Камчаткада Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді, деп жазады ТАСС.
30 тамыз күні Камчаткада атқылаған Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесі Вулканология және сейсмология институтының Telegram-каналы да хабарлады.
— Жарылыс салдарынан Карым жанартауының күлі теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке көтерілді. Күл шоғыры жанартаудан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымға созылған, делінген хабарламада.
Авиация үшін қауіпті қызыл түс коды белгіленді. Жанартау белсенділігі жергілікті және халықаралық әуе қатынасына қауіп төндіреді.
Жанартау Камчатканың шығыс жанартау аймағының орталық бөлігінде, Петропавл-Камчатскийден 115 шақырым жерде орналасқан.