- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Ақтөбе қалалық сотында 170-тен астам адамға жұмыс тауып беруге уәде етіп, қызметі үшін 50-700 мың теңге көлемінде ақша алған екі сотталушыға үкім шықты. Олардың бірі 6, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнай компаниясына жұмысқа тұрып, жоғары жалақы алмақ болған адамдар алданып қалды. Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі сотталушыға қатысты іс Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша қаралды. Іс материалына сүйнсек, М және А 2022 — 2023 жылдары аралығында тұрғындарға Атырау облысында орналасқан кен орнына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыратынын айтып, сендіреді. Әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алып, нәтижесінде 172 жәбірленушіден жалпы 40 миллион теңге иемденген. Сотталушының…
Бүгін, 18 шілде танымал актер, өмірден ерте кеткен Сағи Әшімовтың дүние келген күні. Осыдан 63 жыл бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы ӘШІМОВ дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі – «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.
Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Түркияның Синоп қаласында екінші атом электр стансасын салуға өтінімі басқа бәсекелестерінен басым түсті. Еліміздің Энергетика және табиғи ресурстар министрі А.Байрактардың айтуынша, «Росатом» — Түркияға инвестиция салып, атом электр станцияларын салуда біршама тәжірибе жинақтаған компания. Министрдің сөзіне қарағанда, Синоп атом электр станциясы мемлекеттік және жеке сектор арасындағы бірлескен кәсіпорынға айналуы мүмкін және оны лицензиялау шамамен 2-3 жылға созылады. Қазіргі уақытта түрік билігі Қытаймен Фракияда АЭС салу және АҚШ-пен шағын модульдік реакторлар салу туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр. Америкалық Westinghouse Electric Company Түркияда шағын және қарапайым атом реакторларын салуға ниетті екендігі аталып өтті. Түркияның Энергетика министрлігі Оңтүстік Корея мен…
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады ТАСС. — Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, — деп атап өтті ДДСҰ бас директоры. 11 шілдеде Женевада өткен баспасөз мәслихатында Гебрейесус барлық елдерді құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырып, Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарында індеттің соңғы жағдайларына назар аударды. Ол сондай-ақ тәуекел топтарына, атап…
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Баяу жылжитын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады. Республика бойынша желдің күшейюі күтіледі. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. «Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды ведомстводан. Маңғыстау,…
Атырау тұрғыны өзінен 3 жас үлкен жігіттен 1 млн теңге бопсалаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні 100 мың алып жатқан сәтте ұстады. Атырау облысытық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде күдіктінің 1 млн теңге бопсалағанын анықтады. «Күдікті 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. Күдікке ілінген 24 жастағы жігіт жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қыз зорламақ болған күдікті Грузиядан экстрадицияланды. Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. 2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған. Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр.
Ұлттық тестілеу орталығы «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынды. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы — 5%. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған. «Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін талапкер 18 жасқа толмауы керек. Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті болуы керек. Мысалы, талапкердің өзі (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) +…
Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға бүгін, 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған. Күндізгі сағат 11:00 шамасында «Чебурашка» жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған. «Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында жеке меншік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған…
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Ләззат Нұрқожоеваның болашақ күйеуінің қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме жариялады, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі. «Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының болашақ күйеуін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Еске сала кетсек, ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды.Бірақ жас жігіттің басты мақсаты — оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды табу деп айтуға толық негіз бар. Президент Садыр Жапаров кім болмасын, оның заңсыз әрекетін жасырмайтынын атап өткім келеді. Бұрынғы жігіті мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», — деп жазды Алагөзов.