Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды.
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Полиция полковнигі жедел қызмет бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді.
«Арман Арун-Рашидұлының ішкі істер органдарында 28 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жедел қызмет саласында әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды», — делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Ұлықбек Мылтықов Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ұлықбек Тұрғынұлының ішкі істер органдарында 28 жыл еңбек өтілі бар. Бүгінге дейін Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.