Бүгін, 18 шілде танымал актер, өмірден ерте кеткен Сағи Әшімовтың дүние келген күні.
Осыдан 63 жыл бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы ӘШІМОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген.
Кинодағы ең алғашқы рөлі – «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.