдарламалар болуы міндетті. Егер студенттер саны шектен тыс көбейсе, бұл білім сапасының төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты қазіргі таңда ақылы түрде оқытылатын студенттер санын қысқарту қолға алынды. Мәселен, биылдың өзінде бірнеше медициналық ЖОО-да ақылы оқуға қабылдау деңгейі төмендетілді, — дейді ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Ұлмира Нұралиева. Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу…
Бұйрық бойынша, АҚШ Қатар мемлекетінің аумағына, егемендігі мен маңызды инфрақұрылымына жасалған кез келген қарулы шабуылды Америка Құрама Штаттарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген қатер деп санайды. -Мұндай шабуыл жасалған жағдайда Құрама Штаттар АҚШ пен Қатар мемлекетінің мүддесін қорғау және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін дипломатиялық, экономикалық және қажет болған жағдайда әскери шараларды қоса алғанда, барлық заңды және қажетті шараларды қабылдайды, — делінген құжатта. Онда Қорғаныс министрі Мемлекеттік хатшымен және Ұлттық барлау директорымен бірлесіп, Дохаға қарсы кез келген шетелдік агрессияға жылдам және келісілген жауап беруді қамтамасыз ету үшін Қатар мемлекетімен бірге төтенше жағдайларды жоспарлауды жүргізуі керек екенін атап өтеді. Қатар өз…
Ал синоптиктер алдағы күндері ауа райының салқындайтынын ескертті. Сәрсенбіге қараған түні Саратерек, Шабанбай би, Жетімшоқы және өзге елді мекендер ақ ұлпаға оранды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, алғашқы қар айтарлықтай қолайсыздық әкелген жоқ. — Жолдарда көктайғақ болған жоқ, күндіз қар еріп кетті. Таңертең ауа температурасы −5…−7 градус шамасында болса, кешке қарай қайта жылынды, — дейді тұрғындар. Әлеуметтік желілерде біреулер алғашқы қарға қуанып, қысқы көңіл күйін бөліссе, енді біреулер әзіл-қалжың араластырып көліктерінің қысқы дөңгелегін ауыстыратын уақыт келгенін жазып жатыр. «Қазгидромет» мамандарының дерегінше, 1 қазанға қараған түні ауа температурасы −2 °C-қа дейін төмендесе, күндіз +5 °C-қа дейін көтерілген. Алдағы күндері ауа райы біртіндеп жылынады: 2 қазанда +6…
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Оламамен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесті. — Әңгімелесуде Қазақстан мен Әмірліктер арасында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы БАӘ жасанды интеллект технологияларын қолдану және дамыту ісінде әлемдік көшбасшы саналатынын айтты. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ІТ секторында бірқатар маңызды жобалар іске асырылғанына тоқталып, әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллектіге маманданған әрі ғылыми зерттеу мен әзірлемелерге басымдық беретін университет…
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Мьянмадағы рохинджа және басқа да азшылықтардың жағдайына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының Жоғары деңгейлі конференциясында сөз сөйледі. — Қазақстан дағдарыстың орнықты әрі инклюзивті шешімін табуға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдайтынын білдірді. Өз сөзінде қазақ дипломаты қазіргі пікір алмасуды азшылықтардың құқықтарын құрметтейтін, диалогты ілгерілететін және барлық қауымдастықтардың экономикалық әрі әлеуметтік прогресіне жағдай жасайтын ұжымдық шешімдерге қол жеткізудегі маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті, — делінген хабарламада. Сонымен қатар Қ.Омаров «Бірлігіміз — әралуандықта» қағидатына негізделген ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан тәжірибесінің маңыздылығын, соның ішінде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуді атап өтті. Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен, өңірлік…
Ресми мәліметке сәйкес, сумен жабдықтау үшін Пәтер иелері кооперативі (ПИК) есептеу жүргізетін ұжымдық шарттардан кезең-кезеңімен бас тарту жұмыстары басталды. — Енді әрбір үй иесі өзінің жеке шотын алып, көрсетілген қызмет төлемдерін қалалық тариф бойынша делдалдарсыз қызмет көрсетушіге тікелей төлей алатын болады. Биыл қала бойынша 60-тан астам ұжымдық шарттар бұзылып, 15 000-нан астам жеке шарттар жасалды, — деп хабарлады «Алматы су». Сондай-ақ мекеме «Айгерім-1» және «Айгерім-2» шағын аудандарында жеке шарттар жасасу бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады. — Бұрынғы қызмет көрсетуші кооператив 70 млн теңгеден астам берешек жинағандықтан, онымен жасалған шарт бұзылды. Желілер қазір «Алматы Су» мекесіне тапсырылды, — делінген мәлімдемеде. Еске салайық, тұрғындар шарттар жасасу мәселелері бойынша…