Семей қаласында өрт шыққан мектептен оқушылар эвакуацияланды.
Қаладағы №12 мектептен өрт шыққан. Білім ордасынан барлық оқушы шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасынан мәлім етті.
«Өрт сағат 16.40-та шықты. Үшінші қабаттағы информатика және физика кабинеттерінің арасындағы зертханада түтін шығып, өрт дабылы қағылды. Оқушылар сыртқа шығарылып, мектеп әкімшілігі 101 қызметіне хабар берген», — делінген ақпаратта.
Сағат 17.14-те ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ.