Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы 13 мамырға қалдырылды.
10 мамырда болған сот отырысында алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтар талқыланды. Сұрақтарды талқылау, алқабилердің қатысуынсыз өтті. Олар кеңесу бөлмесіне кетті.
Судья Айжан Құлбаева процесті тараптармен бірге жабық түрде өткізді. Кейіннен сот отырысы 13 мамырға қалдырылғаны белгілі болды.
6 мамырда Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе айыпталып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтқан еді.