Толассыз жауған нөсер жауыннан Сахара шөлінің бір бөлігін су басқан, деп хабарлайды Associated Press.
Марокко үкіметінің хабарлауынша, қыркүйектегі екі күн толасыз жауған жаңбырдың мөлшері жылдық жауын-шашын деңгейінен асып кеткен. NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған.
«Осындай қысқа мерзімде жауын-шашынның осыншама көп жауғанын көргенімізге 30-50 жыл болды», — деді Марокко Метеорология басқармасының қызметкері Хуссин Юабеб.
Метеорологтар сыртқы тропикалық дауыл деп атайтын мұндай жаңбыр алдағы айлар мен жылдарда аймақтың ауа райын өзгертуі мүмкін.
Бір айта кетерлігі, жауын-шашын Марокко мен Алжирдегі 20-дан астам адамның өмірін қиып, шаруашылық жерлерге зақым келтірген.
Rare rainfall caused flooding in the Sahara desert, nourishing some of its most drought-stricken regions with more water than many had seen in decades.
Experts say this could profoundly alter weather forecasts in the future. pic.twitter.com/k6M1WuGfPV
— The Associated Press (@AP) October 8, 2024