Автор: qaztimes

Павлодар облысындағы тұрғындар арасында бруцеллез ауруын жұқтыру жайттары азаймай тұр. Жыл басынан бруцеллез дертін жұқтырудың 32 дерегі тіркелген. Мамандардың сөзінше, облыста аса қауіпті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан сырттан аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінген жағдайлары тіркелген жоқ. — Жылдың алғашқы 9 айында облыста бруцеллез жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 4,2 жағдайды құрап отыр. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 33 жағдай тіркелген. Бруцеллез ауруынан сақтану үшін мал басын жүйелі түрде тексеріп, вакцинациялау жүргізген жөн. Ауру мал анықталса оқшаулап, оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Дұрыс қайнатылмаған, қуырылған етті, шикі сүтті, өңделмеген сүзбелер мен…

Read More

Астана қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің ескертуінен кейін елорда әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаны көтеруден бас тартты. «Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады», — деп хабарлады ведомство. Бұған дейін әуежайдың ресми Instagram парақшасында ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жарияланған болатын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ескертуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаның көтерілуіне жол бермеу шараларын қабылдады.

Read More

Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Полиция полковнигі жедел қызмет бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді. «Арман Арун-Рашидұлының ішкі істер органдарында 28 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жедел қызмет саласында әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды», — делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Ұлықбек Мылтықов Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ұлықбек Тұрғынұлының ішкі істер органдарында 28 жыл еңбек өтілі бар. Бүгінге дейін…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды. Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Read More

Толассыз жауған нөсер жауыннан Сахара шөлінің бір бөлігін су басқан, деп хабарлайды Associated Press.  Марокко үкіметінің хабарлауынша, қыркүйектегі екі күн толасыз жауған жаңбырдың мөлшері жылдық жауын-шашын деңгейінен асып кеткен. NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған. «Осындай қысқа мерзімде жауын-шашынның осыншама көп жауғанын көргенімізге 30-50 жыл болды», — деді Марокко Метеорология басқармасының қызметкері Хуссин Юабеб. Метеорологтар сыртқы тропикалық дауыл деп атайтын мұндай жаңбыр алдағы айлар мен жылдарда аймақтың ауа райын өзгертуі мүмкін. Бір айта кетерлігі, жауын-шашын Марокко мен Алжирдегі 20-дан астам адамның өмірін қиып, шаруашылық жерлерге зақым келтірген. Rare rainfall caused flooding…

Read More

Абай облысында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлердің 90 пайызына жылу берілді. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Семейде жылу беру маусымы 1 қазанда басталды. «Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар толықтай жылуға қосылды. Ал облыс бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған түрғын үйлердің 90 пайызына жылу берілді. Бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Барлық қоймаларда көмір қорын күн сайын толықтыру жалғасуда», — делінген ақпаратта. Өңірдің теміржол тұйықтарында 12,5 мың тонна көмір бар. Атап айтқанда, Семейде – 10 мың тонна, Курчатовта – 0,5 мың тонна, Аягөз ауданында – 1 мың…

Read More

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 490,84 теңге. Ұлттық банктің 10 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 489,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 536,21. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494 теңге. Еуро 535 — 539,5 теңге аралығында саудалануда. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып,…

Read More

АСТАНА. KAZINFORM — Шағын құрамдағы келіссөзге дейін «Оғызхан» сарайында Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел арасындағы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады. – Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық серіктес. Қазақстан – сіздің еліңізбен энергетика, көлік, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастыққа қатысты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас. Мұның алдағы уақытта да осы бағытта жалғаса беретінін атап өткім келеді. Әлбетте, біз Түрікменстанның халықаралық…

Read More

Семей қаласында өрт шыққан мектептен оқушылар эвакуацияланды. Қаладағы №12 мектептен өрт шыққан. Білім ордасынан барлық оқушы шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасынан мәлім етті. «Өрт сағат 16.40-та шықты. Үшінші қабаттағы информатика және физика кабинеттерінің арасындағы зертханада түтін шығып, өрт дабылы қағылды. Оқушылар сыртқа шығарылып, мектеп әкімшілігі 101 қызметіне хабар берген», — делінген ақпаратта. Сағат 17.14-те ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Read More

Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Заң мен Тәртіп идеологиясы қағидаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайту үшін ішкі саясаттың басым бағыттарына байланысты нақты тапсырмалар берді.

Read More