Атырауда 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіргені анықталды. Кейін ол өзіне қол салған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
«Қазір адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген. Кейін өз-өзіне қол салған. Қазір аталған оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Әзірге 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіруіне, өзіне қол салуға не себеп болғаны белгісіз.
Еске сала кетелік, бұдан 2 жыл бұрын Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті қамауға алынғанын жазған болатынбыз. Ал, былтыр мамыр айында қылмыскер өмір бойына сотталды.