Автор: qaztimes

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы шаруашылықтардың бірінен 7,6 млн теңгенің гербициді ұрланды. Серіктестік басшысы препараттың ұрланғандығын полицейлер күдіктіні ұстаған кезде ғана білген. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратпен жұмыс істеудің арқасында күдіктілерді анықтап, ұстаған. Фото: СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі Тамыз айында Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары облыс прокуратурасымен және 6637 әскери бөлімі «Б» тобының қызметкерлерімен бірге 29 жастағы петропавлдық басқарған Toyota Prado автокөлігін тоқтатады. Автокөліктен жалпы көлемі 200 литр болатын 40 канистр гербицид табылды. «Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия препарат табылды, ал Петропавлдағы жалға алынған автотіркемеден біздің қызметкерлер ұрланған гербицидті құю…

Read More

Жыл басынан қазірге дейін жалпы аумағы 72,9 мың гектар болатын, 257 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алматы облысы әкімдігі жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, өңірде пайдаланылмай жатқан жерлердің жалпы алаңы 345,1 мың гектар. «Жыл басынан қазірге дейін мемлекет меншігіне 72,9 мың гектар қайтарылды. Оның ішінде 41,6 мың гектар алқап меншік иелерінің өз еркімен қайтарылса, 31,3 мың гектар сот шешімімен заңсыз деп танылып, үлгілік жалдау шарттарының күші жойылды. Жыл соңына дейін облыс бойынша жалпы алаңы 70 мың га болатын жерді қайтару жоспарда», — деп хабарлады Алматы обылсы әкімінің баспасөз қызметі.

Read More

Банктердің қазіргі несие саясаты — экономиканы дамыту емес, тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу. Мұндай пікірді экономист Бауыржан Ысқақов айтты. «Президенттің осы жолғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсыруы — өте орынды бастама. Өйткені, дәл қазіргі банктердің несие саясаты, несие қоржынының құрылымы экономиканы дамытуға емес, тұтынушылық несиені неғұрлым көп беру арқылы табыс табуға бағытталғанын ашық айтуға негіз бар. Сол үшін жалпы әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, банктер туралы арнаулы заң қабылдануы қажет. Экономикаға қандай банктік өнім тиімділік, табыс әкелсе, соның бәрін қолдауымыз керек», — дейді экономист. Осы орайда сарапшы қаржы жүйесінде исламдық қаржыландыру деген жақсы бағыттың бар екендігіне назар аудартты. Фото: Бауыржан…

Read More

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қару-жарақ пен әскери техниканы саудасынан бюджетке қалай 1,1 млрд теңге кіріс түскенін түсіндірді. Қаржы министрлігінің 2024 жылдың 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есебінде қару-жарақ пен әскери техника сатудан бюджетке 1 млрд 97 млн 709 мың теңге түскені айтылған. Ал елімізде 2025 жылға дейін қару жарақ пен әскери техника сатуға шектеу қойылған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталмыш шектеу тұрған кезде қару-жарақ пен әскери техника қайда сатылғанын түсіндірді. «ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысына сәйкес «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери…

Read More

Орал қаласында полиция қызметкерлері жол ережесін үш күн ішінде 39 рет бұзған жүргізушіні ұстады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс аумағында жол ережесін бұзушылықты анықтау мақсатында «SuncarSmartQorgau» жүйесі кеңінен қолданылады. «Аталмыш жүйенің көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, қолға түсті. Ол қала аумағында үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай еместігі және өзге де жол ережесін бұзу фактілері белгілі болды», деп хабарлады ведомстводан.

Read More

Қытайдың шығысында мектеп қақпасы жанында болған жол-көлік оқиғасынан кемінде 10 бала жапа шекті, деп хабарлайды Xinhua ақпарат агенттігі. Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы Тайань қаласында орта мектептің жанында автобус жол апатына ұшырауы салдарынан 10-нан астам бала зардап шеккен (қаза болғандары бар, бірақ саны нақтыланбаған). Оқиға сейсенбі күні таңғы сағат 07:00-де Тайань қаласындағы жергілікті мектептердің бірінің жанында болған. Оқушылар мінген жалдамалы автобус жол жиегімен мектепке бара жатқан балаларды кенеттен таптап өткен. Күрделі жол апаты салдарынан оннан астам бала зардап шекті. Агенттік әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет берген жоқ. Оқиғаның себептері нақтыланып жатыр.

Read More

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Моңғолияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Моңғолияның  МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі. «Буянт-Ухаа» халықаралық әуежайында Ресей Федерациясының Президенті мен онымен бірге келген делегацияны Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг, Ресей Федерациясының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Евсиков және басқа ресми тұлғалар күтіп алды. Сапар барысында президент Ухнаагийн Хурэлсух пен президент Владимир Путин ресми келіссөздер жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасады, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысады. Ресми келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекет басшысы БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізеді. 2019 жылы Моңғолия мен Ресей Федерациясы…

Read More

 Қарағанды қаласында 6 көлік бірден жол апатына ұшырады. Қарағанды облысы полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде 6 автокөлік бір-біріне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан сол жерде бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді. «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада. Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Read More

Венесуэла президенті Николас Мадуро пайдаланған Dassault Falcon 900EX ұшағы АҚШ-тан «заңсыз шығарылғаны» анықталып, Доминикан Республикасында тәркіленді, деп хабарлайды «Америка дауысы». Енді ол санкцияларды бұзғаны үшін АҚШ билігінің өтініші бойынша Флоридаға жеткізіледі. АҚШ-тың Сауда министрлігі ұшақтың санкциялар мен экспорт заңдарын бұзып, заңсыз түрде сатып алынғанын және АҚШ-тан жасырын шығарылғанын мәлімдейді. Министрдің Экспорт ережелерін сақтау жөніндегі көмекшісі Мэттью Аксельрод АҚШ-та уәкілетті шенеуніктерге заңсыз сатып алынған кез келген ұшақ анықталып, қайтарылатынын атап өтті. Сан-Маринода тіркелген ұшақты Мадуро Гайана мен Кубаға сапар шегу үшін пайдаланған, сонымен қатар оған мініп Кариб теңізінде тұтқындар алмасуға қатысқан. Бас прокурор Меррик Гарландтың атап өтуінше, ұшақ Мадуро мен оның…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында туристік әлеуеті зор шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту туралы нақты тапсырмалар берді. «Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет. Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек. Ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтау маңызды екенін ескертті.…

Read More