Иранның Конституциясына орай вице-президент жаңа мемлекет басшысы сайланғанша, президенттің уақытша қызметін атқарады. Иранның Конституциясы бойынша, жаңа президент 50 күннен кем емес уақытта сайланады.
Иранның қазіргі вице-президенті Мұхаммед Мұхбар 1955 жылы туған. Ирандық саясаткер рухани көсем имам Хомейнидің (EIKO) бұйрықты орындау бөлімінің басшысы, Сина банкінің басқарма төрағасы және Хузестан провинциясы губернаторының орынбасары болып қызмет атқарған.
Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ апатқа ұшырады. Тікұшақ бортында Иран президентімен бірге сол елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Тебриз қаласы мешітінің имамы Сайед Мохаммад-Али аль-Хашем және Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмати болған. Борттағы барлық саясаткерлер қаза тапты.