Жыл басынан қазірге дейін жалпы аумағы 72,9 мың гектар болатын, 257 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алматы облысы әкімдігі жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.
Жалпы, өңірде пайдаланылмай жатқан жерлердің жалпы алаңы 345,1 мың гектар.
«Жыл басынан қазірге дейін мемлекет меншігіне 72,9 мың гектар қайтарылды. Оның ішінде 41,6 мың гектар алқап меншік иелерінің өз еркімен қайтарылса, 31,3 мың гектар сот шешімімен заңсыз деп танылып, үлгілік жалдау шарттарының күші жойылды. Жыл соңына дейін облыс бойынша жалпы алаңы 70 мың га болатын жерді қайтару жоспарда», — деп хабарлады Алматы обылсы әкімінің баспасөз қызметі.