Мектептердегі орын тапшылығы мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шешілмек. Жаңа оқу жылында 7 мектептегі оқушылар үш ауысымда оқитын болады.
Облыс орталығындағы «Достық» шағын ауданының оқушылары биылғы қараша айынан бастап жаңа мектепте оқитын болады. Аумақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 балаға арналған заманға сай білім ұясы пайдалануға беріледі. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталу шегінде.
Өңірлік білім беру басқармасының мәліметінше, жаңа ғимарат қаланың аталған бөлігіндегі орын тапшылығын шешеді. Ал мектептің өзі заманға сай оқу жабдықтарымен қамтылады.
«Павлодар облысында барлығы 5 жайлы мектеп салынады деген жоспар бар. Бұл мектептердегі орын тапшылығын шешеді деген үміт зор. Қазіргі уақытта облыста шамамен 6 мың орын тапшылығы бар. 7 мектептегі оқушылар үш ауысымда оқып жатыр», — деп мәлімдеді басқармадан.