- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа айып тағылған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. «Аталған қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру амалдары аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп қысқа қайырды ведомствоның ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттік тілшісінің сауалына. Агенттік өкілі экс-министрге қатысты қылмыстық іспен танысу процесі қашан аяқталатынын және істі сотқа жіберу мерзімін нақты атамады. Айта кетсек, жақында Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан экс-министр Марат Бекетаев пен «Болашақ» бас директорының…
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. «Алматы облысының Талғар ауданында болған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер тиісті жазасын алады», — делінген жазбада. Еске салайық, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындады. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үндістан Әскери-әуе күштерінің әуедегі мүмкіндігін тамашалауға арналған авиашоу жоғары температура мен адамдардың көп жиналуына байланысты қайғылы аяқталды. Жергілікті билік адамдардың көптеп ауруханаға түсуі мен өліміне негізгі себепті судың жоқтығымен байланыстырып отыр. Бұл туралы ANI агенттігі жазды. Жексенбіде Тамил Наду штатының Ченнаи қаласындағы Марина-Бич жағажайында Үндістан әуе күштерінің 92 жылдығына арналған әуе шоуын тамашалауға шамамен 15 мың адам жиналды. Авиашоу сағат 11.00-де басталып, 13.00-ге дейін жалғасқан. Полицейлердің айтуынша, адамдардың тұншығып, есін жоғалтуына шоуды тамашалауға келген халықтың көптігі және ұйымдастыру жұмыстарының төмен болуы бірден-бір себеп болған. – Қатты ыстықтан, адамның көптігінен ауа жетпей әлсіреген 10 адам есінен танып қалған. Оларға мемлекеттік мекемеде көмек…
Атырауда 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіргені анықталды. Кейін ол өзіне қол салған. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. «Қазір адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген. Кейін өз-өзіне қол салған. Қазір аталған оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Әзірге 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіруіне, өзіне қол салуға не себеп болғаны белгісіз. Еске сала кетелік, бұдан 2 жыл бұрын Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті қамауға…
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа — 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды. Биыл майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн…
Бүгін, яғни 7 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? 73 жыл бұрын (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді. Фото: kazpravda.kz Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар, халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз»,…
Өрт Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кеткен. Қазіргі уақытта 18 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Белгілі болғандай, Қарағанды жақтан келген өрт Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағына кірген. Қатты жел өртті ауыздықтау жұмыстарын қиындату үстінде. — 6 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді. Алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірлік ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы…
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған. Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.
Жексенбі күні Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Шанхай және Гонконгтағы Қазақстанның бас консулдықтарында Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдумға дауыс беру пункттері ашылды. Қытайдың үш қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге ҚХР аумағында тұратын немесе тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.