Газадағы босқындар паналаған орталық бөлігіндегі лагерге жасалған шабуылдан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа мәлімдеді.
Катар телеарнасы «Әл-Жазираның» мәліметінше, Израиль Газа секторының орталық аймағына соққы жасаған. Салдарынан кем дегенде 17 адам ажал құшып, он шақты адам жарақаттанған. Оқиға жексенбі күні түнде болған.