Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі. Фото: Ақорда AltBridge жария нарықтағы инвестициялық портфельге мониторинг жасайды және әр бағыт бойынша есеп береді. Фото: Ақорда Defect AI дәрігерлерге күнделікті қағазбастылықтан арылып, науқасқа көңіл бөлуге жәрдемдеседі. Фото: Ақорда Бұдан бұрын Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI жасанды интеллект орталығын аралағанын жаздық. Сонымен қатар екі тарап халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуге келісті.
Автор: qaztimes
Бұл туралы Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» студиясына қонақ болған «Talap» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін зерттеу және мониторинг бөлімінің бас менеджері мәлімдеді. – Сәуір-маусым айларының арасында «Talap» коммерциялық емес АҚ IT сертификаттау жүйесінің ресми провайдерлерімен меморандумға отырды. Осы шара аясында біз пилоттық жоба ұйымдастырдық. Жобаға 5 өңірдің 5 колледжінен 75 студент қатысты. Олар 2 ай бойы IT құзыреттіліктерінің 1 модулін таңдап, соларды оқыды. Одан соң біз өңір-өңірді аралап емтихан алдық. Соның нәтижесінде 15 студент халықаралық сертификат иегерлері атанды, – дейді Иманғали Есімбек. Студенттерден бөлек, бақылаушылар да білімдерін халықаралық деңгейде жетілдірген. – Certiport Pearson жобасын бастаған кезде, олардың…
Қазақстандық оқушылар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. Фото: Ақорда Биыл IOAI 60-тан аса елден келген 280-нен астам жас зерттеуші мен бағдарлама әзірлеушілерінің басын қосқан. Бейресми командалық есепте Қазақстан әлемде Қытай мен АҚШ сияқты елдерден озып, 4-орын иеленген. Фото: Ақорда Айта кетейік, аталмыш шаралар Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында болып жатыр. Осы шара аясында Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI жасанды интеллект орталығын аралады. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда
Тұңғыш ЖИ орталығы үшін 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне салынған «Нұр әлем» павильоны таңдап алынды. Әзірге орталықтың 1-қабаты ғана әзір, қалған 7 қабатта жөндеу, толықтыру жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін орталықты толыққанды іске қосу жоспарланған. ALEM.AI ғылым мен өндірістен бастап, креативті индустриялар мен мемлекеттік қызметтерге дейін бірнеше бағытта жұмыс істейді. Ол ЖИ экожүйесін дамытуға, инвестиция тартуға және стартаптарды қолдауға арналған алаң болады және Орталық Азиядағы жасанды интеллектінің жетекші хабына айналдырады. Фото: Айжан Серікжанқызы Орталықтың бірінші қабатында форумдарға, көпшілік дәрістерге және жасанды интеллект музейіне арналған қоғамдық кеңістіктер орналасқан. Мұнда ЖИ саласындағы бос орындар жәрмеңкелері, сондай-ақ инвесторлар мен серіктестерді тартуға көмектесетін тұрақты хакатондар…
Шабуылдан екі адам қаза тапты, тағы үшеуінің жағдайы ауыр. Британиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандардың арасында күзетші де бар. Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні таңертең Манчестерде көлік Хитон Парк синагогасының маңында бір топ адамды қағып кеткен болатын. Одан кейін жүргізуші пышақпен секіріп шығып, қасындағылардың бірін жаралады. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы синагогаға кірмек болған, бірақ оны кіргізбеген. Қарулы полиция қызметкерлері көп ұзамай оқ жаудырып, күдіктіні жаралады. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер шабуылдың «қауіпті» екенін айтты. Себебі ол еврейлердің ең маңызды мерекесі Йом Кипур күні болды. Стармер Копенгагендегі ЕО саммиті аяқталмастан қайтып, Лондонда дағдарыс кабинетінің төтенше отырысын өткізді. Манчестер полициясы Plato хаттамасын енгізді, бұл…
«Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің бас инженері Серік Жалғасбайдың айтуынша, жылу беру маусымының бірінші кезеңі аясында қаланың жоғарғы және төменгі аймақтарындағы әлеуметтік нысандар мен заңды тұлғалардың жылыту жүйелері қосылады. Ал тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету қала әкімінің қаулысына сәйкес, 10 қазанға бекітілді. Бұған дейін, 19-22 қыркүйек аралығында қала аумағында құбырларға гидравликалық сынақ жүргізілді. Сынақ кезінде шағын аудан ішілік құбырлардан 60 ақау анықталып, жедел қалпына келтірілген. Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа барлығы — 33,5 млрд теңге бөлінген. (Оның 20,1 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, Үкімет резервінен — 3,6 млрд теңге, ірі кәсіпорындардың (МАЭК, МРЭК) меншікті қаражатынан — 9,8 млрд теңге.) — Инженерлік желілерді…
— Президент мырза бүгін Астанада өткен Digital Bridge халықаралық форумына арнайы келіп қатысты. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жасанды интеллект жөніндегі ой-пікірлеріңіз бен бастамаларыңызды жоғары бағалаймын. Біз тамыры бір ағайын жұртпыз. Мажарстан — Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдің бірі. Сондай-ақ бізбен стратегиялық әріптестік орнатқан Еуропа одағындағы тұңғыш мемлекет. Қазақстан егемен ел ретіндегі алғашқы Елшілігін Будапешт қаласында ашқан болатын. Бүгінде елдеріміз арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде жүріп жатыр. Мемлекеттеріміз барлық салада ашық әрі өзара сенімге негізделген байланыс орнатты, — деді Президент. Фото: Ақорда Мемлекет басшысының атап өтуінше, сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Екі елдің қарым-қатынасына арқау болған шарттық-құқықтық негіз…
Ведомство мәлім еткендей, бұл тек хаттама толтыру немесе айыппұл салу үшін емес. Бұл — әркімнің «Жолда менің де жауапкершілігім бар» деген түсінікті санасына сіңіру үшін ұйымдастырылған шара. Шара аясында мынадай заң бұзушылықтар анықталды: Міндетті сақтандырусыз жүргендер — 286 жүргізуші. Қауіпсіздік — тек өзің үшін емес, жолдағы әр адам үшін міндет. Заңсыз жолаушы тасымалдағандар — 14 дерек. Жолда табыс табамын деп, біреудің тағдырын қатерге тіккендер. Телефонмен сөйлесіп көлік басқарғандар — 244. Бір қоңырау — бір апаттың бастауы болуы мүмкін екенін ұмытып кеткендер. Белдік тақпаған, жүк пен жолаушыны дұрыс орналастырмағандар — 834 жағдай. Бұл — «не болады дейсің» деген немқұрайлықтың салдары. Маневр жасау ережесін бұзғандар — 304. Әрбір қате бұрылыс — бір…
Оның айтуынша, қазір технологиялар мемлекеттік қызметтерді алу процесін және азаматтардың электрондық үкіметпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр. – Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасында eGov AI чаты іске қосылды. Бүгінде 1200 мемлекеттік қызмет цифрландырылды, – деді вице-министр Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының кулуарында. Оның айтуынша, маңызды бағыттардың бірі – қызмет алушы азаматтармен өзара іс-әрекет болып отыр. – Азаматтар нақты қай қызметті алу керектігін біле бермейді. ЖИ-консультант бірінші кезекте іздеу функциясын атқарады, көмектеседі және осы мемлекеттік қызметті қалай алуға болатынын түсіндіреді, – деп түсіндірді Р. Коняшкин. Жақсартуға тырысатын тағы бір бағыт – процестерді жеделдету. Мысал ретінде ол 1414…
№ 2 Ақтөбе қалалық сотында бүгін жарыссөз өтті. Прокурор Гүлназым Алиева емшінің диспансерлік есепте тұрмайтынын, ол жасаған қылмыс қоғамдық сипаты бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы мерзімін тағайындауды сұрады. Фото, видео: Алтынай Сағындықова — Сотталушы С.Қазбаева несиені төлеу кестесі өзінде болғанын жоққа шығармады. Алайда өзінің кінәсін мойындамайтынын, 136 жәбірленушінің ешқайсысынан алаяқтық жолмен несие алмағанын, барлық жәбірленуші өз еркімен ақша алып бергенін және айыптау актісіндегі сомамен келіспейтінін көрсетіп, жауап берді. Қазбаева сот тергеуі өткен 4 айда жәбірленушілердің несиеге алған ақшасын қайда жібергенін айтпады, бұл туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Қазіргі таңда 579 млн теңгеге жақын қаражаттың нақты қайда…