Автор: amirbolat

Қытайдың Цинхай провинциясынан келген бір топ кәсіпкерлер Қазақстанға инвестиция құйып, түрлі сала бойынша кәсіпті дамытуға мүдделі, деп хабарлайды SteppeNews ақпараттық агенттігінің тілшісі. Қытайдың батыс-орталық бөлігіндегі көп ұлтты және салыстырмалы түрде халық аз шоғырланған провинция. Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Синин. Тиісінше бұл өңір тұмса табиғатымен танымал. Одан тыс табиғи байлықтарымен танымал және өндіріс орындары тамақ, дәрі-дәрмек және шөптен жасалатын емдік дүниелерге өте бай. Бұл аймақтың бизнесмендері осымен 2-ші рет Қазақстанға келіп, кәсіпкерлермен байланыс орнатуға талпыныс білдіріп отыр. Бұған дейін Алматы облысы және Алматы қаласына келіп, өз әлеуетін көрсетіп, бизнес салаларын зерттеп кеткен. Қытайлық кәсіпкерлер «Бір белдеу, бір…

Read More

«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты «Екідің» және «Қызыл жұлдыз» елді мекендеріне жөнелтілді, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі. Қостанай өңіріндегі бұл ауылдарды су басып, үйлер қирап, шарасыз қалған халық түгел көшірілген еді. Сондықтан, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының мүшелері жергілікті тұрғындардың жан-айқайын тыңдап, қандай мұқтаждық басым екендігін біліп, жағдайды көзбен көру үшін осы ауылдарға арнайы барған еді. Уақытша паналайтын киіз үй сұраған халықтың тілеуі көп ұзамай орындалды. «Су тасқынының салдарынан тірнектеп жинаған барлық дүние-мүлкінен, малынан айырылған халықтың жағдайы әлі күнге дейін күрделі екендігіне көзіміз жетті. Тұрғындардың көпшілігі паналайтын…

Read More

Белгілі абайтанушы ғалым Омар Жәлел қазақтың даңғаза тойшылдығын сынға алды. Ғалым өзге елдердің той тойлау мәдениетін мысалға алып, апта бойы той тойлаудың қауіпті тенденция екенін айтты, деп хабарлайды SteppeNews порталы Qazaq Airan ютуб арнасына сілтеме жасап. «Ол үнемі тойларда жүру – адамдардың өзі алдауы деп санайды. Ол өте қауіпті тенденция. Мәселе тойды жасау, жасамауда емес, оны қалай  жасауда. Артық қыламын деп, тыртық қылып жатырмыз. Мысалы, Қытайға барыңыз, олар той жасамайды. Өйткені, олар күні-түні кәсіпте. Түркияға барыңыз, той жасамайды. Күні-түні кәсіпте. Тек ең маңыздыларын ғана жасайды. Мысалы, Өзбектер тойды таңғы алтыда жасайды. Олар кәсіптің ыңғайына бағынады. Таң намазынан кейін барлығы тойға…

Read More

Иранның президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза табуына байланысты, елдің билігі Мұхаммед Мұхбардың қолына өтті, деп хабарлайды SteppeNews агенттігі. Иранның Конституциясына орай вице-президент жаңа мемлекет басшысы сайланғанша, президенттің уақытша қызметін атқарады. Иранның Конституциясы бойынша, жаңа президент 50 күннен кем емес уақытта сайланады. Иранның қазіргі вице-президенті Мұхаммед Мұхбар 1955 жылы туған. Ирандық саясаткер рухани көсем имам Хомейнидің (EIKO) бұйрықты орындау бөлімінің басшысы, Сина банкінің басқарма төрағасы және Хузестан провинциясы губернаторының орынбасары болып қызмет атқарған. Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ апатқа ұшырады. Тікұшақ бортында Иран президентімен бірге сол елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Тебриз қаласы…

Read More

Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы Жаскент балабақшасында тәрбиеші балаларды аяусыз ұрған видеосы тараған еді. Ата-аналар бауыр еті баласын тәрбиеші тұншықтырып жатқан бейнежазбаны көрген сұмдық жайттың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz. порталына сілтеме жасаған SteppeNews агенттігі. Бейнежазбаны көргенде балабақшаға қызын беріп жүрген Гүлназ Шаймерденова есінен танып қалған. Ол екі күн бұрын кішкентай қызының денесі көгергенін байқап, бірден бөбекжайға барыпты. Бейнебақылау камерасын тексерген ана жағасын ұстаған. «Шашынан тартып аузына тамақты қинап тығып жатыр. Сосын суын берді де кетіп қалды. Сол жердің бәрін жинап қызымды алып шешіндіріп төсекке лақтыра салды. Қызым жылйды. Одан бәрін оятатын болды деп орнынан тұрды…

Read More

Павлодарда суицид жасаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды SteppeNews тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар колледждерінің бірінде студент қайтыс болды. Жатақханадан студент қыздың денесі табылды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. «ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияда.

Read More

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды, деп хабарлады Steppenews тілшісі. Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС жоғарыда көрсетілген КТС сомасын бюджетке төледі. Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Read More

Фото: ашық дереккөзден Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып, соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді. Әкесі Уәлихан Бишімбаев соттан әділдік шешім күтетінін айтты, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. «Бұл трагедия. Ата-ана ретінде ұлымды уайымдаймын. Қандай жағдай болмасын ол біздің баламыз. Орны толмас қайғы болғанын түсінеміз. Қуандық өз-өзін жазалады, бізді жазалады. Қоғамның басым бөлігі түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. «Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл…

Read More

Маңғыстау облыстық соты Ақтау Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарын өлтірді деп айыпталған бұрынғы прокуратура қызметкерінің үкіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Талғат Дәуітбаев бастапқыда Марат Болаттың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді, мұның арты абайсызда өлімге әкеп соқтырды (ҚК 106-бабы 3-бөлігі) деп айыпталған. Алайда сотта мемлекеттік айыптаушы Талғат Дәуітбаевты ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін (абайссызда өлтіру) кінәлі деп тануды сұрап, айыпты өзгертуді өтінген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, іс апелляциялық шағымда. Сот сотталушының шын жүректен өкінетінін, асырауында үш баланың болуын ескерген, олардың бірі — үшінші топтағы мүгедек. Ауырлататын жағдайлар жоқ деп таныған. 2023 жылдың желтоқсанында жанжал барысында…

Read More

Алматылық хирургтар науқасты ішектің жедел  өтімсіздігінен құтқарды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Орталық қалалық клиникалық   ауруханаға іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу және іштің желденуі шұғыл көрсеткіштермен 2003 жылы туған науқас түсті. Зерттеулер лейкоциттің жоғары деңгейін және қандағы қабыну өзгерісін көрсетті, бұл жедел қабыну жағдайының белгісі. Барлық аспаптық тексеруден кейін хирургтар: сигма тәрізді ішектің 180 градусқа бұрылуы кесірінен туындаған жедел тоқ ішек өтімсіздігі — долихосигма диагнозын қойды. Ауру тарихы науқастың  емделуден бірнеше күн бұрын дефекация және газ шығарудың болмауын көрсетті. Бірден жедел ота жасау қажеттігі айтылып, науқастың өмірін сақтап  қалу қажет болғандықтан анастомозбен сигма тәрізді ішектің лапароскопиялық резекциясын жасау жөнінде шешім қабылданды.…

Read More