Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанған Түркістанның тыныс-тіршілігімен танысқан республикамыздың өзге өңірлерінен келген БАҚ өкілдері қаланың құрылыс алаңдарын да аралады.
Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің құрылыс алаңында болды. 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй (56,4 мың ш.м.) құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталды. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланған.
2020 жылы Түркістанда 181,8 мың ш.м. 496 пәтер пайдалануға берілген болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып, 2023 жылы нақты 417,4 мың ш.м 3 933 пәтер ел игілігіне ұсынылды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер 9 есеге көбейіп, 3 жылда 199 тұрғын үй, 10 767 пәтер пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласында тұрғын үй кезегіне 17 мыңға жуық азамат мұқтаж ретінде тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен кезекте тұрған азаматтарға 684 пәтер беріліп, жалпы 3 жылда кезекте тұрған азаматтарға 1518 пәтер кілті табысталды.