Германияның Федералды статистика басқармасының мәліметінше, 65 жастан асқан неміс зейнеткерлерінің орташа табысы айына 1990 еуроны құрайды. Олардың 20 пайызы айына 1400 еуродан артық табыс таппайды. Салыстырмалы түрде, Германия халқының жалпы орташа табысы – 2300 еуро. Ал ең көп табыс табатын зейнеткерлердің 20 пайызы айына 2870 еуродан артық алады. Германиядағы егде жастағы адамдардың табысының 92 пайызы зейнетақыдан тұрады. Қалғаны – мүлік кірісі, жұмыс істеуден түскен табыс және басқа да көздер, деп жазады Der Spiegel басылымы. Зейнеткерлікке шыққан әйелдердің табысы ерлерге қарағанда айтарлықтай төмен – әйелдер орта есеппен 1720 еуро алса, ерлер 2320 еуро алады. Басылым атап өткендей, бұл өмір бойы әйелдердің…
Автор: qaztimes
Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткен дерегі әшкереленді. — Заңсыз қызметпен айналысқан тұлғаның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсат беретін тиісті құжаттары болмай шықты. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен. Тәртіп сақшылары аталған заңсыздық «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталғанын айтады. Оның аясында полицейлер 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеген. Еске сала кетейік, Павлодарда қалдықтарды заңсыз көміп келген кәсіпорынға 28 млрд айыппұл салынды.
Қырғыз көшбасшысының айтуынша, елде таулы аймақтарда квадроциклдермен жүру жағдайлары жиілеп береді. Олар көліктерімен көк шөп пен жасыл жайлауды бүлдіріп жүр. — Адамдар квадроциклдер және жол талғамайтын көліктерімен тіпті жайылымға да кіріп кетеді. Таулы аймақта да жолдардың бар екеніне қарамастан олар жасыл алқапты құртып, жайылымдарды таптап жүр. Осыған байланысты мен ішкі істер және табиғи ресурстар, экология мен техникалық бақылау министрліктеріне осындай заңбұзушыларға айыпұл салу және олардың техникаларын алып қою мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым, — деп жазды ол. Ол тауға саяхаттаушыларды көліктерімен тек жолмен жүруге, жол біткен жерде жаяу жүруге немесе көлікті қалдырып атқа мінуге шақырды. Осыған дейін Қырғызстан билігі ел азаматтарын электр…
Бүгінде бұл ел 10-орынға түсіп қалған. Қазір Швеция бұл көрсеткіш бойынша Италия, Испания және Жапониядан қалып қойып отыр. Каролин институтының доценті Карин Модигтің айтуынша, Швеция нәресте өлім-жітімін төмендетуге ерте қол жеткізіп, ұзақ уақыт бойы бұл артықшылықты сақтап келген. Қазіргі кезде балалар арасындағы өлім-жітім деңгейі әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып саналады (0,2 пайыз), сондықтан Швецияның өмір сүру ұзақтығы бойынша артта қалуының басты себебі — егде жастағы адамдар арасындағы өлім деңгейінің жоғары болуы. Әсіресе, Швецияда 85 жастан асқан адамдар арасында өлім қаупі басқа көптеген елдерге қарағанда жоғары екені байқалып отыр. Алдын ала зерттеулер көрсеткендей, ерекше күтімді қажет ететін егде жастағы адамдар Швецияға қарағанда…
Жерасты дүмпулері ұялы байланыс операторларының қызметінде уақытша қиындықтар тудырды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:55-те (Астана уақытымен 16:55) Текирдаг провинциясының Мармара Эреглиси қаласы маңындағы Мармара теңізі жағалауында магнитудасы 5,0 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) мен сейсмологиялық бақылаумен айналысатын Кандилли обсерваториясы хабарлады. Жер сілкінісі Түркияның ең үлкен қаласы Ыстанбұлда сезілді. Тұрғындардың көбі жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, үйлерінен және кеңселерінен шығып көшеге жүгірді. Қалада кей аудандарда ұялы байланыс уақытша істен шығап, халық арасында да дүрбелең туды. GSM операторларының жұмысында да қиындықтар туындап, абоненттердің көбі туыстары және жақындарымен хабарласа алмады. Табиғи…
Бұл әлемдік көрсеткіштің 15 пайызына тең, деп хабарлады Қытайдың Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясы (CAICT). Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдағы ЖИ индустриясының ауқымы 900 миллиард юаньнан (шамамен 126,7 миллиард АҚШ доллары) асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық. Елде ЖИ секторы бойынша базалық инфрақұрылымнан бастап, модельдер архитектурасы мен салалық қолданбаларға дейінгі толық өндірістік тізбек құрылған. Академияның мәліметінше, бұл салалар бойынша табыс өткен жылы сәйкесінше 54%, 18% және 13% өсім көрсеткен. Академия өкілдерінің айтуынша, ЖИ негізіндегі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ интеллектуалды көлік құралдары секілді ақылды құрылғылардың нарығы қарқынды дамып келеді. Қытай цифрлық экономиканы «ақылды» экономикаға және интеллектуалды қоғамға айналдыру үшін…
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сот шешімінен кейін ұсталып, қазір қамауда отыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 11 жылға бас бостандығынан айырылған Жомарт Ертаевтың рақымшылыққа ілінуі туралы шешім қайта қаралғанын хабарлады. Кейінірек Алматы облысының соты Жомарт Ертаевтың қамауға алынатынын растады. Еске салайық, 2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған белгілі банкир Жомарт Ертаев жалпы режимдегі колониядан босатылды. Жомарт Ертаев 2018 жылғы мамырда Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. 2019 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды.…
— Менің ойымша, команда өте жақсы өнер көрсетті, әсіресе бірінші таймда. Допты сенімді ұстады, тіпті алғашқы он секундта-ақ айқын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке қарай, сол сәтте Куртуаға көбірек қысым жасай алмады. Дегенмен, «Қайраттың» қақпашысы тамаша ойынымен көзге түсті. Ол небәрі 18 жаста, алайда болашағы жарқын, — деді Сол Кэмпбелл. Оның айтуынша, «Қайрат» Еуропаның ең мықты клубтарының бірі — ең көп Чемпиондар лигасын жеңіп алған «Реал Мадридке» қарсы ойнады. — Бұл тарихи күн, тамаша атмосфера болды. Бұл тек «Қайрат» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға, — деп түйіндеді ол. Бұған дейін халықаралық БАҚ УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» пен «Реал Мадрид»…
Израиль Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні «Global Sumud флотилиясының арандатуы аяқталғанын» хабарлады. -«ХАМАС-Сумуд» деп аталатын арандатушылыққа қатысқан кемелердің ешқайсысы ұрыс аймағына кіре алмады және заңды теңіз блокадасын бұза алмады, — деді министрлік. Олар барлық жолаушылардың қауіпсіз жағдайда екенін және Израильге жеткізіліп жатқанын, ол жерден Еуропаға депортацияланатынын хабарлады. Израиль әскерилері флотилияға қарсы операцияның түнде басталып, 2 қазан күні таңертең жалғасқанын хабарлады. «Шайетет 13» әскери-теңіз күштерінің командалық бөлімшесі жүздеген белсенді мінген 47 кеменің 40-қа жуығын ұстап, тінту жұмыстарын жүргізді. Олардың көпшілігі одан әрі депортациялау үшін Ашдод портына жеткізілді. Операцияға Израиль әскери-теңіз күштерінің десанттық және логистикалық қолдау кемелері қатысты. Олардың бірі тұтқындармен бірге…
Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ. Бірегей жоба ғылым, өнеркәсіп, креативті индустрия мен мемлекеттік қызмет көрсету секілді салалардағы технологияны дамытуды көздейді. Фото: Ақорда Орталық ұлттық ЖИ экожүйесін құруға, инвестиция тартуға, стартаптар мен зерттеу қызметтерін ынталандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ отандық ЖИ шешімдердің экспортын 2029 жылға қарай 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектіні дамыту жаңа технологияның пайда болуына және экономикалық өсімге ықпал етіп, Астананы Орталық Азиядағы ЖИ бойынша жетекші қалаға айналдырады.…