Атырау тұрғыны өзінен 3 жас үлкен жігіттен 1 млн теңге бопсалаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні 100 мың алып жатқан сәтте ұстады.
Атырау облысытық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде күдіктінің 1 млн теңге бопсалағанын анықтады.
«Күдікті 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. Күдікке ілінген 24 жастағы жігіт жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.