- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Еуропалық сыртқы әрекет қызметі 1991 жылғы Алматы келісімі негізінде Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау процесінде қол жеткізілген ілгерілеуді, атап айтқанда, 15 мамырда Армения-Әзербайжан шекара комиссияларының 9-шы отырысында қол қойылған хаттаманы құптайды. Соның нәтижесінде шекараның бірнеше учаскесіне қатысты келісімге қол жеткізілген еді. «ЕО тараптарды екіжақты мәселелерді шешу үшін одан әрі шешуші қадамдар жасауға шақырады және Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты және ұзақ бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдауға ниетті», — делінген ЕАЭО мәлімдемесінде. 15 мамырда Әзербайжан мен Арменияның делимитация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиялары Әзербайжанның Газах аумағы мен Арменияның Тавуш аймағындағы елді мекендер арасындағы шекара сызығының учаскелерін сипаттайтын бірлескен хаттама жасады.
Газадағы босқындар паналаған орталық бөлігіндегі лагерге жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа мәлімдеді. Катар телеарнасы «Әл-Жазираның» мәліметінше, Израиль Газа секторының орталық аймағына соққы жасаған. Салдарынан кем дегенде 17 адам ажал құшып, он шақты адам жарақаттанған. Оқиға жексенбі күні түнде болған.
АСТАНА. KAZINFORM – Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылған. «3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына. Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады. Еске сала кетейік, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса…
АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні кешке АҚШ-тың Хьюстон қаласында болған жойқын дауылдан қаза тапқандар саны кемінде жеті адамға жетті, бұл ақпаратты жұма күні Харрис округінің (Техас штаты) шериф басқармасы растады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. Елдің Ұлттық ауа райы қызметінің хабарлауынша, жұма күні Хьюстонның солтүстік-батысында жел жылдамдығы сағатына 100 миль болатын EF-1 торнадосы тіркеліп, ол қала орталығына жетіп, жаппай қирауға әкелген. Хьюстон мэрі Джон Уитмир мен Харрис округінің судьясы Лина Идальго жұмада өткен бірлескен баспасөз мәслихатында қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Аймақты электр қуатымен қамтамасыз ететін CenterPoint Energy компаниясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жұма күні таңертеңгі жағдай бойынша…
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын. Өнім өндіру 61 пайызға артқан. Бұл туралы steppenews.kz сайты хабарлайды. БАҚ өкілдері облыс орталығындағы «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикаға ат басын бұрып, мұндағы тиянақты тірліктерге қанықты. Кәсіпорын 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд. теңгеден асқан. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталуда
Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанған Түркістанның тыныс-тіршілігімен танысқан республикамыздың өзге өңірлерінен келген БАҚ өкілдері қаланың құрылыс алаңдарын да аралады. Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің құрылыс алаңында болды. 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй (56,4 мың ш.м.) құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталды. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланған. 2020 жылы Түркістанда 181,8 мың ш.м. 496 пәтер пайдалануға берілген болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып, 2023 жылы нақты 417,4 мың ш.м 3 933 пәтер ел игілігіне ұсынылды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер…
Ресей ураны 2040 жылға дейін АҚШ-қа ипортталмайтын болды. Фото: kursiv.media АҚШ президенті Джо Байден Ресей уранын АҚШ-қа импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлайды. «2024 жылғы 13 мамыр, дүйсенбіде, Президент Ресей Федерациясында немесе ресейлік кәсіпорын өндірген радиацияланбаған төмен байытылған уранды әкелуге тыйым салатын «Ресей уранының импортына тыйым салу туралы заңға» қол қойды», – делінген хабарламада. Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Байден қол қойған тыйым «азаматтық ядролық энергетика саласындағы Ресейге тәуелділікті» азайту арқылы Америка Құрама Штаттарының «энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін» нығайтуға ықпал ететінін айтады. Негізінде АҚШ-тың Өкілдер палатасы Ресей уранын импорттауға тыйым салатын заң жобасын…
Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы 13 мамырға қалдырылды. 10 мамырда болған сот отырысында алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтар талқыланды. Сұрақтарды талқылау, алқабилердің қатысуынсыз өтті. Олар кеңесу бөлмесіне кетті. Судья Айжан Құлбаева процесті тараптармен бірге жабық түрде өткізді. Кейіннен сот отырысы 13 мамырға қалдырылғаны белгілі болды. 6 мамырда Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе айыпталып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтқан еді.
Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда
Ерлан Қарин Талдықорғандағы авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батырының аты берілгенін мәлімдеді
Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің Талдықорғандағы авиабазасына Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің атын беруге арналған салтанатты іс-шара өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында әйгілі ұшқыштың есімін жұрт жадында жаңғырту үшін авиабазаны оның атымен атауды ұсынған болатын», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин. Сергей Луганский соғыс жылдары 390 рет әуеге көтеріліп, жеке өзі жаудың 37 ұшағын, ал топтық шайқаста 6 ұшақты атып түсірді. Ол әскерге Алматыдан аттанып, запасқа шыққан соң осында қайта оралды. Сондықтан Сергей Луганскийдің есімі берілген авиабаза оның туған қаласының аспанына қорған болады. «Мұның символдық мәні бар. Қазақстанда…