Автор: qaztimes

 Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жедел қызметтер хабарлады. «Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», — деп хабарлады ТАСС ақпарат көзіне. Оның айтуынша, тікұшақты іздеу үшін әуе компаниясының тағы бір ұшағы көтерілген, тағы бір Ми-8 тікұшағы мен жердегі құтқару тобы бағыт бойынша жүруге дайын. «Жоғалған тікұшақ Вачкажец жанартауы – Николаевка ауылы бағытымен жүрді. Қашықтық 25 шақырым», — деп атап өтті жедел қызмет өкілі. Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған. «Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын…

Read More

Мектептердегі орын тапшылығы мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шешілмек. Жаңа оқу жылында 7 мектептегі оқушылар үш ауысымда оқитын болады. Облыс орталығындағы «Достық» шағын ауданының оқушылары биылғы қараша айынан бастап жаңа мектепте оқитын болады. Аумақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 балаға арналған заманға сай білім ұясы пайдалануға беріледі. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталу шегінде. Өңірлік білім беру басқармасының мәліметінше, жаңа ғимарат қаланың аталған бөлігіндегі орын тапшылығын шешеді. Ал мектептің өзі заманға сай оқу жабдықтарымен қамтылады. «Павлодар облысында барлығы 5 жайлы мектеп салынады деген жоспар бар. Бұл мектептердегі орын тапшылығын шешеді деген үміт зор. Қазіргі уақытта облыста шамамен 6 мың орын…

Read More

Камчаткада Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді, деп жазады ТАСС. 30 тамыз күні Камчаткада атқылаған Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесі Вулканология және сейсмология институтының Telegram-каналы да хабарлады. — Жарылыс салдарынан Карым жанартауының күлі теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке көтерілді. Күл шоғыры жанартаудан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымға созылған, делінген хабарламада. Авиация үшін қауіпті қызыл түс коды белгіленді. Жанартау белсенділігі жергілікті және халықаралық әуе қатынасына қауіп төндіреді. Жанартау Камчатканың шығыс жанартау аймағының орталық бөлігінде, Петропавл-Камчатскийден 115 шақырым жерде орналасқан.

Read More

Әлеуметтік желілерде таралған Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. «Жалған ақпарат көрсетілген жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін мәлімдейді. Маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» деп жазады ведомство…

Read More

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Ордабасы ауданында жіп пен шеге арқылы сәндік кескіндемелер жасайтын ерекше ұстаз тұрады. Айрықша өнерімен көпшілікті тәнтті етіп жүрген Айнұр Сапарқызы Шұбарсу ауылындағы Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ береді. Өнерлі ұстазға керегі кәдуелгі кішкентай шеге мен жіп. Алғашқы кезекте жиһаз жасайтын ағашқа карандашпен сурет салып алады да, оның үстіне шеге қағады. Кейін қатты қара түсті жіппен шегелерді байлап, байланыстырады. Нәтижесінде керемет кескіндеме шығады. Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан Айнұр Сапарқызының бұл өнерді қолға алғанына көп бола қоймаған. Тың жоба туралы интернеттен көрген. Содан көп ізденген. Алғашқыда қарапайым заттарды жасап көрген. Сәтті шыққан жобалары…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. «Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі. Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталды, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалды. Құқық қорғау институттарының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтерілді. Сондай-ақ Конституциялық Сот құрылды. Бұл мекеме қазір елімізде заң үстемдігін орнықтыруға барынша ықпал етіп отыр. Конституцияның әділ әрі берекелі…

Read More

Бүгін, 30 тамызда Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күні. Ата заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету үшін былтыр Конституциялық сот іске қосылғаны белгілі. Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова Kazinform тілшісіне берген сұхбатында аталған институттың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы айтты. Қазақстандықтар тарапынан жиі түсетін өтініштерге тоқталып, мемлекеттік органдардың Конституциялық соттың шешімдерін қалай орындап жатқанына баға берді. Сондай-ақ, жалғызбасты ер адамдарға бала асырап алуға рұқсат беру, мектептердегі дін бостандығы және Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу сияқты өзекті мәселелер қозғалды. — 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қосымша құрал ұсынған тікелей конституциялық шағым институты өз…

Read More

Telegram сервисінің негізін қалаушы Павел Дуров бірнеше құқықбұзушылық жасағаны үшін, соның ішінде ұйымдасқан топтың заңсыз транзакцияларын жасауға мүмкіндік беретін онлайн платформаны басқарғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сәрсенбі күні Павел Дуровқа ұйымдасқан топтың заңсыз транзакция жүзеге асыру мақсатында Telegram-ды әкімшіліндеруге қатысы бар деген айып тағылды. Оған барлығы алты қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Айыптар жиынтығы бойынша кәсіпкер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. П.Дуров соттың қадағалауымен босатылды. Дегенмен, оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынып, кепіл ретінде 5 млн еуро төлеуі керек. Париж соты оны аптасына екі рет полиция бөлімшесіне келуге міндеттеді. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Павел Дуров…

Read More

 Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі толығымен орындалып жатқанын атап өтті. – Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде). 1 млн 700 мың мектеп оқушысын, сондай-ақ бала-бақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды. Оған бюджеттен 179 млрд теңге бөлінді. Биыл 1-сыныпқа 352 мың бала барады. Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 302 мектептің…

Read More

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады. Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Read More