Жібек”, ”Сүйе білсең” телесериалдары, “Әруақ”, “В тени ветвей над косогором” толықметражды фильмдерінің жарқын кейіпкері. “28 Theatre”, Алатау театрларында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының актері Нұржан Әбубәкір.
Телеэкраннан сізді көбіне көрмей жүрміз соның бір себебі барма? —Асанәлі Әшімовпен “Әруақ” атты толық метражды киноға түскен болатынмын. Фильмге түскеннен кейін кішігірім ұсыныстар болды, бірақ көңіліме онша жақпады. Сол арада өзіме демалыс ала тұрайын деп ниеттендім. Қазір ұсыныстар бар, әйтседе өзім басқа дәрежеде Salem social-дың түсіретін жобалары секілді фильмдер ге түсу ойда бар.
Сіз жұмыс жасайтын Ғ. Мүсірепов атындағы театрдан басқа қандай шығармашылық жұмыстармен айналысасыз? — Дәл қазіргі уақытта той саласында жұмыс жасаймын, одан бөлек өзіміздің жоспарлап жатқан жобаларымыз бар. Өнерге қатысы жоқ, өзге де істермен және жүргізушілікпен айналысамын.

Балаларға арналған рөл ұнайды ма әлде үлкендерге арналған классикалық рөл ма? —Көрерменнің оңайы жоқ. Сахнада ой салатын дүние жасағаннан кейін, әр жастағы адамдар келеді. Иә, кішкентай балалардың көңілін аулау үлкендерге қарағанда қиынырақ. Өйткені бір сағат көлеміндегі қойылымда баланы жалықтырып алмау керек, оны бір жерде жалықтырып алсаң болды, қарамай кетеді. Ал жалпы қандай да көрермен болмасын көңілінен шығу оңайға соқпайды. Әсіресе өз аяғымен, өз қалауымен билет алып келген адамға жақсы нәрсе ұсыну міндетіміз. Өнер адамы болудың бір қиыны, дәл қазіргі сәтте өміріңде не болып жатыр, қуаныш па қайғы ма маңызды емес. Көрермен кітаптан оқыған кейіпкерлерін көруге келеді. Жеке бастағы дүниенің барлығын ысырып қойып, күлу керек болса күлуге, жылау керек болса жылауға тура келеді. Біздің театрда да түрлі жайттар болған, актрисаларымыздың жақындары қайтыс болып кешке комедия ойнаған жағдайлар аз емес.
Қойылымда тек мәтін бойынша жұмыс жасайсыз ба, әлде импровизация да қосасызба? — Мен ондай болған жоқ. Театрда көп істеген жоқпын, оның үстіне академия түскеннен кейін мамандыққа деген адалдықты, махаббатты сіңірген соң, мәтінді жаттап шығу ол үлкен міндет. Әзірше ондай болған жоқ. Дегенмен кей жағдайда бір актердің орынын басу үшін 40 минут қалғанда шығарып жүрген кез болған, сонда репликаны дұрыс жеткізби түр бермей тұра бергенмін. — Өнер саласына келуге кім себепші немесе өз қалауыңызбен келдіңіз бе? — Біздің әулеттен өнерде жүрген ешкім жоқ. Мен кішкентай кезімнен бастап бұзықтау бала болдым, өзінің бір ойы бар, жыбырлап қалған, ноқтаға басы сыймайтын. Мектеп оқып жүрген кезімде КВН ойнадым, Отаншыл деген ұйымдар да жүрдім, содан ұстазым көріп қалып драма ұйымын ашамын, саған рөл бар деп шақырды. Басында не ойнап жүргенімді білмей мәтінді жаттап алып жүрдім. Ең алғаш “Еңлік Кебек” қойылымын қойдық. Солай апайым маған актерлік шеберлік мамандығына бар деп кеңес берді. Өнер академиясы бар соған түс деп бағыт көрсетті. Содан қасымда Сүйінбай деген досым бар, академияның ішіне кіріп бір қадам аттадым да қызыл кілем, операторлар, актерлар, бишілер, дәстүрлі әншілер түрлі өнер иелері мен камераны көргеннен кейін басқа әлемге түскендей болдым. Сосын өзіме мақсат қойдым, ҰБТ ға жақсылап дайындалып, шығармашылық емтихан тапсырып, мемлекеттік грантка 2009 жылы түстім.
Кино саласында жүріп танымал болған сәттерде жұлдыз ауруы деген сізде болды ма? — Оқып жүріп біз ауқымды киноға түстік, Академия да барлығының назары бізде болды, ең алғашқы болып фильмге түскенсон сәл даңдайсып кеттік. Сол кезде ұстазымыз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, қазір Мұхтар Әуезов театрының актрисасы Машурова Рахилям Абдрахманқызы айтты, балам бір киноға түсіп жұлдыз болдыңба деді. Апайымыз бізді бір сындырып қайтадан құрастырды. Бұл нәрсенің біздің мамандығымыз екенін түсіндіріп, бағытымызды айқындап берді.
Алдағы уақытқа жоспарыңыз, көрермендерге қандай рөлдерді ұсынасыз? — Болашаққа жоспар көп. Тек өнер саласына ғана бет бұра бермей басқасына да жоспар құрудамын. Қазір сүйікті ісімізбен айналысып жүрміз дегенмен де тек бір саламен ғана шектелмей басқаны да алып жүру керек деп ойлаймын. Қазір қойылымдар көп алынып жатыр. «Мұқағалиға Муза» сосын театрымыздың көркемдік жетекшісі Фархат Молдағалиев Чеховтың “Три сестры” деген қойылымын алып жатыр. Ол жақтанда рөл берген деседе әлі нақты емес. Негізі өнер деген сала тек бабың, денсаулығын, танымалдылығың, білімің бар кезде ғана керек етеді. Сондықтан өмір сүріп те үлгеру қажет
Сұхбаттасқан: Анель САЛМАН
