Қарағанды қаласында 6 көлік бірден жол апатына ұшырады.
Қарағанды облысы полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде 6 автокөлік бір-біріне соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан сол жерде бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.