Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға бүгін, 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.
Күндізгі сағат 11:00 шамасында «Чебурашка» жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.
«Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында жеке меншік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіледі.